Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 хАлид ибн уӘлидТІң иСлАМды



Pdf көрінісі
бет64/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

17. хАлид ибн уӘлидТІң иСлАМды 
ҚАбылдАуы
Халид (р.а.): «Хақ тағаланың маған мейірімі түсті, 
көңілімде Исламға деген жылы бір сезім ұшқын атты, 
ой-санам тұнық тартып, көкірек көзім ашылды. Ішім-
нен «Мұхаммедке қарсы барлық жорыққа қатысқан 
екенмін-ау» деп өкіндім. Жорықтан қайтқанда, пай-
дасыз істің соңында жүргенімді, Мұхаммедтің жақын 
арада жеңіске жететінін сезіп жүруші едім... Расулаллаһ 
Худайбияға аттанғанда, мен де мүшріктердің атты ке-
руенімен жолға шықтым. Сахабаларымен бірге оны 
Усфан деген жерде кезіктірдім. Алдына шығып, на-
зарына ілінуге тырыстым. Ол сахабаларына имам бо-
лып, бесін намазын оқытты. Осы сәтті пайдаланып, 
мұсылмандарға шабуылдамақ болдық, алайда бұл ойы-
мыз жүзеге аспады. Мұның біз білмейтін бір сыры бар
ең бастысы қайырлы еді. Ол біздің ойымызды сезген 
болуы керек, сахабаларына екіндіні салаты хауф (қауіп-
қатер төнген кезде оқылатын екі рәкат намаз) түрінде 
оқытты. Бұл көрініс маған алабөтен әсер етті. Ішімнен 
«Бұл адам шынында да қорғауға алынған екен» деп ой-
ладым. Олар бізден алыстап, оң жаққа қарай бұрылды. 
Худайбияда Құрайышпен келісім жасасқанда «Енді не 
қалды дейсің? Қайда барсам болады? Нәжашиге ба-
райын ба? Бірақ ол Мұхаммедке иман келтірді, саха-
балары да соның қасында. Ираклийге барып, дінімді 
тастап христиандықты немесе яһудилікті қабылдасам 
ба екен? Жоқ, әлде Иранға тартып кетсем бе екен? 
Жоқ, өз елімде қалсам ба екен?» деп әрі-сәрі ойланып, 
толғанып жүргенде, Пайғамбар Худайбия жылында 
ниет етіп, бірақ жасай алмаған ұмрасын қаза ету үшін 
Меккеге кірді. Мен ол кезде бой тасалап жүргендіктен, 


149
Аллаһ пен расулына шақыру
Пайғамбардың келгенін де көре алмадым. Бауырым 
Уәлид ибн Уәлид те Аллаһ расулымен бірге Мекке-
ге келіп, мені іздепті, таба алмаған соң, мына хат-
ты қалдырыпты: «Аса рақымды, ерекше мейірімді 
Аллаһтың атымен... Сонша ақылы түзу адам бола тұра, 
Исламнан неліктен қашқақтағаныңды еш түсіне алма-
дым. Ислам секілді дінге кім қарсы шыға алады? Аллаһ 
расулы менен сені сұрады. «Халид қайда?» – деді. Мен: 
«Аллаһ әкелер», – дедім. Сонда Расулаллаһ: «Ондай 
адамның Исламнан шет қалуы таңғаларлық жағдай. 
Батылдығы әрі байсалдығымен мұсылмандардың са-
пында болуы өзі үшін қайырлы болар еді, Халидті 
төбемізге көтеріп құрмет тұтар едік», – деді. Сондықтан 
да, бауырым, уысыңнан шығарып алған көптеген 
мүмкіндіктердің есесін қайтаруың керек».
Халид ибн Уәлид (р.а.) былай дейді: «Бауырымның 
хатын алғаннан кейін ешкімнен қысылмай-қым-
тырылмай еркін жүріп-тұруға мүмкіндік алғанымды 
сездім. Исламға деген қызығушылығым артты. 
Әсіресе, Расулаллаһтың (с.а.с.) мен туралы сұрағаны 
айрықша толқытты. Түсімде шағын, жері құнарсыз ел-
ден ұшы-қиыры көз жетпейтін көкорайға, ондағы елге 
шыққанымды көріп, «Бұл түс өңімде жүзеге асады» деп 
жорыдым. Мәдинаға барған кезде, түсімді Әбу Бәкірге 
айтуға бекіндім. Әбу Бәкір түсімді: «Жасыл-желек-
ке малынған, табиғаты тамылжыған жерге шығуың – 
Аллаһтың сені Исламға тартуының белгісі. Құлан жар-
тас құнарсыз жер – күпірлік» деп жорыды. 
«Аллаһ расулына кіммен бірге барсам екен?» деп 
ойланып жүргенде, Сафуан ибн Умәйяны кездестір-
дім. Оған: «Ей, Әбу Уәхб, жағдайымызды көріп тұрсың 
ба, аз ғана адам қалдық. Мұхаммед арабтарды да, араб 


150
Сахабалар салған сара жол
еместерді де жеңіп жатыр. Барып, иман келтірсек 
қайтеді? Мұхаммедтің абыройы біздің де абыройы-
мыз емес пе?» – дедім. Ол қашқақтап: «Менен басқасы 
серт берсе де, өз басым аттап баспаймын», – деп азар 
да безер болды. Өз-өзіме «Бұл ағасы мен әкесі Бәдірде 
өлген адам ғой», – дедім. Әбу Жәһілдің баласы Икри-
мамен кездесіп, оған да осыларды айттым. Ол да Сафу-
ан секілді басын ала қашты. Оған: «Саған айтқандарым 
арамызда қалсын», – дедім. Ол келісті. Үйіме барып, 
түйеме мініп, қайта жолға шықтым. Жолда Осман ибн 
Талханы жолықтырдым. «Бұл менің досым ғой, ойым-
ды айтсам ба екен?» – деп ойланып тұрдым да, оның 
туыстарының да өлтірілгені есіме түсіп, үндемегенді 
жөн көрдім. Іле «Туыстарына қатысым қанша? Не де 
болса, Османға Ислам дінінің қаншалықты кең қанат 
жайғанын айтайын» деп ойладым да, «Біз бір ше-
лек су құйса атып шығуға дайын інде жатқан түлкі 
сияқтымыз», – деп, екі жолдасыма айтқандарды оған 
да айттым. Осман айтқандарыма ден қойып, бірден 
келісті. Оған: «Мен бүгін жолға шықтым, ары қарай 
кете берсем деп едім», – дедім. 
Екеуміз Йәжуж деген жерде кездесуге келістік. 
Кім бұрын жетсе, сол жерде күтетін болды. Таңсәріде 
Йәжужде жолықтық. Хиддаға барып, ол жерде Амр ибн 
Аспен кездестік. Амр бізден қайда бара жатқанымызды 
сұрады. Біз Исламды қабылдап, Аллаһ елшісі 
Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
иман келтіру үшін жолға 
шыққанымызды айттық. Амр ибн Ас: «Мен де осы ой-
мен жолға шығып едім», – деп тілегімізді құптап, бізге 
ілесті. 
Бәріміз Мәдинаға бірге келдік. Харраның іргесін-
де түйелерімізді шөктірдік. Біздің келгеніміз туралы 


151
Аллаһ пен расулына шақыру
оған дереу хабар жіберілді. Аллаһ елшісі біздің кел-
генімізге қатты қуаныпты. Бір киер киімдерімді киіп, 
Расулаллаһқа бара жатқанымда, алдымнан бауырым 
Уәлид шығып: «Жүгір! Аллаһ расулы сенің келгеніңді 
естіп қатты қуанды, өздеріңді күтіп отыр», – деді. 
Мен шапшаң басып, қасына бардым. Ол маған 
күлімсіреп қарап тұрды. Сәлем бердім. Жылы жүзбен 
сәлемімді алды. Мен: «Куәлік етемін, Аллаһтан басқа 
ғибадатқа лайық тәңір жоқ, сен Аллаһтың расулысың», 
– дедім. Расулаллаһ (с.а.с.): «Кел, сені тура жолға салған 
Аллаһқа мақтау айтамын. Сенің ақылды адам екеніңді 
білетінмін. Әрдайым ақылыңның сені жақсылыққа 
бағыттағанын қаладым», – деді. 
«Уа, Расулаллаһ! Саған қарсы жасалған сол 
жорықтардың барлығында алда жүріп, Хаққа қарсы 
шықтым. Аллаһқа дұға ет, күнәларымды кешірсін», – де-
дім. Расулаллаһ: «Ислам өзінен бұрын істелген барлық 
күнәларды өшіреді», – деді. «Сонда да сіз дұға етіңіз», – 
дедім мен. Өтінішімді жерге тастамай: «Аллаһ тағалам! 
Халид ибн Уәлидтің жамандықтарын, өзгелерді Аллаһ 
жолынан тайдыру үшін жасаған барлық әрекеттерін 
кешіре гөр!» – деп дұға етті...»
146
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет