Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет14/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар
Колданбалы курс, математика ТЖБ 4-ТОҚСАН 3-СЫНЫП[1], ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС 7
«Дінтану негіздері»
курсының бағдарламасы 11 жылдық мектептің 9-
сыныптарына арналып әзірленген, ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 
бұйрығымен бекітілген. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының 
вариативті компоненті есебінен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану 
негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме (жылына 34 сағат) беріледі [13].
«Дінтану негіздері» курсын оқытудың мақсаты – оқушыларды әлемдік 
және дәстүрлі діндердің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы оқыту, олардың 
қоғамда 
алатын 
орны, 
діни 
сенімдерінің 
еркіндігін, 
қабілеттерін 
қалыптастыруға және алған білімдерін өмірде пайдалана алуға, рухани-
адамгершілік құндылықтары негізінде оқушыларды толеранттылық қасиетке 
тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру, сонымен 
қатар экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын 
қабылдамауға үйрету.
Курсты оқыту міндеттері – оқушылардың дін тарихы және оның қазіргі 
қоғамдағы рөлі туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету; діннің 
дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және гуманистік негіздерін ашу; 
толеранттылыққа және қазіргі діни білім мен ағымдарды сын көзімен бағалай 
алуға тәрбиелеу; Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық 
келісімдерді нығайту үшін азаматтық жауапкершілікке баулу; экстремизм, 
терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерін қабылдамауға 
тәрбиелеу; діни әдебиеттер, электрондық білім және бұқаралық ақпарат 
құралдар материалдарын сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін 


21 
қалыптастыру; құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары 
мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.
«Дінтану негіздері» курсының білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды 
қамтиды: «Дінтану негіздері» курсының мәні; Дін бастаулары мен тарихи 
түрлері; Буддизм, Христиан, Ислам; Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі орын 
алған діндер; Жаңа діни қозғалыстар; Қазақстан – конфессияаралық келісім 
аумағы.
Курстың нәтижесінде 9-сыныптың оқушылары дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар бойынша дін оқуына, діни өмірге, әлемдік және дәстүрлі 
діндердің құрылымына, тәжірибесі мен ерекшеліктеріне сипаттама бере алады, 
әртүрлі діндердің рухани өмірінен хабардар болады; діннің негізгі моральдық 
құндылықтарын түсіндіре біледі; дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірибесін 
экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардан айыра біледі; діни 
оқулардың әр алуан әлемінен хабардар болады. Тұлғалық нәтижелер бойынша 
оқушылар: дін оқуына, діни өмірге, әлемдік және дәстүрлі діндердің 
құрылымына, тәжірибесі мен ерекшеліктеріне сипаттама бере алады; әртүрлі 
діндердің рухани өмірінен хабардар болады; діннің негізгі моральдық 
құндылықтарын түсіндіре біледі; дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірибесін 
экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардан айыра біледі; діни 
оқулардың әр алуан әлемінен хабардар болуы сияқты артықшылықтар көрініс 
таба алады. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша оқушылар: діннің тарихы, 
оқуы және қазіргі жағдайы туралы жүйелі білімді меңгереді; әлемдік діндердегі 
киелі идеялардың негізгі мазмұны мен идеялары бойынша білімдерін жалпы 
эрудицияны, дінтанушылық сауаттылық деңгейін арттырады; экстремистік, 
террористік ұйымдардың, қауіпті діни ағымдардың идеологиясы мен 
тәжірибесіне қарсы әсер ету иммунитетін қалыптастырады; ғылыми, оқу 
әдебиеттерімен, электрондық дереккөздермен жұмыс істеуге, бұқаралық 
ақпарат құралдарын білім алу мақсатында пайдалануға дағдыланады.
Жалпы білім беру мекемелерінің базистік оқу жоспарының мектеп 
компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқу 
процесінде маңызды орын алатын қолданбалы және таңдау курстарын 
ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктеріне ерекше мән берілді. Аталған 
курстар бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы ретінде 
қарастырылады. Қолданбалы курстар бағдарлы пән бойынша берілетін 
теориялық білімнің қолданбалы сипатын ашып көрсетуге бағытталғандықтан, 
оларға барлық оқушылардың қатысуы міндетті. Қолданбалы курстар мазмұны 
пән тұрғысынан емес, оның практикалық пайдалығы тұрғысынан құралады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік 
жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 
бағдарламалық мақаласында:
– орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, 
жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» 
сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын.
Бағдарламалық мақаладағы тапсырмаға сәйкес еліміздің жалпы білім 


22 
беретін мектептерінің 
7-сыныптары үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет