Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері



бет2/3
Дата06.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#171202
1   2   3
Байланысты:
Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері, Іңкәр
Нөлдік срез 2022 2023 Кіріс бақылауға сараптама жазу беті-2, Идеал газ күй теңдеуі, 11 сынып №2 тжб ЖМБ .docx 2023

Екінші алтын адам


Атыраудың алтын адамы — 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан (Жылыой ауданы) табылған археологиялық ескерткіштің шартты атауы. Ескерткіш алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары болып табылады.
Ахеологиялық олжаны 1999 жылы белгілі архелог Зейнола Самашев тапқан. Б.з.д. III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін «Екінші алтын адам» табылды
6
Аралтөбе қорғанынан табылған Алтын адамның сырт-келбеті 
7
Зерттеу нәтижесінде ер адамның шашы өрілген бұрым болғаны белгілі болды. б.з.д І мыңжылдықта Еуразия аймағында өрілген бұрым тек жоғары дәрежедегі салт аттыларда кездесіп отырған. Көсемнің үстіне мата көйлек кигізілген. Оның жеңдері әртүрлі алтын қаптыпмалар мен тізбелер араластырылып, әшекейленіп кестеленген. Көйлектің сыртынан сауыт кигізілген.
Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын жерге дейін ромб фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Ал сауыттың жеңдері жағасы мен төменгі бөлігі шеңбер тәрізді алтын қаптырмалармен толықтырылған.

Үшінші алтын адам


Шіліктінің алтын адамы – 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шілікті елді мекенінің жанындағы көне қорғандардың бірінен алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегі табылды. Мұны Қазақстандағы үшінші «Алтын адам» деп айтуға болады.
Бұл археологиялық жәдігерді 2003 жылы археолог Әбдеш Төлеубаев тапқан. Осы Шілікті қорғандағы «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың аяғы мен VIIІ ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі. Табылған «Алтын адам» - сақ патшасы.
8
Шілікті қорғанынан табылған Алтын адамның сырт-келбеті
9
Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық саны 4303 данадан тұрады. Олар аңдық стильде құрылған. Патша киімдеріне тағылған алтын жапсырмалардың жасалуы сом алтыннан құйылған әшекей дүниелер, яғни таза құйма алтындар. Олардың ішіндегі ең үлкені – арқардың мүсіні. Осы үшінші Алтын адамның киімі тірі кезінде киген киімі. Ритуалдық киім емес. Бұл алғашқы Алтын адамның киімінен басты айырмашылығы деуге болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет