Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет2/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар
Колданбалы курс, математика ТЖБ 4-ТОҚСАН 3-СЫНЫП[1], ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС 7
Кіріспе
Зерттеуге арналған тақырыптың өзектілігі:
Оқыту мен тәрбиелеудің басқа компоненттерімен салыстырғанда білім 
беру мазмұны ең негізгісі және тұрақтысы болып табылады. Сондықтан да 
білім мазмұнын жаңарту білім берудің жаңа жақтарын жасайды және 
педагогикалық шарттарға қажетті өзгерістер кешенімен қамтамасыз етеді.
Білім мазмұнын жаңарту аясында оқу бағдарламаларына енгізілетін 
өзгерістер мен толықтырылулардың, мектепте жүргізілетін таңдауы бойынша 
курстарға да қатысы бар.
Таңдауы бойынша курстар дербес білім беру бағдарламаларын құрудың 
маңызды құралы болып табылады, өйткені мектеп оқушысының білім беру 
мазмұнының элементтерін өзінің қабілетіне, қызығушылығына, болашақ 
жоспарларына байланысты таңдауына неғұрлым көп мүмкіндік береді.
Таңдауы бойынша курстар үш түрге бөлінеді:
1)
әдістемелік қамтамасыз етуді қолдануға негізделген, дәстүрлі пәндік 
курстар (мысалы, дағдылы факультативтік курстар, оқытудың модульдері, оқу 
пәндері бойынша қосымша сабақтардың түрлері және басқалар);
2)
пәнаралық курстар, олардың мақсаты – оқушылардың табиғат және 
қоғам туралы білімдерін біріктіру;
3)
базистік оқу жоспарына кірмейтін пәндер бойынша курстар:
– оқушылардың жақын және алыс болашақтары үшін тәжірибелік 
қызығушылықтарын тудыратын білім мен дағдыларды тереңдетуді;
– оқушылардың заманауи мамандықтар әлемінде бағдарлануы үшін 
тереңдетілген білім және практикаға бағытталған база құруды;
– оқушыларды таңдаған мамандықтарына сәйкес келетін, неғұрлым кең 
тараған іс-әрекет түрлерімен практика жүзінде таныстыруды талап етеді.
Таңдауы бойынша курс бағдарламаларының мазмұны пәндердің базалық 
тақырыптарын тереңдету мен кеңейту есебінен құрастырылады, сонымен қатар: 
оқу пәндерінің базалық мазмұнына; білім беру мекемелерінің бейініне
оқушылардың жеке тілегіне, қоғамның сұранысына және оқу бағдарламаларын 
жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады.
Сондай-ақ курстардың оқу мазмұны жаңашылдық пен маңыздылыққа ие, 
қызықты, бірақ стандартты емес болуы тиіс; базалық курстан ерекшеленуімен 
қатар оны толықтыруы және тереңдетуі тиіс; логикаға сәйкес құрастырылған 
материалдардың мазмұны білімнің кіріктірілуін, пәнаралық байланысын және 
практиға бағытталуын көрсетуі тиіс; жүргізілетін жұмыстар мен іс-әрекеттердің 
түрлері мен формаларын оқушылардың талаптарына сәйкес топтастыру қажет 
және олар оқушылардың дербестік пен тұлғалық қасиеттерін қамтамасыз етуге, 
ықыласын дамытуға бағытталуы тиіс.
Таңдауы бойынша курс бағдарламаларының мазмұнына қойылатын 
талаптар:
1)
білім берудің заманауи технологияларына бағытталуы;
2)
курс мазмұнының қойылған мақсаттарға және құрылымының логикаға 



сәйкестігі;
3)
оқушылардың оқу жүктемесінің нормаға сәйкестігі;
4)
бағдарламаларды әзірлеудің қолданыстағы талаптарына сәйкестігі;
5)
қажетті ақпарттар бар құралдардың болуы.
Білім беру мазмұнын жаңарту мектептегі таңдауы бойынша курстардың да 
мазмұнын өзгерту мен толықтыруды жобалайды. Өзгертулер мен 
толықтырулар келесі жағдайларды қарастырады:
– жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру арқылы білім мазмұнының 
практикаға бағытталуын күшейту;
– оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
– пәнаралық кіріктіруді күшейту және оқу материалдарын деңгейлер 
бойынша қайта бөлу арқылы оқу пәндерінің мазмұнын жүйелеу;
– білім мазмұнын саралауды күшейту;
– қазақстандық компонентті кеңейту;
тәжірибелік, сарамандық, зертханалық, жобалық-зерттеушілік және 
эксперименттік жұмыстар санын көбейту;
– бағдарламадағы ескірген, бүгінгі күні өзекті емес тақырыптардың орнын, 
қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жетілдіруді 
бейнелейтін материалдармен толықтыру.
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі таңдауы бойынша курстар типтік оқу 
жоспарының вариативтік компонентінің құрамына кіреді және оқушылардың 
қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес білім алу бейінін саналы түрде таңдауға 
дайындау арқылы, оқытуды тұлғаландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Нормативтік-құқықтық құжаттар аясында олар Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2013 ж. 25 шілдедегі № 296 және 2013 ж. 27 
қарашадағы № 471 бұйрықтарымен реттеледі.
Таңдауы бойынша курстар екі топқа бөлінеді, олар:
1.
ҚР БҒМ міндетті оқуға ұсынған курстар.
2.
Білім беру ұйымдары әзірлеген курстар.
Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жалпы 
білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарына арналған «Абайтану», 9-
сыныптарға «Дінтану негіздері», 7-сыныптарға «Өлкетану» міндетті 
курстарының оқу бағдарламаларын әзірледі.
Сонымен қатар типтік оқу жоспары бойынша, білім беру ұйымдары 
оқушылардың білімі, қызығушылығы және қабілеттеріне сәйкес таңдау 
курстарын өз беттерінше таңдайды және әзірлейді.
Жыл сайынғы «Жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін 
оқытудың ерекшеліктері туралы» басылымда Академия оқу пәндері 
мазмұнының вариативті бөлімінде таңдауы бойынша курстардың тізімін 
ұсынады.
Бұл құралдың мақсаты
ҚР жалпы білім беретін ұйымдарындағы таңдауы 
бойынша курстардың жағдайына және ұйымдастырылуына талдау жасау болып 
табылады.
Негізгі мақсаттан 
келесі міндеттер
туындайды:



– білім беру ұйымдарындағы таңдауы бойынша курстардың мазмұны және 
ұйымдастырылуы бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;
– ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған таңдау курстарының 
мазмұнына және ұйымдастырылуына талдау жасау;
– жалпы білім беретін ұйымдардың өздері әзірлеп жүргізетін таңдауы 
бойынша курстардың жағдайы мен ұйымдастырылуын қарастыру;
– инновациялық жалпы білім беретін ұйымдарда таңдауы бойынша 
курстардың жүргізілуі тәжірибесін зерделеу («Назарбаев Зияткерлік 
мектептері» ДББҰ, ҚТЛ, «Мирас», «Көгiлдiр желкен – 
Blue sail
– Голубой 
парус»,
 
«Хэйлибэри» халықаралық мектептері және басқалар). 
 
Оқушылардың қажеттілігі туралы мониторинг материалдары, шетелдік 
және отандық ғалым-педагогтардың еңбектері, әлеуметтік сауалнамалар, пәндік 
салалар бойынша оқу материалдары және құжаттар 
зерттеу базасы
болып 
табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет