Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады



бет11/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607
.....13-14
22

Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-әрекет,тіл,діл,дін, мінездік нышандар ұласады. Жаратушыдан жолданған жан арқылы ата-тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды Біз осы негізде өмірге келген жан иесін(аяғын басып тік тұрып,сөйлей алған шақтан)-ТЕКТІ ЖАН деп отырмыз.Қан арқылы берілген тектілік негіздері осы шақта ғылыми жолмен толық дәлелденген.Ататектен мінез нышандары берілетіндігін Фараби бабамыз: «адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатынабіткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет .»-десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады деп санап та көрсеткен: Джон Локк(1632-1704)-тың:«... олардың тум-ысынан болатын мінез-құлық қасиетін толық өзгер-теміз деп есептемеу-іміз керек,»- деген ескертуін де: естен шығарған жоқпыз.Жан арқы-лы берілетін тектілік нышандары қаншама күрделі бол-ғанымен,Алла тағалла өлшеп берген шанағынан аса алмасақ та,қазақтың даналары, ойшыл ғұламалары,әлемдік ақыл-ой алыптарының тұжырымдары, зерттеуші бүгінгі дәуір ғалым-дарының теориялары мен ілімдері әжептіәуір жәрдем бере алады.Сондықтан текті жанды-текті тұлға(кісі) болдырып қалыптастыру амал-айласын,әдіс-тәсілін,педагогикалық-психо-логиялық шарттары мен талап-тарын айқындаған көзқарас жүйесін-текті тұлға тәрбиелеу теориясы деген едік. Текті жан қалпынанКісі тұғырына көтерілу процесіне қоғам-дағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық өзгешеліктері,айтулы психикалық жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді.Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі,рухани күші оның өмір сүру  болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға-(КІСІ)  болып қалыптасуына атсалысып, тәрбиелеудің барлық құралдары (жырлары, әпсаналары, ертегілері,ойын т.б.) арқылы нәресте шағынан ұлттық тәрбиені(бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет,
23

өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі”-деген.Текті жанның кісі болу жолы, қалыптасу сатылары мен кезеңдері Тәрбиелеу қазақ ілімінде жан-жақты қарастырылған. Жаңа тұған наресте «адам» деп аталға-нымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менің басқа, яғни басқа мендерден адамдардан ажырата білуі тиіс.Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, керітартпа, бұзық, жауыз. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны иман-дылық. пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтиже-сінде біртіндеп қалыптасатын адамның азамат--тық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлше-мі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы,көргенді, көргенсізі т.б. түрлері болады.Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған.Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырым-дылық., ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілти-паттылық пен кішіпейілдік. Қазақ ұғымында, олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК. Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая алатын,сүйіп-жирене білетін, көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі.Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам. Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам болар баланың,кісіменен ісі бар, адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі. Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі. Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет