Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Польшаның экономикалық дамудағы келеңсіздіктерінің басты себебі 
неде болды?
 
2.
Поляк фольваркі дегеніміз не?
 
3.
Көп ұлтты Речь Посполитаяның құрылуына қандай оқиғалар әсер етті?
 
4.
Польшадағы реформациялық қозғалыстың өзге еуропалық елдердегі 
қозғалыстардан айырмашылығы бар ма?
 
5.
Украинаның Ресейге қосылуына қандай оқиғалардың әсері болды?
 
 
§ 8. 
Балқан елдерінің ХVІ ғасыр – ХVІІ ғасырдың бірінші 
жартысында Осман империясының қоластында болуы 
 
Балқан халықтарының Түркияның қоластындағы жағдайы. ХVІ ғасыр 
қарсаңында әскери-феодалдық Осман империясы Балқан түбегін түгелге дерлік 
жаулап алды. Тек Адриат теңізінің Долмат жағалауындағы Дубровницк 
республикасы ғана өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Бірақ 1526 жылы Мохачо 
түбіндегі қырғын шайқастан кейін ол да Осман империясына формальды түрде 
тәуелді болды. Венециялықтар да Адриатиканың шығыс жағалауындағы 
өздерінің келесі иеліктерін сақтап қалды: Ионич аралдары мен Крит аралдары; 
Зидар, Сплит, Котор, Трогир, Шибеник деген қалалар. 
Түркияның жаулап алулары Балқан халықтарына біраз әсерін тигізді. 
Мұсылмандар мен христиандар арасында қарама-қайшылықтар басталды. Өз 
өкіметін күшейту және нығайту мақсатымен Түркия үкіметі Балқанға Кіші 
Азиядан көшпелі түрік тайпаларын әкеліп қоныстандырды. Оларды құнарлы 
жерлерге орналастырды.
Түркия үстемдігін нығайтудың екінші құралы бағынышты халықтарды 
ислам дініне енгізу болды. «Түріктенгендердің» көпшілігі тұтқынға алынғандар 
және құлдыққа сатылғандар болды. Сондықтан ислам діні олар үшін 
бостандыққа жетудің бірден-бір құралы болып есептелді (түріктердің заңы 
бойынша мұсылмандар құл болмауға тиісті болды). Түркия үкіметі ислам дініне 
енген халықтардан янычар корпусын дайындады. Олар сұлтанның жеке 
гвардиясына айналды. Янычарларды алғашқыда тұтқынға алынған жасақтар 
құрады. Ал, кейін оларды дені сау христиан балалардан жинады, одан соң 
оларды ислам дініне енгізіп, әскери дайындықтан өткізу үшін Кіші Азияға 
жіберіп отырды. Өздерінің мүліктері мен артықшылықтарын сақтап қалуға 
тырысқан Балқанның көптеген феодалдары, негізінен ұсақ және орташалары, 
қаланың қолөнершілері мен көпестері ислам дінін қабылдады. 
«Түріктенгендердің» көбі бірте-бірте өз халықтарымен байланыстарын 
үзіп, түрік мәдениеті мен тілін қабылдады. Олар түрік халқының санын өсіріп, 
жаулап алынған жерлерде түріктердің өкіметін нығайтты. Ислам дініне енген 
150 


сербтер, гректер және албандықтар кейде лауазымы жоғары қызметтерді 
иемденіп, ірі әскери қолбасшылар да болды.
Селолық халықтардың арасындағы исламдандыру ісі тек Боснияда, 
Македония мен Албанияның кейбір аудандарында кеңірек сипат алды. Бірақ, 
дін ұстаудағы өзгерістер көбіне өз халқынан қол үзіп кетуге әкеле қоймады. 
Селолық қауымдарға біріккен шаруалар оқшау өмір сүрді. Түркия жаулап алған 
бірқатар аймақтарда халықтардың бір жерден екіншісіне қоныс аударуы жиі 
байқала бастады.
Егіншілікпен айналысқан аудандардың тұрғындары түрік билігінен 
құтылу үшін орман-тоғайлар мен тауларға көшіп барып паналады. Олардың 
тастап кеткен жерлерін таулардан жазықтыққа түскен мал өсіруші валахтар 
мекендеді, біртіндеп олар егіншілікке ден қоя бастады.
Осман империясына кірген жерлер ірі әскери-әкімшілік бірлестіктерге – 
бейлербейліктерге немесе уәлаяттарға бөлінді. Соңғысы санджактарға («ту») 
бөлінді. Бейлербейліктерді бейлербей басқарды, ал, уәлаяттар мен 
санджактарды басқарушылар әрі азаматтық билікті, әрі әскери билікті 
иемденді. Яғни, олар жергілікті әскерлерді де басқарды. Сот өкіметі әкімшілік 
өкіметтерге тәуелсіз судьялардың – қадилердің қолында болды. Әскери-
феодалдық және әкімшілік басқарудың бұл жүйесі Балқан жерлерінің 
барлығына таралған жоқ. Бірқатар шеткері аймақтарда, Грекие мен 
Албанияның таулы аудандарында, Чернигорияда Түркия өкіметінің билігі 
тұрақты алым-салықтарды жинап отырумен ғана шектелді. Түркияның жаулап 
алушылықтары Балқандағы православиялық шіркеудің экономикалық күш-
қуатын, саяси ықпалын әлсіретті. Монастырьлар мен шіркеудің көптеген 
жерлерін тартып алды, шіркеу мешіттерге айналдырылды немесе қиратылды. 
Болгария мен Сербияның православиялық шіркеуінің дербестігі жойылды. 
Балқан түбегіндегі барлық православиялық шіркеу Константинопольдегі грек 
патриархының қарауына берілді. Тек 1557 жылы ғана серб дін иелері Печьтегі 
патриархын қалпына келтіре алды. Оның құрамына Сербия, Черногория, 
Босния, Герцоговина, Солтүстік-Месопотамия мен Батыс Болгарияның 
православиялық 
шіркеулері 
кірді. 
Константинополь 
патриархының 
құрамындағы автономиялығын тек Охрид архиепископтығы ғана сақтап қалды. 
Сұлтан қазынасына жыл сайын салық төлеп отырған Константинополь және 
Печь патриархтары барлық артықшылықтарды иемденді және өзгелерге 
қысымшылықтар көрсетті. Гректің жоғарғы дін иелері өз дініндегілерді аяусыз 
тонады, славян халықтардың арасында ежелгі гректік дәстүрлерді енгізді, 
құдайға құлшылық ету және оқуда грек тілін қолдануға ұмтылды. Ал, печтық 
патриарх бұған қарсы саясат ұстанды, исламдандыруға қарсы әрекеттер 
жүргізді.
Экономикалық жағдайдың ерекшеліктері. ХVІ ғасырдағы түріктердің 
шабуылдары мен ауыр соғыстардан кейін Балқан елдерінің әскери-әкімшілік 
және сауда орталықтары болған біраз қалалар жақсара бастады. Түркия үкіметі 
де, түрік армиясы да сауда мен қолөнердің дамуына мүдделі болды. Қолөнер 
кәсібінің бірқатар жаңа түрлері пайда болды. Әсіресе, кен және құрылыс 
істерімен байланысты түрлері пайда болды. Түріктер жаулап алғаннан кейін 
151 


таралған қолөнершілердің цехтық бірлестіктері шығарған үлгідегі цехтар – 
эснафтар және руфеттар болды. Олар тұйықталған бірлестіктер болды. 
Эснафтардың қызметін мемлекеттің өзі реттеп отырды. Олардың 
артықшылықтары мен құқықтары сұлтанның арнаулы жарлықтары – 
фирмандармен реттеліп отырды. Цехтарға тек қолөнершілер ғана емес, 
саудагерлер де біріктірілді.
Түріктердің өздері сауда жұмыстарымен аз айналысты. Көпестер 
негізінен гректер, славяндар, армяндар мен еврейлерден құралды. Өнеркәсіп 
тауарларын шетелден әкелуді Түркия үкіметі қолдап отырды. Осы арқылы 
шетел көпестеріне сауда артықшылықтарын беріп, баж салығын төмендетті. 
Мұның өзі жергілікті көпестердің қызметіне нұқсан келтірді.
Балқан түбегіндегі қала мен деревняның арасында да ала-құлалы жағдай 
болды. Олардың арасындағы айырбас нашар дамыды. Ел ішіндегі сауданың 
өріс алуына кеден, сонымен қатар кей тауарлармен сауда жасауға, сыртқа 
шығаруға тиым салу туралы түрік мемлекетінің монополиялық құқықтары 
кедергі болды.
Осыған қарамастан, ХVІ – ХVІІ ғасырларда жергілікті маңызы бар ұсақ 
сауда орталықтары мен қолөнер орталықтары ұлғайды. Олардың өсуі, ең 
алдымен, село халқының қалаға қарай ойысуынан жүріп отырды. Ол тауар-
ақша қатынастарының деревняға енуіне септігін тигізді. Сауда және әскери 
жолдардың бойында орналасқан қалалар тез өсті (Белград, Сараево, Салоники, 
т.б.).
ХVІ – ХVІІ ғасырларда үлкен өзендер бойындағы және теңіз 
жағалауындағы қалалар да тез өсті. Бұл өндіргіш күштердің дамығанын 
дәлелдеді.
Албания. Түріктер ХV ғасырда Албанияға қайта-қайта шабуылдар 
жасады. Ал, ХV ғасырдың аяғында Албания Румелий уәлаятының құрамына 
енгізілді. Албандық феодалдардың көбі ислам дінін қабылдап, Түркия 
үкіметінің қоластына қызмет жасауға көшті. Албанияның кең жазықтықты 
аудандарында түріктің әскери-лендік және әкімшілік жүйесі орнатылды. Ал 
елдің таулы аудандарында түріктердің билігі шамалы болып, ондағы халықтан 
көбіне жыл сайын әскер күшінің көмегімен алым-салықтар жинап алуға тура 
келді.
Албанияның 
таулы 
аудандарында 
патриархаттық 
қатынастар 
сақталынды. Арғы тегі бір атадан өрбіген бірнеше ондаған отбасылар аумақтық 
қауымды құрады және олар фис деп аталды. Фистің жеке меншігінде 
жыртылатын жерлер мен жайылымдар болды. Фистік отбасылардан кеңес 
(кувенд) құрылды. Әрбір фисте жергілікті заңдар мен ережелер берік сақталды.
Таулықтар өз жерлеріне спахилерді жібермеді, салықты төлеуден жиі бас 
тартып, түрік әскерлерінің жазалаушы экспедицияларына ұдайы тойтарыс беріп 
отырды. Албанияның таулы аудандарында өз өкіметін күшейтуге күштері 
жетпейтін болғандықтан түрік үкіметі оларға өзін-өзі басқару құқығын берді.
ХVІІ ғасырда албандық қауымдарды бөлшектеп ажыратып, ел ішінде өз 
өкіметін нығайтуға тырысқан түрік өкіметтері албандықтардың арасына ислам 
дінін таратуды күшейтті. ХVІІ ғасырда мөлшері өсе түскен христиандардың 
152 


төлейтін алым-салықтарынан құтылу мақсатымен албандық шаруалар кейде, 
тұтас ауылдарымен ислам дініне өтті. ХVІІ ғасырда исламдандыру ісі, әсіресе, 
Солтүстік Албанияда өте кең өріс алды. 
Грекие. ХV ғасырдың аяғына қарай Осман империясы Грекиенің 
құрлықтық аймақтарының барлығын – Фракия, Фессалия, Эпир және 
Пелопоннес (Морея) түбегін қоластарына қаратты. ХVІ ғасырдың өн бойында 
және ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Түркия мен Венецияның арасында 
грек жерлері, әсіресе, Эгей және Иония теңіздерінің аралдары үшін болған 
соғыстар тоқтамады. Родос, Кипр аралдары Османдардың иеліктеріне өтіп 
отырды. 
Түркия мен Венецияның грек жерлері үшін жүргізген соғыстары, 
халықтың эмиграцияға кетулері елдің экономикалық жағынан құлдырауына 
және халқының азаюына әкеліп соқтырды. Әсіресе, егін шаруашылығы 
күйзелді. 
Түркия билігі орнағаннан кейін кейбір грек феодалдары ислам дінін 
қабылдап, түріктерге қызмет жасауға көшті. Ислам дініне өтпеген, бірақ 
түріктерге бағыныштылық көрсеткен феодалдар да артықшылықтарын сақтап 
қалды және ел басқару ісінде де үлкен ықпалды пайдаланды. Түріктер Грекиеде 
(Сербия мен Болгарияға қарағанда) шіркеулер мен монастырьларға олардың 
иелігіндегі жерлердің көбін қалдырды. 
Сонымен, Грекиені жаулап алғаннан кейін түріктер экономикалық және 
саяси жағынан беделді грек феодалдарымен белгілі келісімге келіп, олардың 
кейбір құқықтары мен артықшылықтарын сақтап қалдырды. Оған өзіндік 
себептері де болған еді: 
1.
грек жерлерінің шеткерілігі; 
2.
ХVІ – ХVІІ ғасырларда грек жерлерін қосып алу үшін Венеция 
республикасы да күресін тоқтатпаған еді.
Алайда, гректер мекендеген құрлықтық аумақтың көпшілігінде 
түріктердің соғыс-феодалдық жүйесінің жалпы принциптері таратылды. Ең 
ірілерінен басқа (Родос, Лесбос) аралдарды қапудан-паша басқарды және 
құрлықтық аймақтарға қарағанда олар көбірек дербестікті пайдаланды. 
Аралдардың, сонымен қатар Пелопоннестің халқы Түркия үкіметіне белгілі 
мөлшерде әскери кемелер жеткізіп тұруға тиісті болды.
ХVІ – ХVІІ ғасырларда Грекиеде өзін-өзі басқару құқығын сақтаған 
көптеген селолық қауымдар да сақталды. Бұл қауымдардағы өкіметтің өз 
аппараты болды. Қауымдық старосталар – кудзабасылар алым-салықтарды 
жинау жұмыстарымен айналысты; халықтың түрік билеушілерімен қарым-
қатынасына делдалшы болды. Кудзабасылар әдетте халықтың ауқатты 
бөлігінен шығып отырды. Бұл қызмет орны мұрагерлікке айналды. Қауымдық 
өзін-өзі басқарушылық қалаларда да таралды.
Болгария. Еуропалық шекарасын кеңейткен Осман империясы ХVІ 
ғасырдың ортасына таман өз құрамына Балқандық Грекиемен қатар, Болгария, 
Сербия, Босния, Герцеговина, Черногорияны да қамтыды. Молдавия мен 
Валахия сұлтанаттары алым төледі және оған тәуелді болды. Балқандағы түрік 
басқыншылығының басты орталығы Болгария болды. Егер өзге елдерде 
153 


түріктер тек алым жинаумен шектелген болса, Болгарияда сұлтан нағыз отарлау 
саясатын жүргізді. Селолық жерлердің тұрғындары ислам дініне енгізілді, ірі 
жерлер мешіттердің қарауына берілді. Басқару түрік шенеуніктерінің 
тарапынан жүргізілді. Ел аумағында жалпы түрік заңдары үстемдік етті, негізгі 
құнарлы аудандарда (Дунай және Морица аңғарлары) түрік шаруаларының 
қоныстары пайда болды.
ХVІ ғасырда Болгария Осман империясының бөлігіне қарады. Ол 
Румелий бейлербейлігі деп аталды. Оның құрамына, сонымен қатар, Грекие, 
Сербия, Балқанның таулы аудандары, т.б. жерлер кірді. Әскери және қызметтік 
ынталарын арттыру үшін түрік үкіметі өз бағыныштыларына жер үлестіруді 
қолға алды. Солдаттар мен орта басшылық құрам жаулап алынған аумақтардан 
үлестер (тимкарлар, зеаматтар) алды, жоғарғы басшылық құрамға люльктер 
берілді. Люльктерді өзге біреулерге тартып алып беру мүмкін болғандықтан 
иелері оларды заңдастырып алуға, яғни, вакуфтарға айналдыруға тырысты. 
Мұндай заңсыздықтар байқалған кезде ірі тәркілеулер жүріп отырды. Мысалы, 
1528 жылы сұлтан І Сүлеймен мемлекеттік қорға жердің 87 %-н қайтарды. 
Қалаларда исламдықтардың діни-мәдени орталықтары имареттер құрыла 
бастады.
Румелий уәлаятының негізгі әкімшілік бірлігі («Рум» – Романия – 
Византия деген сөзден) санджак болды. Болгария аумағында Видин, Никополь, 
Силистра, Кюстендил, София, т.б. санджактары болды. Олардың өздерінің 
әскери соттары, салық жинаушылары, өз соттары – кадул болды.
Кадул тек шариғатқа қана емес, ІІ Мехмед және І Сүлеймен шығарған 
дүнияи заңдарға – канондарға да арқа сүйеді. Қалаларда қала шаруашылығын 
арнаулы шенеунік – мухтесиб басқарды. Ел халқы негізгі екі тапқа бөлінді: 
1.
әскерилер (жауынгерлер мен қызметкерлер); 
2.
реайа (бағынышты сословие, шаруалар). Бұлар өз кезегінде: 
а) мұсылмандар; 
ә) христиандар болып екіге бөлінді. 
Артықшылықтары бар реайалар да болды, олар неғұрлым жоғары 
орындарды иемденді. Оларды спахилер деп атады.
Түркия билеп-төстеген кездегі феодалдық қатынастар. Түркия үкіметі 
феодалдық қатынастарды өздерінің мұқтаждықтарына қарай бейімдеп алуға 
тырысты. Мұсылман дініндегі мекемелердің (вакуфтердің) және жеке 
адамдардың (мюльктердің) феодалдық меншігіндегі иеліктерінен басқа, Осман 
империясындағы жердің дені мемлекетке немесе сұлтанның қарауына жатты. 
Бұл жерлер түрік феодардарына лендік иеліктер ретінде берілді. Әсіресе, әскери 
лендар басым болды. Олардың неғұрлым ұсақтары – тимарлар, ал ірілері 
зеаметалар деп аталды. Олардың иелері спахилер сұлтанның атты әскерінде 
қызмет атқарып, өздерінің лендарының мөлшеріне қарай жорыққа белгілі бір 
әскер шығаруға міндетті болды. Жоғарғы әскер басылар мен шенеуніктер өз 
қызметтерін атқарғаны үшін неғұрлым ірі лендарды – хассаларды алып отырды. 
Жер қорының бір бөлігі мемлекеттің қарауында қалдырылып, сұлтанның және 
оның отбасы мүшелерінің жеке доменін құрады.
154 


Лендік жерлердің иелері шаруалардан жер рентасын алды және басқа 
феодалдардың алатын рентасының мөлшерін және олардың шаруалармен 
қарым-қатынасын қатал қадағалады.
Түркиядағы феодалдардың едәуір бөлігін мұсылмандар құрады. Алайда 
Түркия басып алғаннан кейін Балқан жерлерінде ұсақ феодал-христиандар да
біраз сақталып қалды және олар әскери лендіктерге айналды. Уақыт озған 
сайын олар ислам дінін қабылдап отырды немесе өздерінің жерлерінен 
айырылды. ХVІІ ғасырдың қарсаңында Түркия бағындырған жерлерде феодал-
христиан санатындағылар толық дерлік жойылып бітті.
Халықтың басым – феодалдық тәуелділіктегі шаруалар (рейалар) 
өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл 
ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына жан басы ақшалай салығын – 
харадж немесе джизью төлеп тұрды. Феодалдар ақшалай алым-салық 
(испендже) және ауыл шаруашылығы өнімінің түсімінен заттай ондық (ұшыр), 
малдан салық және басқа салықтарды алып отырды.
Бүкіл Түркиядағы тәрізді Балқанда да егіншілікпен айналысатын 
халықтың басым бөлігі жерге бекітіліп қойылды және феодалдардың 
рұқсатынсыз өз үлесін тастап кете алмайтын болды. Түркиялық заңдар 
бойынша қашқын шаруаларды іздеп табудың мерзімі 10-15 жыл болып 
белгіленді. Таулы аудандарда ежелден келе жатырған көптеген мал өсіруші 
қауымдық мекендер болды. Түркия жаулап алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда 
малшы-шаруалар бұрынғыша әрбір үйден түтін салығын төлеп, мал және мал 
шаруашылығы өнімдерін беріп тұрды. Олар бұл кезде барынша бостандықта 
өмір сүрді, себебі олар жеке иеліктерге бекітіліп берілмеген еді.
Балқан түбегінің бірқатар аудандарында мемлекеттік жерлерді мекендеп, 
заттай және ақшалай рента төлеудің орнына мемлекет пайдасына жұмыспен 
өтеу міндеткерліктерін атқаратын шаруалардың қоныстары да болды. Олар 
әскери көмек немесе шекара күзету қызметтерін, жолдарды күзету, жөндеу 
жұмыстарын, т.б. атқарды. Мұндай шаруалар өздерінің қызметтері үшін ақы 
алды немесе төлеуге тиісті салықтың бір бөлігінен босатылды. Бұл 
шаруалардың спахилерге қарағанда экономикалық және құқықтық жағдайлары 
әлдеқайда қолайлы болды.
Түрік мемлекетінің әбден қуаттанып, кемеліне келген кезі ХV ғасыр мен 
ХVІ ғасырдың бірінші жартысы болды. Сұлтан Сүлейман Великолепныйдың 
(1520 – 1566 
ж.ж.) билік құрған кезінде түріктердің Еуропа, Африка және 
Азияда жүргізген ірі жаулап алушылық әрекеттері аяқталды. ХVІ ғасырдың 
орта шенінде Түркия үш құрлықта да кең байтақ иеліктері бар орасан зор 
мемлекет болып табылды.
Бірақ, ХVІ ғасырдың екінші жартысында оның құлдырауының алғашқы 
белгілері біліне бастады. Олар келесі жүз жылдықтарда үдей түсіп, ішкі 
қатынастарда да, әрі Түркияның сыртқы халықаралық жағдайында да елеулі 
өзгерістермен жүрді. Бұл құлдыраудың нәтижесінде орталық өкімет бірте-бірте 
әлсіреп, 
жергілікті 
пашалар 
мен 
шенеуніктердің 
арандатушылық 
тенденциялары үдей түседі. Мемлекеттік қаржы қоры сарқылды. Осының бәрі 
155 


Түркияның соғыс күштерінің нашарлауына және ең бастысы, соғыс-феодалдық 
құрылыстың мүлдем ыдырауына қарай ойысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет