Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Англиядағы жаппай қой өсіру және шаруалардың жерін қоршау 
саясаты не үшін қажет болды? 
 
2.
Тюдорлардың экономикалық саясаты қандай бағытта жүргізілді?
 
3.
Үкімет неліктен шарбақпен қоршауларға қарсы шықты?
 
4.
Ағылшын реформациясының себебі және мақсаты қандай?
 
5.
Ағылшын абсолютизмінің тірегі?
 
6.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшеліктері қандай?
 
 
§ 4. 
ХVІ ғасыр
– 
ХVІІ ғасырдың басындағы Германия 
 
ХV ғасырдың аяғы – ХVІ ғасырдың басындағы Германияның 
экономикалық дамуы. Экономикалық даму деңгейі бойынша Германия бұл 
кезде тек Нидерландия және Англияға ғана орын берді. Деревнялар мен 
қалаларда әлі феодалдық өндіріс тәсілдері үстем болса да, бірқатар 
өнеркәсіптерде капиталистік қатынас элементтері тарала бастады. Тоқыма, 
металл өңдеу және металлургиялық өндіріске сауда-өсімқорлық капиталы енді. 
Көпес-кәсіпкерлер ұсақ қолөнершілерді қаржыландырды, оларды шикізатпен 
жабдықтап, дайын өнімді жинап алды. Осылайша, шашыраңқы мануфактура 
қалыптасты. Өзінше дербестікті сақтай отыра, ұсақ өндіруші шын мәнінде 
алыпсатарға жұмыс жасады. Бұл жүйе цехтық шектеулерден азат селолық 
мекендерде ерекше таралды. Қолөнершілерді алыпсатарлардың қанауы 
көптеген жерлерде көрініс беріп отырған өндіріс бұйымдарымен есеп 
айырысуымен одан әрі күшейді. Шашыраңқы мануфактурамен қатар 
нақтыланған және орталықтанған мануфактура да пайда болды. Соңғысы 
әсіресе, кеме жасау және тау-кен өнеркәсібінде таралды. 
Тау-кен өнеркәсібінің дамуы бойынша Германия бұл кезде Еуропада 
алдыңғы орынды иеленді. Бұл салада 100 мыңнан аса адам еңбек етті. Металға 
сұраныстың өсуі және кен өндірісінің технологиялық үрдісінің күрделенуі 
(шахталардың тереңдеуі, су айдау және вентиляциялық құрылғылардың 
орнатылуы) елеулі капитал мөлшерін талап етті. Ұсақ өндірушілер ірі 
118 


кәсіпкерлермен бәсекелесе алмады. Тау-кен өңдеуге өз капиталдарының 
жартысын Фуггерлер, Гохштеттерлердің, т.б. сауда-өсімқорлық фирмалары 
салды. Бұл компаниялар сонымен қатар Австрия, Чехия, Венгрияның таулы 
өнеркәсіптеріне де ене бастады. Бұл фирмалардың табыстары қоғамның әртүрлі 
мүшелерін – қолөнершілерді, шаруаларды, жұмысшыларды қанаудың есебінен 
өсті және соған орай жалпы жеккөрушілікті туғызды. Орта бюргерлік сауда 
өсімқорлық капиталдың мөлшерін азайтуды және ірі фирмаларды жоюды талап 
етті.
Германия бұл кезде әлемдік сауда жолдарындағы өзінің жағдайын әлі 
жоғарылатқан жоқ еді. Жоғары германдық қалалардың, соның ішінде, Аугсбург 
және Нюрнбергтің көпестері сыртқы саудадан, сонымен қатар Шығыс елдерінің 
саудасынан ұлан-ғайыр пайда тапты. Рейндік қалаларда жанданған сауда 
байқалды. Бірақ, елдің солтүстігінде ганзейлік қалалардың саудасы кері кете 
бастады. Ганза құлдырай түсті.
Елдегі капиталистік элементтердің дамуы феодалдық шектеулермен 
бұғауланып қалды. Өнеркәсіптік қалалар аграрлы-феодалдық ортамен тығыз 
байланысты сақтап қалды. Бірқатар қалалардың экономикасында ауыл 
шаруашылығы үстем жағдайда қала берді. Франкония және Германияның 
бірқатар аудандарында қала халқы әлі феодалдық тәуелділікте қалды және 
сеньордың пайдасына міндеткерлік өтеді. Қала жері феодалдың меншігі болып 
есептелді. Қала қолөнерінде цехтық жүйе үстемдік етті.
Германияның бірқатар облыстарындағы шаруашылық өрлеулерге 
қарамастан ел аумағындағы экономикалық байланыс әлсіз дамыды. Елде 
бірыңғай шаруашылықтық орталық қалыптасқан жоқ, сондықтан жекелеген 
облыстар неміс базарларынан гөрі, шетелдік базарларға көптеп тартылды. 
Оңтүстік германдық қалалар Италия қалаларымен қызу сауда жүргізді, Ганзей 
одағының саудадағы мүдделері Балтық және Солтүстік теңізде орналасты. 
Тауарлық өндірістің дамуы және капиталдың тууы аграрлық 
қатынастардың дамуы және шаруалардың жағдайына айтарлықтай өзгерістер 
енгізді. Жүн, зығыр және азық-түлік өнеркәсібіне сұраныстың өсуіне 
байланысты қой шаруашылығы, техникалық және азық-түлік дақылдарын 
өндіру кеңейді. Табысын көтеруге тырысқан жердің жеке меншік иелері шаруа 
міндеткерліктерін өсірді және ұстау құқығын нашарлатты, шаруалардан «иелігі 
үшін» жарна талап етіп, қысқа мерзімді ұстауға аударды. Шаруларды шіркеу 
мен князьдардың қанауы да күшейді, деревняға енген өсімқорлық капитал да 
қанады. Жобалап алынған мәліметтер бойынша, шаруа жанұясының үлесіне ол 
өндірген өнімнің 
1
/
3
бөлігі ғана қалды.
Жер иеленушілер бұрынғы шаруа міндеткерлігін өсірді және жаңасын 
ойлап шығарды. Олар шаруаларды ақша төлеуге және натуралды оброктар 
төлеуге мәжбүр етті. Неғұрлым ауыр жағдайда Оңтүстік-Батыс Германияның 
шаруалары болды. Мұнда сеньориалдық реакция ерекше сезілді: барщина өсті, 
жаңа міндеткерліктер енгізілді, шараларға ұсақ құстарды өлтіруге және өзеннен 
балық аулауға тиым салды. 
XVI ғасырдың басындағы Германиядағы саяси ахуал. Англия, Франция 
және Еуропаның бірқатар елдері орталықтанған ұлттық мемлекетке айналып 
119 


жатырса, Германия аумақтық және саяси бытыраңқылықта қала берді. Неміс 
ұлтының «Қасиетті Рим империясы» деген үлкен атаудың астарында 
феодалдық князьдықтардың, империялық рыцарьлардың және Габсбургтер 
әулеті императорларының жоғарғы билігіндегі империялық қалалардың 
бытыраңқы саяси бірлестігі жасалып жатты. Императордың князьдарға билігі 
олардың лендік тәуелділігіне негізделді және таза номиналды сипат алды. Ірі 
князьдықтардың кез-келгені тәрізді император тікелей мұрагерлік иеліктеріне
билік етті.
Ірі феодалдық князьдықтар өзіндік орталықтанған монархияларға 
айналды. Князьдар халықтан салық жинады, жеке әскер мен басқару аппаратын 
ұстады. Өз иеліктерін кеңейту мақсатымен олар кейде әскери қақтығыстарға 
түсті және императорға қарсы соғыс жүргізді. Империялық билік дәстүр 
бойынша Габсбургтер әулетінде қалғанымен, сайланбалы сипат алды. 1519 
жылы І Максимилиан қайтыс болғаннан кейін курфюрлар оның немересі V 
Карлды император сайлады. Ол анасы жағынан Испан корольдігін мұраға 
иеленді. Ұланбайтақ империяны иемдене отыра, (ресми түрде бүкіл Германия, 
Чехия және Венгрияның жартысы енген Австриялық жерлер, Испания, 
Нидерландия, Италияның жартысы және Жаңа Дүниедегі отарлар) V Карл 
Германияға өз иелігінің жартысы есебінде ғана қарады және императорлық 
жағдайын Габсбургтердің әулеттік саясатының әлемдік мүдделеріне 
пайдаланды. Ол Германиядағы императорлық өкіметтің күшейтілуін емес, 
князьдық ұсақ державалықтың нығаюына жағдай жасады. 
Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі. Елдің шаруашылық және саяси 
бытыраңқылығы, экономикасы дамыған және артта қалған нысандардың сәйкес 
келуі, күшейіп келе жатырған феодалдық қанау әлеуметтік қатынастарда 
шектен тыс шиеленісті туғызды. Негізгі әлеуметтік қақтығыс – шаруалардың 
феодалдармен күресімен қатар, туындап келе жатырған буржуазия және 
феодалдық жүйе тұрғысындағы жаңа қоғамдық күштердің арасында да 
қайшылықтар пайда бола бастады. Феодалдар мен қалыптасып жатырған 
буржуазияның арасында да қарама-қайшылық басталды. Үстем таптың 
ортасында саяси күрес күшейді: дүнияи және шіркеу феодалдарының арасында; 
төменгі дворяндар мен князьдардың арасында. 
Шаруалардың сеньоралдық реакцияның күшеюіне қарсы күресі XV 
ғасырдың аяғында одан әрі өрістеді. 1502 жылы Шпейер епископтығында 
жасырын «Башмак» қоғамының бүлігі ұйымдастырылды. Бүліктің 
ұйымдастырушылары басыбайлық құқықты жою, оброктарды азайту және 
шаруаларға шіркеуден тартып алынған жерлерден үлес бөлуді талап етті және 
өздеріне мақсат етіп қойды. Олар халықтық көтерілісті басқаруға дайындалды. 
Бірақ, бүлік ашылып қалды, Иосс Фриц бастаған басшылары қашып үлгерді. 
1513 жылы және 1517 жылы «Башмактың» жаңа көтерілісін ұйымдастыруға 
талпыныс жасалды. Енді оның бағдарламасында әлеуметтік талаптармен қатар 
саяси талаптар да – князьдық көп өкілеттілікті жою және бірыңғай 
орталықтанған империяны құру – болды. Вюртемберг облысында «Кедей 
Конрад» деп аталатын жаңа шаруалар одағы пайда болды. Ол 1514 жылы 
120 


қалалықтармен бірлесіп Вюртемберг қаласында герцог Ульрихпен күрес 
бастады. 
Шаруалардың көтерілісін қала кедейлері қолдады, сонымен қатар кейде 
орта бюргерлер де кездесті. Бірақ, бюргерлер шаруалардың сенімді одақтасы 
бола алмады. Герцог салықты азайтуға келісім берісімен-ақ көтеріліс қатарын 
тастап кетті. 
Қалалықтар князьдардың – епископтар мен дүнияи магнаттардың 
қысымына қарсы күресті. Олардың бой көрсетулерін сауда-өсімқорлық жоғары 
топ басқарды; соңғысының ортасында капиталистік элементтер туындады. Қала 
халқының ішінде қаналушы және қанаушы бұқараның қақтығысы одан әрі 
шиеленісті. Қаланың плебейлік бұқарасы шаруалардың неғұрлым сенімді 
одақтасы болды. 
XVІ ғасырда Германияда рыцарлар қанаушы таптың тарихи шеттетілген 
тобы болды. Олар елдің шаруашылық өмірінен де, мемлекеттік және әскери 
ұйымдардан да өз орындарын таба алмады. 
Неміс гуманизмі. Реформация үшін күрестің басталуы. XVI ғасырдың бас 
кезіне таман Орталық және Батыс Еуропада күрделі және әртүрлі тармақты 
жүйесі бар халықаралық ықпалды күшке айналған католиктік шіркеудің 
материалдық және саяси талаптары өсіп кетті. Бұл талаптардың қойылуына 
католиктік шіркеудің орта ғасырда бүкіл феодалдық құрылыстың идеологиялық 
тірегіне айналуы негіз болды: «құдай құдіреті» деп аталды. Елде осыған қарсы 
шіркеу режимін жасау, яғни реформациялық қозғалыс басталды. 
Реформациялық діндегі қоғамдық өрлеуді идеологиялық жағынан 
даярлауда гуманистік қозғалыс маңызды болды. Неміс қалаларында туындап 
келе жатырған капиталистік қатынастар жаңа идеологияның пайда болуына, 
өрістеп дамуына қолайлы жағдай жасады. XVІ ғасырдың орта шеніне таман жас 
магистрлар мен неміс университеттері тыңдаушыларының және соларға жақын 
тұрған әдебиетшілердің, кезбе ақындардың, халықтың әртүрлі тобынан шыққан 
білімді адамдардың арасында италияндық гуманистердің үлгілері бойынша 
антика заманы авторларының шығармаларын оқып үйренетін үйірмелер пайда 
бола бастады. Олар университеттерде оқыған сабақтарында сол кезде басым 
болған шіркеудің ілімі мен схолостикалық бағыттарға қарсы күрес жүргізуге 
кірісті. Ой-пікірдің жаңа бағыты тәжірибелік ғылымның дін ілімінен іргесін 
алшақтатуды жақтады. XVІ ғасырдың екінші жартысынан бастап неміс 
гуманистері Рудольф Агрикола (1444 – 1485 ж.ж.), Яков Вимпфелин (1450 – 
1528 
ж.ж.), ақын-гуманист Конрад Цельтив (1459 – 1508 ж.ж.) ғылыми білімді, 
адамгершілік сапаларды насихаттады. 
XVІ ғасырдың бас кезіндегі неміс гуманистерінің ішінен «Германияның 
қос шырағы» атанған Эразм Роттердамский мен Иоганн Рейхлин үлкен беделге 
ие болды. Э.Роттердамский (1469 – 1536 ж.ж.) Голландиядан шыққан, жастық 
шағын монастырьда өткізіп, 1493 жылы одан шығады. Нидерланды, Франция, 
Англия, Италия және Германияда әртүрлі қалаларда тұрған кездерінде италиян 
гуманизмінің шығуымен танысады. XVІ ғасырдағы сатиралық әдебиетте 1509 
жылы жарық көрген «Есерсоқты мадақтаған сөз», 1518 жылы «Үйдегі 
әңгімелер» жарық көрді. Эразм билеушілер мен әскери топтардың мүдделерін 
121 


көздеп жүргізіп, халыққа ауыртпалық әкелген өз заманындағы соғыстарды 
қатты сынады. Бірақ, Эразм қоғамдағы барлық кеселдердің шығу себептерін 
мемлекеттің парасатты және әділетті негізде ұйымдастыруға қабілетті 
билеушілердің жоқтығынан көрді. Діншілдік-шіркеулік көзқарастың 
принциптерін сақтауға тырысты, христиандық дінге рационалдық негіздер 
беруді талап етіп, реформациялық төңкерістерге қарсы болды. 
Германиядағы гуманистік мәдениеттің екінші қайраткері – Иоганн 
Рейхлин (1455 – 1522 ж.ж.) христиандық моральды германдықтармен 
ымыраласуға, христиан діні құдайшылық пен адамзат арасындағы байланысты 
орнатады дегенді дәлелдеуге тырысты. Жер бетіндегі өмірдің маңыздылығын 
мойындайтындығын және дінге бой ұрушылықты адамның нақ өзінен 
табатындығын көрсетеді. Христиандықтың мәнін шынайы тұрғыда түсіну 
керектігін сипаттады. Ол өз өмірінің ақырына дейін реформацияға қарсы 
болды.
XVІ ғасырдың алғашқы он жылдығының аяқталар кезінде Рейхлинге 
кельндік теологтармен күрес жүргізуге тура келеді. Сол кездегі Германияның 
алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері, өздерін «рейхлиншілдерміз» деп жариялап, 
жас гуманистер Рейхлинді жақтап шығады. Күрес тақырыбы «Рейхлиннің ісі» 
деп аталды. Оның басталуы 1509 жылға, яғни, Кельн теологтарының айтуы 
бойынша еврейлердің христиан діні дұшпандары болып табылатын дін
кітаптарын жоюды қолға алынған кезеңге жатады. Бұған төреші ретінде 
шақырылған Рейхлин еврейлердің кітаптарын түгел жоюға қарсы шығады және 
бұл кітаптардың біразы христиандықты зерттеу үшін бағалы деп санады. 
Көрнекті гуманистер Ульрих фон Гуттен, Крот Рубиан және Эобан Гесс 1515 
жылы «Күдікті адамдардың хаттары» деп аталатын сатиралық жинағын 
жариялады. Онда кельндік теологтардың мәдениетсіздігі, адамгершіліктерінің 
аздығын көрсетті. Авторлардың бірі эрфурттік үйірменің көрнекті мүшесі 
Ульрих фон Гуттен (14880 – 1523 ж.ж.) – рыцарь жанұясында дүниеге келді. 
Монастырь тәрбиесінен 16 жасында қашып кетеді. Әкесі үйіне келтірмей, кезбе 
ақынның күйін кешеді. 1513 жылы Италияға барып қайтқаннан кейін Гуттен 
Римге қарсы әдеби күресін бастап, папа ІІ Юлийдің іс-әрекетін сынға алады. 
Германияның бірқатар жерлеріндегі экономикалық және саяси 
жағдайдың даму ерекшеліктері, XVІ ғасырдың басындағы экономикалық және 
әлеуметтік дамудағы үрдістер Реформацияның өрлеуіне алып келді.
1517 жылы М.Лютердің (қазан айында) 95 тезиспен күнәні кешіретін 
грамоталарға қарсы шығуы реформациялық қозғалыстың басталуы болды. 
М.Лютер (1483 – 1546 ж.ж.) – сол кездегі ең ірі мыс өнеркәсібі 
орталықтарының бірі – Эйслебене қаласында (Саксония) туды. Әкесі мыс 
рудасын өндіріп, ерітетін жерлердің бай иелерінің бірі болды. Католиктік 
шіркеу іліміне қарамастан Лютер шіркеу мен дін – адам мен құдай арасындағы 
дәнекер болып табылмайды дегенді жақтады. Ұстанған негізгі қағидасы, адам 
өз жанының тазалығына шіркеу немесе оның салт-жоралары арқылы емес, 
құдай өзі тікелей дарытқан «нанымның» көмегі арқылы жетеді деген мәлімдеме 
жасады. Лютердің реформациялық ілімінде неміс бюргерлерінің таптық 
шектеушілігі айқын аңғарылды. Оның пікірінше, шіркеу мен дін иелерінің 
122 


міндеттері тек Қасиетті кітаптың мәтіндерін ғана түсіндіріп, христианды 
«нанымға» жеткізуге тиіс болды. Лютер Германияның билеуші князьдары мен 
феодалдарын Реформацияның қажетті тірегі деп санады. 
Реформацияның жалпы лагерінің ыдырай бастауының айқын белгісі – 
оның халықтық бағытының қалыптасуы. Ол әлеуметтік төңкеріс жасауды 
міндет етті. Басшысы – Томас Мюнцер. Мюнцердің ертеректегі өмірбаяны 
белгісіз. Тарихи сахнаға Реформацияның алғашқы жылында Лютерді 
жақтаушылардың бірі ретінде шықты. 1520 жылы Лютердің ұсынысымен 
Саксония қаласында Цвиккауға дін қызметкері болып келген Мюнцер 
лютерандармен бірігіп, францисканшілдерге қарсы күресте батылдық көрсетті. 
Сонымен қатар көмекші шеберлер мен халықтың кедей топтарын өз жағына 
тартты.
Мюнцердің ұғындыруынша, Реформацияның басты міндеттері – 
шіркеудің жаңа догмаларын немесе діншілдіктің жаңа бір нысанын орнату 
емес, қайта шаруалар мен қала кедейлері бұқарасының таяуда жасамақшы 
әлеуметтік-саяси төңкерісін жариялау болды. Мюнцер «Құдай сөзінің» беделіне 
сүйенді. Мюнцердің пікірінше, нағыз құдай сөзі – адамның аузындағы сөз.
Халықты 
қанауға 
қарсы 
шыға 
отырып, 
Мюнцер 
таптық 
айырмашылықтары мен меншік жоқ, сондай-ақ қоғам мүшелеріне тәуелсіз, 
оларға жат мемлекеттік өкіметі болмайтын қоғамдық құрылысты уағыздады. 
Бірақ болашақ қоғамның мазмұны туралы ұғымы тек қиялдауға негізделді. 
Шаруалардың шаруашылық жүйесіндегі мұң-мұқтаждықтарына көмектесіп, 
шаруалардың жүргізген антифеодалдық күресін қолдап отырды.
Германиядағы революциялық жағдай неғұрлым жандана түсті. Өмір сүріп 
тұрған тәртіптің жақтаушылары мен қарсыластарының арасында қарулы күрес 
туындады. Қарулы күреске алғаш болып рыцарьлар шықты. Олар шіркеу және 
дүнияи князьдардың қысымынан құтылуға талпынды. Олар алты жылдық 
әскери одақ құрды. Оның басында Франц фон Зиккенген тұрды; идеялық дем 
берушісі Ульрих фон Гуттен болды. Рыцарьлар дворяндар билігі орнаған 
біртұтас империя құру үшін күресті. Рыцарьлар шаруа мен қала халқына 
сүйенбеді. Зиккенг басшылығындағы алты мыңдық рыцарь отряды Трир 
қаласын қоршаған кезде, қала архиепископына көмекке 30 мың князь әскері 
келді, рыцарьлар жеңіліске ұшырады. Зиккенген азғантай күшпен 
Ландштульдағы өз сарайына тығылды. Ол көп кешікпей князь әскерінің қолына 
түсті. Зиккенген шайқаста қаза тапты. Ал, Гуттен Швейцарияға қашты, көп 
кешікпей сонда дүние салды.
Шаруалар соғысының басталуы. Германиядағы реформация дәуіріндегі 
қоғамдық қозғалыстың шарықтау шегі 1524 – 1525 жылдары шаруалар соғысы 
болды. Ол Оңтүстік Батыс Германияда басталды. Онда феодалдық қанау қатты 
сезіліп, шаруалар ерте және бірнеше рет көтеріліске шықты.
Осы аудандарда (Швейцариямен көршілес) ерекше шиеленіскен діни-
саяси күрес жүрді, Цвингли ілімі мен Реформацияның неғұрлым радикалды 
бағыты анабаптизм тарады. Мюнцер уағыздары да кең қолдау тапты. 
Шаруалардың баскөтеруі 1524 жылы жазда болды: Жоғары Рейндегі 
Штюменген ланграфтығынан басталды. Бірқатар деревнялардың шаруалары өз 
123 


қожайындарына қарсы тұрып, «жаңа әділетсіз салықтардың» жойылуын талап 
етті. Осының ізінше Жоғары Рейн мен Жоғары Дунай аралығындағы 
облыстардың шаруалары да көтеріліске шықты. Ганс Мюллер бастаған 
шаруалар бітімгерлік келісімге әзір болды. Оны көтерілістің таралып кетпеуіне 
жұмыстанған феодалдар пайдаланып қалуға тырысты. Келісімге келуге қол 
жеткізді, бірақ оны революциялық пиғылдағы бұқара қолдамады. 1524 жылдың 
күзінде көтеріліс бүкіл Жоғары Рейнге тарады, ол неғұрлым ұйымдасқан сипат 
алды. Оған Анабаптистердің және Мюнцер жақтастарының іс-әрекеті әсер етті. 
Вальдсгут қаласында анабаптистік уағыздаушы Бальтазар Губмайер кең қолдау 
тапты.
1524 жылдың аяғы – 1525 жылдың басында мұнда алғашқы жалпы 
бағдарлама «Бапталған хат» пайда болды. Шаруалар соғысы барысында 
ұсынылған басқа бағдарламалардан айырмашылығы: «Бапталған хатта» 
жеңілдік беру және жекелеген өзгерістер үшін күреске шақырмады, қайта 
түпкілікті саяси-әлеуметтік төңкеріс идеясын уағыздап, қоғамда әлеуметтік 
әділеттілік негізде бастауға шақырды. 
Бағдарламаның авторлары: «бүкіл халық, ең алдымен еңбекшілерді
христиандық бірлестіктерге кіруге шақырды; сонымен қатар өз өмірін «ортақ 
пайдаға» қызмет жасауға, ортақ және толық теңдік негізде бастауға шақырды. 
Халықпен бірге өз тағдырларын бөлісу үшін қожайындары да осы 
бірлестіктерге шақырылды. Олар өз қамалдары мен сарайларын тастап, 
барлығы бірге лашықтарда тұруға, еңбек етуге және «құдай берген құқық» 
бойынша берілгендерге қанағат тұтуға тиіс болды. Бұлай етпеген жағдайда 
олар қоғамнан аластатылуға тиіс,» - делінді. «Қанау мен сатқындық ошағы 
болған барлық қамалдар мен монастырьлар тез арада бұзылуы тиіс болды». 
«Бапталған хатты» құрастырушыларының басты идеалы шектеусіз халықтың 
егемендігі бар демократиялық республика нысанындағы толық мүліктік 
теңдіктегі қоғам болды. Алайда, «Бапталған хат» күрестің ортақ 
бағдарламасына айнала алған жоқ. Көтерілістің көптеген басшылары келісімге 
келуге дайын тұрды.
Жоғары Швабиядағы шаруалар соғысы. «12 бап». 1525 жылдың 
ақпанында Кемптен аббатының шаруалары бітімгерлік келісімнен бас тартып, 
қолдарына қару алды. Оған Альгау облысы және көрші облыстардың 
шаруалары да қатысты. Көп кешікпей көтеріліс бүкіл Жоғары Швабияны 
қамтыды. Бірақ жекелеген шаруа отрядтарының басшыларының арасында 
бірлік болмады. Олар «құдай берген құқықты» әртүрлі түсінді. 1525 жылы 
наурыздың басында Жоғары швабиялық шаруалардың 3 басты отряды 
«Христиандық бірлестік» құрды. Оның басшылығы Жоғары швабиялық 
одақпен келісімге келді. Швабиялық одақ көтерілісті бірден басып тастай 
алмай, бірнеше рет шаруалармен «бітімге» келуді мақсат етті. Жоғары 
швабиялық отрядтардың белсенді басшылары жергілікті шаруалардың 
шағымдары негізінде ортақ талаптар құрастырды. Оларға Швабия одағымен 
келіссөз аса қажет еді. Осылайша, танымал «12 бап» пайда болды. 
Бағдарламаның кіріспесінде де, баптарында да шаруалардың бейбіт ойлары 
айтылған. 
124 


Алғашқы екі бап шіркеу реформасын шаруалардың түсінігінде жүргізу 
талап етілді: священниктерді сайлау және ауыстырып отыру. Мал мен өнімнен 
алынатын ондықты шаруалар төлеуден бас тартты. 3-бапта басыбайлылық 
құқықты жою талап етілді.
Қалған талаптар самарқау сипат алды: барщиналық және оброктық 
өтемдерді азайту, заңсыз айып-пұлдарды жою, шаруалардың орман, тоғай, суды 
еркін пайдалану құқығын қайтару. Жалпы алғанда шаруалар бағдарламасы 
феодалдық құрылыстын негізгі тәртіптерін тоқтатқан жоқ. «12 бап» көтеріліске 
шығушы шаруалар арасында кең тарады, ресми бағдарлама аталды; солғын 
сарынына қарамастан антифеодалдық күрес бағдарламасы маңызына ие болды.
Швабия одағының басшылары ұйымдастырған кері тарту немесе келіссөз 
жасау тактикасы үмітті ақтамады. Ашық қарулы күрестің нышаны айқын 
байқалды. Сонымен қатар, қаланың плебейлік бұқарасының билеушілерге 
қарсы көтеріліс қаупі де өрістей бастады. Швабия одағының бөлінуіне әкелетін 
еді. Сондықтан да одақтың әскери қолбасшысы IV Трухзес келісімді бұзып, 
Лейпгейм маңында көтерілісшілер лагерін кенеттен басып алды. Трухзес 
жеңіске жетті. Алайда оның алдағы қимылдары нәтижесіз болды. Ол 
шаруаларға үлкен сабақ болды. Көтеріліс жалғаса берді. Трухзес уақытша 
позициялық соғысқа көшуге мәжбүр болды. 1525 жылы сәуірде Жоғары 
Швабия шаруаларының негізгі күштері талқандалды. Трухзес өз әскерін 
Франконияға жіберді. 
Оңтүстік Франкониядағы көтеріліс. Гейльбронн бағдарламасы. 1525 
жылғы көктемде Оңтүстік Франкония шаруалары ірі бірлестіктерді құраған 
отрядтар жасақтады.
Неккар аңғары шаруаларын Яков Рорбах басқарды. Роттенбург округінде 
әрекет жүргізген «Қара отряд» басында кедейленген рыцарь Флориан Гейер 
тұрды. Бұл отрядтар шешімді қимыл жасады. Яков Рорбах құрған трибунал 
үкімі бойынша, көтеріліске қарсы бірінші болып соғыс қимылдарын ашқаны 
үшін Вюртембергтік граф Людвиг Гельфенштейн мен 13 серігі масқара өлім 
жазасына кесілді: олар сүңгілердің арасында айдалып өткізілді. Бұл Франкон 
феодалдары арасында ерекше үрей туғызды. Самарқау тактиканың 
жақтаушысы Вендаль Гиплер ерікті «Жарқын отряд» құрды. Вендаль Гиплер 
далалық кеңсе басшысы болды. Қолбасшы рыцарь Гец фон Берлихинген 
шықты. Батыл қимыл жақтаушылары – Рорбах пен Флориан Гейер 
басшылықтан тайдырылып, өздерінің жақтаушыларымен бірге отрядтан кетуге 
мәжбүр болды. Гиплер шаруалар көтерілісін бюргерлер бағдарламасын жүзеге 
асыруға пайдалануды көздеді. Ол «12 бапқа» өзгеріс енгізіп, орындалуын 
империялық реформаға дейін шегере тұруды ұсынды. Өз жақтастарымен бірге 
анонимді трактаттар «Император Сигизмунд реформациясы» және «ІІІ 
Фридрих реформациясы» негізінде империялық реформа жобасын дайындады. 
Ол «Гейльброн бағдарламасы» деп аталды. Бағдарлама жалпыға ортақ «шынай 
және құдай берген құқықты» енгізді; жасаған қылмыстары үшін заң алдындағы 
теңдікті қалдырды. Гейльброн бағдарламасында да алғашқы орында 
Реформация талаптары тұрды: діни адамдарды өкімет билігінен толық тайдыру, 
монастырьларды жабу, барлық діни-рыцарлық ордендерді тарату, шіркеу 
125 


меншігін тәркілеу, пастырьлерді сайлау және барлық дінге сенушілер қауымы 
алдында Евангелияны дұрыс уағыздау.
Гиплер мен жақтастары Гейльбронда бағдарламаның жобасын 
талқылайтын съезд шақыруға дайындалып жатырған кезде, Трухзес бастаған 
Швабия одағы әскерлері бүлік көтерді. 1525 жылы 25 шілдеде Швабия 
шаруаларының көтерілісі түпкілікті талқандалды. 
Орта Германиядағы шаруалар көтерілісі. 1525 жылы сәуірдің басында 
Солтүстік Франкония мен Тюринго-Саксония аудандарында шаруалардың 
жаппай көтерілісі басталды. Ол неғұрлым ұйымдасқан және мақсатты сипат 
алды. Тюрингиядағы қозғалыс орталығы империялық қала Мюльхаузен болды. 
Дем берушісі – Т.Мюнцер. Қалада бұрыннан дамып жатырған саяси төңкеріс 
жасалды: ескі патрициат құлатылып, билік басына халық сайлаған «Мәңгілік 
Кеңес» келді. Ол Мюнцер мен жақтастарының ықпалында болды. Мюнцер 
Тюрингияда көтеріліс лагерін бүкіл Германияның революциялық күресінің 
орталығына айналдыруды көздеді. Бүкіл көтерілісшілер күшін жинап, 
Франкенгаузенде бекініс лагерін құрды. Ол Трухзес келгенге дейін франкон 
шаруаларының отрядын біріктіріп, қарсыластардың әскерін талқандауды 
мақсат етті. Орта германдық князьдықтар тез арада әскер жинап, 
Франкенгаузен лагеріне аттанды. Князьдар бұл жолы келіссөз жүргізу 
тактикасын қолдануды мақсат етті, алайда Мюнцер шешімді әрекеттер 
жүргізді. Дегенмен, саны жағынан басым жазалаушылар 5 000-дай 
көтерілісшілерді өлтірді. Ауыр жараланған Мюнцер тұтқынға түсіп, ауыр 
азаппен өлтірілді. 25 мамырда Мюльхаузен беріліп, көтеріліс біртіндеп 
басылды. Ұзақ қарсыласқан Габсбургтердің альпілік жеріндегі шаруалар болды. 
Тирольдегі шаруалар көтерілісін шаруалар соғысының көрнекті өкілдерінің бірі 
Михайл Гейсмайер басқарды. 1526 жылы құрылған «Земстволық құрылыс» деп 
аталатын бағдарламалық құжатта Тирольде халық республикасын орнату және 
түпкілікті экономикалық және саяси қайта құруды жүзеге асыру ұсынылды; 
яғни демократиялық сот құру, шіркеу мүлкін және барлық феодалдардың 
иеліктерін халықтың пайдасына тәркілеу, кедейлердің жағдайын жеңілдету. 
Гейсмайер шаруалардан қарулы әскер жасақтап, Швабия одағына қарсы 
бірнеше сәтті операциялар жүргізді. 1532 жылы ол Габсбургтердің астыртын 
жіберген адамының қолынан қаза тапты.
Шаруалар соғысының жеңілісі. Тирольдегі көтерілісті басып-жаншумен 
шаруалар соғысының соңғы бөлігі аяқталды. Жеңілгендерді әрдайым 
жазалаушы отрядтар жазалап отырды. Тірі қалған шаруаларға орасан зор 
контрибуция салынып, оларды әбден күйзелтті. Лютер көтеріліске шыққан 
шаруаларды қырып-жоюға шықты; барщинаны ұлғайтып, басыбайлылықты 
қайта орнатуға кеңес берді.
Сонымен, қорытындылай келе мыналарды баса көрсетуге болады: 
көтеріліс бірыңғай орталығы жоқ әртүрлі үш ауданда өтті; көтерілісшілер өз 
бетімен қимыл жасаған жергілікті жеке отрядтар құрды. Шаруалар соғысының 
жеңілісі неміс шаруаларына, бюргерлерге өте ауыр тиді. 
ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы Германия. Мюнстерлік коммуна. 
Шаруалар соғысының талқандалуы Германиядағы еретиктік қозғалысқа 
126 


ықпалын тигізді. Анабаптистердің арасында «бейбіт төңкеріс» идеясы мен 
«Христостың екінші оралуын» баяу күту тарады. Алайда, анабаптистердің 
жартысы әлемді «адал еместерден» тазарту үшін күштеу әрекеттеріне баруға 
шықты.
Анабаптистер қозғалысының кең тараған аймағы Солтүстік-Батыс 
Германия қалалары болды. Гарлемнен шыққан наубайшы Ян Матис пен оның 
шәкірті Иоанн Лейденский әрекеті кең қолдау тапты. Мюнстер қаласында 
орнықты. Өз секталық ұйымдарына топтасқан анабаптистер қала сеньоры – 
епископқа қарсы күреске шығып, 1534 жылы ақпанда қалалық кеңесте көпшілік 
дауысқа ие болып, өкімет билігін өз қолдарына алды. Мюнстерде анабаптистер 
билігі 14 айға (1535 жылғы маусымға дейін) созылды. 
Өндіріс заттары бұрынғыша жеке меншік қолында қалды, алайда, тұтыну 
заттарының көп бөлігі теңдестірілген бөлініске жатты. Ортақ асхана жасау 
шаралары қолға алынды. Ақша жойылып, айырбас натуралды нысанда 
жүргізілді. Алтын, күміс, т.б. қымбат бұйымдар тәркіленді. Қаланың 
қоршаудағы жағдайында бұл шаралар оң нәтиже берді. Коммуна басында 
тұрған Иоанн Бокельсон (Лейденский) шектеусіз диктаторлық мансапқа ие 
болды. Мюнстерлік коммуна сыртқы әлемнен оқшау қалды. Басқа қалалардың 
анабаптистерінің тарапынан көмек көрсетуге жасалған әрекеттер жергілікті 
феодалдардың тарапынан жазалауға ұшырап отырды. Ұзаққа созылған 
қаһармандық қорғаныстан кейін 1535 жылы маусымда Мюнстер құлады. 
Көптеген анабаптистер берілуден бас тартып, өздерін-өздері өлтірді, тірі 
қалғандары, соның ішінде Иоанн Лейденскийдің өзі де азапталып өлтірілді. 
Сонымен, бюргерлік және халықтық реформация шаруалар соғысын 
талқандаумен бірге жеңіліске ұшырады. Германияда идеологы Лютер болған 
князьдық реформация жеңді. Шаруалар соғысы реакциялық-католиктік 
лагерьдің позициясын ыдыратты және лютерандық князьдықтың нығаюына 
жағдай жасады. Ол жергілікті шіркеудің үстінен билік орнатып, шіркеудің жер 
иеліктерін князьдардың пайдалануына тартып ала бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет