Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Нидерландияның Испанияға тәуелділігінің елдің жалпы дамуына 
қандай кері әсері болды?
 
2.
ІІ Филипп тұсында феодалдық-католиктік реакцияның күшеюі неге 
байланысты болды?
 
3.
1557 жылы Испанияда жарияланған мемлекеттік банкроттың 
Нидерландия үшін салдары қандай?
 
4.
Испан үстемдігіне қарсы оппозиция кімдерден құралды? 
 
5.
Нидерландия буржуазиялық революциясы неше кезеңнен тұрады?
 
6.
«Гент келісімінің» мазмұны қандай?
 
7.
Оңтүстік провинцияларда революция мен азаттық соғыстың жеңілуі 
және олардың Испания өкіметінің қоластына қайта қарауы ненің әсерінен 
болды?
 
8.
Утрехт униясының тарихи маңызы қандай?
 
9.
Құрама провинциялар Республикасының халықаралық жағдайы қалай 
дамыды? 
10.
Нидерландия буржуазиялық революциясының идеологиялық туы 
қандай болды? 
 
§ 6. 
ХVІ ғасыр
– 
ХVІІ ғасырдың басындағы Франция 
 
ХVІ ғасырдың бінші жартысындағы Францияның әлеуметтік-
экономикалық дамуы. ХVІ ғасырда Франция Батыс Еуропадағы ең ірі 
орталықтанған мемлекет болды. Барлық облыстар мен провинцияларды 
біріктіру ХVІ ғасырдың 30-жылдарына таман аяқталды. Повинциялық 
бытыраңқылықтың қалдықтары тек жекелеген облыстарда – Лангедок, 
Прованс, Бургундия, Бретань, Нормандияда провинциялық штаттар күйінде 
сақталып қалды. Францияның халқы 15 млн-дай болды. Бұл Батыс Еуропаның 
кез-келген елінен жоғары көрсеткіш еді. 
Экономикалық даму деңгейі бойынша Франция Испания, Оңтүстік 
Италия, Скандинавия елдерінен жоғары тұрды, ал, Голландия мен Англиядан 
кейін қалды. 
ХV ғасырдың аяғынан бастап Франция Батыс Еуропаның өзге 
елдеріндегідей ерте капиталистік қатынастар дәуіріне аяқ басты, бірақ, ХVІ – 
ХVІІ ғасырларда оның жетекші орталығына айналған жоқ.
Ауыл шаруашылығының нәтижелі дамуы үшін керемет табиғи жағдайы 
болды. Оның әртүрлігіне байланысты Францияның аграрлық өркениеті 
қалыптасты.
Село экономикасының негізгі ошағы – шаруа шаруашылығына 
негізделген шаруашылық болды. Француз шаруалары елдің халықтың тығыз 
қоныстануы жағдайында жердің аздығынан зардап шекті. Шаруалардың 
борышкерлігінің өсуі оның шаруашылығының тұрақсыздануын тереңдетті. 
Оның техникалық жарақтануы төмен күйінде қала берді, ал, село экономикасы 
өте баяу дамыды. ХVІ ғасырда шаруалардың негізгі бөлігі жеке бостандығында 
болды және өз цензиваларына мұрагерлік ұстау шартымен иелік етті. Бұл 
140 


олардың ағылшын копигольдерінен маңызды айырмашылығы және француз 
шаруаларының қаналуының баяу сипатының себептерінің бірі болды.
Француз шаруалары үшін, әсіресе, мемлекеттік салықтар ауыр болды. 
Олар феодалдық рентаны іс жүзінде екі рет төледі: 
1.
чинш түрінде (феодалдық Еуропадағы тәуелді шаруалардың сеньорға, 
жер иесіне тұрақты төлейтін ақша немесе өнім түріндегі оброк жүйесі, басқа да 
міндеткерліктері); 
2.
барлық феодалдар табына мемлекеттік салық түрінде төледі.
Сонымен қатар, шаруалар шіркеуге ондық салық төледі. Нәтижесінде 
француз шаруалары өсімқорларға төленбеген борышта қалып отырды. 
Абсолютизмнің дамуы. І Франциск және король өкіметінің күшеюі. ХV 
ғасырдың екінші жартысында Францияда жаңа саяси жүйе – абсолютизм 
қалыптаса бастады. Оның гүлденуі ХVІ ғасырдың бірінші жартысына сәйкес 
келеді. Ерте абсолютизм орталықтандырудың, яғни, корольдік жерлердің 
біріктірілуінің, әкімшілік бір ізге келтірілуінің, корольдік өкіметтің күшеюінің 
жаңа сатысы болды. Ерте абсолютизмге тән белгілер сословиелік-өкілдік 
монархияға тән саяси дәстүрдің салыстырмалы түрдегі тепе-теңдігін құрады. 
Бұл кезде корольдік өкіметтің нығаюының негізі ортағасырлық сословиелердің 
саяси ұйымдарының ыдырауы болды.
ХVІ – ХVІІ ғасырларда француз дворяндарының жағдайы ақсүйектер мен 
орта дворяндардың өмірге икемді бөлігі және ұсақ дворяндардың арасындағы 
бөліністің тереңдеуімен сипатталды.
Түпкілікті өзгерістер қалаларда да жүрді. Қала қауымының әлеуметтік 
жіктелуі ХІІІ – ХV ғасырларда-ақ байқалды. Ерте капиталистік қатынастардың 
дамуы қалалықтардың жоғарғы бөлігі мен плебейлердің еркін анықтаған 
әлеуметтік полиске айналуына алып келді. Қалалық ұжымның сеньорлар мен 
король өкіметі алдындағы ауызбіршілігі әлсіреді. Үкіметтің әлеуметтік күрес 
пен қалалық басқаруға аралаласу мүмкіндігі кеңейді. 
Ерте абсолютизмнің негіздері ХІ Людовиктің 3 мирасқорларының – VІІІ 
Карл (1483 – 1498 ж.ж.), ХІІ Людовик (1498 – 1515 ж.ж.) және І Франциск (1515 
– 1547 
ж.ж.) тұсында салынды. Олардың кезінде Бас Штаттардың шақырылуы 
тоқтатылды. Оның орынына нотабилердің (корольдің өзі тағайындаған 
адамдары) шағын жиналыстары өтті.
Бірінші сословие – дін өкілдерінің жағдайындағы өзгерістер 1516 жылы І 
Франциск және Папа І Льев Болонский арасындағы конкордатқа байланысты 
болды. Ол Рим куриясымен қарым-қатынасты жүйеледі. І Франциск Папаның 
үстінен собор шақыру декларациясынан бас тартты және ішінара аннаттарды 
қалпына келтірді. Иерархтардың сайланбалық принципі бос бенефицияларға 
корольдің тағайындауымен алмастырылды.
Француз реформациясы және оның ерекшеліктері. Кальвинизмнің 
тарауы. ХVІ ғасырдың бірінші жартысындағы маңызды екінші оқиға – 
реформациялық қозғалыс болды. Ол Францияда өзіндік сипатқа ие болды. 
Германиядағы тәрізді реформацияның қажетті жағдайы болған жоқ. Елдің 
саяси жағынан бірігіп, нығаюымен сәйкес жүргізілген король өкіметінің 
күшеюі француз шіркеуінің Римнен қол үзбей шығуына себеп болды. Француз 
141 


шіркеуі галликандық (ХІІІ – ХVІІІ ғ.ғ. француз шіркеуінің Папа тағынан 
тәуелсіз болуын қуаттаушы саяси шіркеу ағымы. Ол ХV ғасырда соборлық 
қозғалыспен тығыз байланыста болды) деп аталды. Собор Папаның үстінен 
қарады. Король өкіметі абсолюттікке айнала бастаған сайын, корольдер 
шіркеуді өздеріне бағындырып, қол шоқпары етуге тырысты. Бұл бағыттағы 
маңызды қадам І Франциск пен Папа арасындағы 1516 жылы Францияның 
Болонье қаласында жасалған Болондық конкордат болды.
Францияда реформациялық идеялардың таралуына себепкер болған 
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзеге асырылды. Францияның енжар 
реформаторларының бірі Лефевр д’ Этапль Лютерге дейін-ақ реформацияға 
жақындау идеяларды ашық айтқан болатын.
Лютерандық идеялар Францияда ХVІ ғасырдың 20-жылдарынан бастап 
таралды. Париж университетінің дін ілімі факультеті Сорбонның «ересьтерге» 
ең алғаш қарсы шығуы да осы кезге жатады. Алған бағытынан таймаған 
ересьтердің біразы отқа жағылды. Бірақ осы кезде Германиядағы 
протестанттық князьдар оларды императорға қарсы пайдалану үшін қолдап 
отырғандықтан І Франциск еретиктерді қуғындаған жоқ.
Франциядағы реформацияның осы ертеректегі кезеңіне екі жағдай тән 
болды: 
1.
протестантизм бүкіл елге бірдей таралды; 
2.
азғантай артықшылықтары бар тұйық топқа бөлінген цехтық шеберлер 
негізінен корольдік дін, яғни, католиктікті ұстанды. 
Ал, шаруалар реформацияға жат көзқараста қалды. 30-жылдардың 
ортасында жаңа дінді жақтаушылар неғұрлым табанды қимылдарға көше 
бастаған мезгілде үкіметтің протестанттарға деген төзімі де таусылды. 1534 
жылы қазанда бірнеше протестанттардың тұтқындалуына байланысты Парижде 
король сарайының қабырғасына реформацияны жақтаушылардың сөздері 
жапсырылады. Оған қарсы король қатал шаралар қолданды. 1535 жылы 13 
қаңтарда 35 лютеран отқа жағылып, 300-ге жуығы түрмеге жабылды. Бұл кезде 
Францияда кальвинизм кең таралды. Ол 40-жылдардан бастап реформацияның 
2-
кезеңінің басталуына алып келді. Ол дворяндар мен көпестер, католиктік дін 
иелерінің төменгі топтарының арасында, әсіресе, Францияның оңтүстігінде 
таралды.
Италияндық жорықтардың сәтсіздігі король өкіметіне қарсы 
оппозицияның жандануына алып келді. Қарсылықтың басты түрлері 
католиктіктен кетіп, кальвинизмге бет бұру болды. Солтүстікте кальвинизм кең 
таралды. Оның қолдаушылары тек Нормандияның ірі қалаларында ғана 
кездесті. Солтүстік Францияның феодал ақсүйектері мен дворяндары Гиздар 
(Лотарингия герцогтары; ХV – ХVІІ ғасырларда, ХVІІІ ғасырда Францияға 
сіңісіп кетті; діни соғыстар кезінде католиктік ақсүйектер лагерін басқарды; 
король тағынан дәмелі болды) басқарған католиктік лагерьді қолдады. 
Гиздардың герцогтары Шампань, Лотарингия, Бургундияда үлкен иеліктерді 
иемденді. Франсуа Гиз король армиясының бас қолбасшысы болды. 
Франциядағы кальвинистік партияны (гугеноттық деп аталды) Бурбондар 
үйі (король Наварра Бурбон және баласы Генрих пен бекзада Конде) басқарды. 
142 


Сонымен қатар егде Шатильондар руының өкілі адмирал Гаспар де Коминьи де 
билік басында тұрды. Бұған өз артықшылықтарын аңсаған дворяндардың 
оңтүстік тобы қарсы болды.
Солтүстік және Орталық провинциялардың дворяндарына корольдік 
өкімет маңызды қызмет орындарын бергендіктен, оңтүстіктің дворяндары мен 
ақсүйектері өздерін шеттетілген санады. Сондықтан олар өздерінің 
экономикалық жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы католиктік шіркеудің 
жерлерін тартып алу деп есептеді.
Дінге сену тұрғысында екі түрлі бағытта болған ақсүйектік оппозицияның 
екі лагері негізінен саяси мәселелерді шешуде айтарлықтай ерекшеленбеді. 
Екеуі де Бас және провинциялық Штаттарды қалпына келтіру талаптарын 
қойды. Жалпы елде азамат соғыстарының қарсаңында әлеуметтік және саяси 
қайшылықтар шиеленіскен күйінде қалды.
Азамат соғысының себептері және кезеңдері. Азамат соғыстары 36 жылға 
(1562 – 
1598 ж.ж.) созылды. Ол 1562 жылы Васси елді-мекенінде басталды. Гиз 
өз қарулы күштерімен гугеноттардың табыну жиналысына шабуыл жасады. 
Гугеноттар да қарулы болатын, сондықтан қақтығыс басталады. Осы кезден 
бастап әскери қимылдар басталды. 1570 жылғы соғыстан кейін Сен-Жермен 
келісіміне қол қойылды. Протестанттық сыйынуларға бүкіл корольдікте рұқсат 
етілді. Гугеноттар 4 бекіністі иемденді, маңызды мемлекеттік қызметтерді 
алды. Гугеноттардың жетекшісі Антуан Бурбон қайтыс болғаннан кейін орнын 
баласы Генрих Наварский иемденді. 1572 жылы жауласушы партиялардың 
арасында бітімге келу басталды. Ол Генрих Бурбон мен ІХ Карлдың туысы 
Маргарита Валуа арасындағы әулеттік некеге байланысты болды. Бұл Гиздар 
мен корольдің анасы Екатерина Медичи тарапынан бұзылды. Олар 
гугеноттардың билік алып кетуінен қауіптенді. Тойға келген гугеноттар 24 
тамыздың түнінде опасыздықпен өлтіріледі. 
Азамат соғыстарының екінші кезеңі (1572 – 1576 ж.ж). Мемлекет 
деңгейінде жеңіске жететіндеріне сенімсіз болған гугеноттар Францияның 
оңтүстік-батысында жекелеген провинциялардың федерациясы нысанында өз 
мемлекетін құрды. Оңтүстік қалалар алғашында корольдік өкіметке қарай бет 
бұрды. Алайда дворяндар өз отрядтарын ұйымдастырып, қалаларды корольге 
қарсы шығуға көндірді. Олардың қысымымен ірі буржуазия белсенді саясаттан 
кетті. Билік кальвинистердің қолында қалды. Әр провинцияны жергілікті 
ақсүйектердің арасынан шыққан губернаторлар басқарды. Оңтүстік Солтүстік 
Франциядан бөлінді.
Азамат соғысының 2-кезеңінде абсолютизмге қарсы бағытталған 
гугеноттардың саяси идеологиясы пайда болды. Олар орта ғасырлық Бас 
Штаттарды мадақтады. Мемлекеттік биліктің халық пен олар сайлаған король 
арасындағы «қоғамдық келісімі» жолымен орнайтындығы жөніндегі теория 
тарады. Өз өкіметін зұлымдықпен пайдаланған корольдерді тиран деп 
жариялады. Ал халық оларды қууға немесе жазалауға құқылы болды. «Халық» 
деп олар ақсүйектерді түсінді.
Азамат соғысының аяғында тағы бір бағыт пайда болды. Танымал заңгер, 
тарихшы және экономист Жан Боден (1530 – 1596 ж.ж.) «Республика туралы» 
143 


атты 
еңбегінде 
абсолюттік 
монархия 
нысанындағы 
біртұтас 
орталықтандырылған мемлекет идеясын ұсынды. Боден көзқарасында – 
«монарх – мемлекеттік егемендіктің жалғыз ұстаушысы, бірақ ол тиран 
болмауы керек». 
Азамат соғыстарының үшінші кезеңі (1576 – 1598 ж.ж.). ІХ Карл қайтыс 
болғаннан кейін 1574 жылы таққа оның інісі ІІІ Генрих отырды. ІІІ Генрих 
қайтыс болғаннан кейін тақтың оның туысы Генрих Наварскийге өтуінен 
қауіптенген католиктер гугеноттар конфедерациясына ұқсас өз ұйымдарын 
құруды ойластырады. Католиктік лига 1576 жылы құрылды. Оны басқарған 
Генрих Гиз Франция тағына үміткер есебінде қаралды. 1576 жылы Блуада Бас 
Штаттар шақырылды. Гиз жақтастары ІІІ Генрихтің гугеноттармен бітімге келу 
әрекеттеріне қарсы шықты. Өздеріне дін бостандығын беруді талап етті. Алайда 
корольдік эдикті бойынша гугеноттарға Париждан басқа жердің барлығында 
дін бостандығына уәде етілген болатын. Католиктік лиганың құрылуы Париж 
фанаттарын жандандырды. Бірақ лига ішінде ақсүйектер мен қатардағы 
дворяндар, қала буржуазиясы арасында алауыздықтар болды. Соңғыларына 
арқа сүйеген ІІІ Генрих өзін лига басшысы деп жариялайды. Бұған Париж 
буржуазиясы наразы болды. Гиздар корольге қарсы үгітті күшейтті. Парижде 
антикорольдік қор құрылды. 1584 – 1585 жылдары Париж лигасы құрылды. Ол 
католиктік лигамен салыстырғанда демократиялық сипатта болды. Бірақ Париж 
лигасының басшыларының арасында да алауыздықтар болды. Лига корольдің 
қызметін бақылап отыратын комитет құрды. Көп кешікпей Париж лигасындағы 
билік «16-ң комитетіне» өтті. Ол Париждің 16 кварталының өкілдерінен 
құралды. Париждің үлгісінде басқа қалалар да тәуелсіз республикаларға 
айналды. Король Париж лигасын таратып, Гиздардың қысымынан құтылуды 
көздейді. Өз әскерлерін Луврға енгізе бастады. Бұдан хабарланғаннан кейін 
Париж көшелерінде тосқауылдар орнатылды. Қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, 
шебер көмекшілері, жұмысшылар король әскерімен шайқасқа дайындалды. 
1588 жылы Блуада Бас Штаттар жиналған кезде, король олардың оппозициясын 
талқандау мақсатымен Гизді өлтіруге бұйрық береді. Оған жауап ретінде 
Парижде наразылық басталып, корольге бағынудан бас тартады. Лига Франция 
тағына өз үміткерін ұсынды. Ол өлтірілген Генрих Гиздің туысы герцог 
Майенский болды. Саяси анархияны пайдаланған испан королі ІІ Филипп 
лиганың келісімімен Парижге испан өз гарнизонын енгізді (1589 ж.). Азамат 
соғысына испан интервенциясы араласты. ІІІ Генрих жағдайды түзету 
мақсатымен бұрынғы дұшпаны Генрих Наварскиймен одақтасады. Соңғыны 
король өзінің мұрагері деп жариялады. 1589 жылы көктемде екі корольде 
Парижге аттанды. Париждегі жағдай алаңдаушылық туғызды. Католиктік 
уағыздаушылар Генрих Гиздің кегін алу үшін үндеулер таратты. 1589 жылы 1 
тамызда ІІІ Генрих лига мүшесі монахтың қолынан өлтірілді. Осымен Валуа 
әулеті аяқталды. Франция королі Генрих Наварский болуы керек еді, бірақ, 
оның лига және басқа да католиктік қарсыластарымен күресуіне тура келді. 
«16-
ң комитеті» таратылды. Елдің оңтүстік-батысында көптеген аудандарда 
салық пен дворяндардың өктемдігіне қарсы жаппай шаруалар көтерілісі қанат 
жайды. 1593 жылы 22 шілдеде Генрих Бурбон католиктер жағына шықты.
144 


Нант эдикті. ІІ Филиппен соғыс 1598 жылы Франция үшін сәтті 
аяқталды. Осымен бірге азамат соғысы да аяқталды. ІV Генрих 1598 жылы 
Нант эдиктін шығарды. Ол католиктерді гугеноттармен татуластыруға 
бағытталды. Католик діні бүкіл Францияда қалпына келтіріліп, мемлекеттік дін 
деп жарияланды. Католик дін иелеріне жерлері қайтарылды. Гугеноттар 
кальвинизмді уағыздау құқығына ие болып, өздерінің съездерін шақыра алатын 
болды. Бұл Батыс Еуропадағы дін еркіндігін берген тұңғыш эдикт болды. 
Гугенот-дворяндар саяси оппозициядан кетіп, католиктікке орала бастады. 
Гугеноттарға оңтүстік пен оңтүстік-батыста 200-дей бекіністер қалдырылды.
Осылайша, азамат соғыстарының нәтижесінде оңтүстік Францияның 
гугеноттары елеулі дербестікке ие болды.
Ал, ІV Генрихтың билік құруы Францияда абсолютизмнің нығайған және 
анархияның жайлаған кезі болды. Өндіріс, сауда, қаржы толық тоқырауда, 
мемлекеттік қазына бос қалды. Осындай жағдайда күшті корольдік өкіметті 
қалпына келтіру керек болды.
1610 жылы ІV Генрих әскери католиктердің біреуінің қолынан өлтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет