Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет48/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126

Сату үйлестірушісі (супервайзер)



Лауазымдық міндеттері. Штат кестесіне, жұмыс сапасы стандарттарында белгіленген нақты жұмыс ауқымын орындауға сәйкес жұмыс кестесінің, қызметкерлерді орналастырудың сақталуына бақылау ұйымдастырады. Қызметкерлердің материалдық-техникалық, өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуін тексереді, жұмыстың тоқтап қалуының, авариялардың, уақытша тоқтатудың алдын алу шараларын қабылдайды. Әрбір қызметкердің жұмыс сапасын, жұмыс уақытын тиімді пайдалануын бағалайды, сондай-ақ қызметкерлерге қосымша міндеттерді жүктеу мүмкіндігін қарастырады. Жұмыс міндеттерін орындаудың басымдығы мен кезектілігін айқындайды. Ұйымда қабылданған көтермелеу және жазалау жүйесін қолдану мүмкіндігі мен тәсілдерін айқындайды. Жұмысын үлгере алмай жүрген қызметкерлер өз жұмыстарын өздігінен орындауға қабілеті болмаған жағдайда оларға оқу курстарын және жеке тәлімгерлікті ұйымдастырады, ал оқыту нәтижесі қанағаттанғысыз болған жағдайда ұйым басшылығына аталған қызметкерлер лауазымына (орындайтын жұмысына) сәйкес келмегендіктен, оларды жұмыстан босатуға жібереді. Жұмысқа қабылданатын кандидатураларға қойылатын талаптардың өлшемдерін айқындайды және үміткерлерді іріктеуге қатысады. Сауда жұмысшыларының жұмысына аудит жүргізеді. Әр сауда нүктесінде нақты тапсырмалар мен санаты негізінде қозғалыс бағдарлары мен клиенттердің келуінің айлық жоспарларын түзетеді және әзірлейді. Мерчендайзерлерден келіп түсетін тапсырыстарды береді. Сауда агенттерінен тапсырыстар қабылдайды. Сауда агенттері және мерчендайзерлерімен жедел ақпаратпен алмасады. Кеңестерді ұйымдастырып, өткізеді, бағдарларда пайда болған проблемаларды шешеді. Сауда нүктелерін тауармен толтыру бойынша сату бөлімі бастығымен өзара әрекеттеседі. Сауда агенттері және мерчендайзерлердің клиенттерге қызмет көрсету сапасын және клиенттердің келу жиілігін бақылайды. Жұмыстарының сапасы туралы есеп алу және олардың ынталандыру тиімділігін бақылау үшін сауда агенттері мен мерчендайзерлеріне арналған «кері байланыс» ұйымдастырады. Сату көлемінің ұлғаю жолдарын анықтайды және оларды іске асырады. Дистрибьютордың сату стратегиясын әзірлеуге қатысады, дистрибьюторға өнімді сату бойынша көмек көрсетеді. Барлық әлеуетті клиенттер туралы ақпаратты жинайды, оларды жандандыру әдістерін анықтайды, олардың әрі қарай ынтымақтасу себептерін анықтайды, сапарларды талдайды және келешектегі стратегияларды әзірлейді. Тауардың клиентке жеткізілуін бақылайды. Негізгі клиенттермен келіссөздер жүргізеді. Сатудың және олардың өсу мүмкіндіктерінің серпінділігін талдайды. Қойманың жұмысын бақылауды және қоймадағы өнімнің қорын бақылайды. Тауардың қажетті және резервтік қорын жоспарлайды. Дистрибьюторлармен бірлесе отырып, кезеңге тапсырыстарды жасайды. Дистрибьюторларға тауардың жеткізілуін және жоспардың орындалуын бақылайды. Тиімді құжат айналымын, ақаулы өнімді қабылдауды ұйымдастырады, дистрибьюторлармен бірлесе қойылған ақаулы тауарды қайтаруды азайту бойынша шаралар қабылдайды. Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: ұйымның қаржы және шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; кадр саясаты және ұйымның стратегиясы; нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздері; жалпы және арнайы психология, әлеуметтану және еңбек психологиясының негіздері; ұйымның құрылымы мен штаты, ұйым дамуының мамандануы мен перспективалары; бағынысты қызметкерлердің күшті және осал жақтарын бағалау әдістері; ұйым қызметінің негізгі технологиялық процессі; жұмыстың әрбір түрі үшін сапа және уақыт нормалары; болжамдарды, перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеудің әдістері мен тәртібін; өткізу нарығының даму перспективасы; азаматтық құқық; ұйымның өніміне сұранысты зерделеу әдістері; ұйым өнімінің көтерме және бөлшек бағалары; өнімді сақтау және тасымалдау стандарттары; келіп түсетін шағымдарға жауап дайындау тәртібі; қойма шаруашылығын ұйымдастыру; іскерлік қарым-қатынас этикасы, ұйымдастырушылық-басқарушылық және кадрлық міндеттерді шешу әдістері; заманауи есептеу техникасын, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты сату үйлестірушісі (супервайзер): Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты экономист лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санатты сату үйлестірушісі (супервайзер): Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз сату үйлестірушісі лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Сату үйлестірушісі (супервайзер): Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды.



Бөлімше басшысы (шаруа қожалығының басшысы)

(ферма, ауыл шаруашылық учаскесінің басшысы)
Лауазымдық міндеттері. Бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық етеді (ферма, ауыл шаруашылық учаске). Өндіріс бойынша тапсырмаларды әзірлеуге және ауыл шаруашылықты өнімді тапсыруға қатысады және олардың орындалуын бақылайды. Еңбек ресурстары, жер, ғимараттар, құрылыстар, техникалық және өндірістің басқа құралдарының тиімді қолданылуын, өндірістің ұйымдастырылуын, өндірістік процестердің механизациясы мен автоматтталуын, еңбек өнімділігін жоғарылатудың резервтерін пайдалану мен анықтауды қамтамасыз етеді. Өндірістің ресурсты үнемдеуші технологияларын, ауыл шаруашылықты дақылдардың өнімділігі жоғары сұрыптарын жасаудың озық әдістерін енгізуді және өнімділігі мол және жоғары тиімділігі бар малдың асыл тұқымын шығаруды ұйымдастырады. Еңбек, материалды және қаржы ресурстарының үнемделуіне қол жеткізеді. Еңбек ақы мен сыйақы берудің жүйесін, еңбектің ғылыми-негізделген нормаларын қолдануды, өнертапқыштық пен рационалдауды дамытуды қамтамасыз етеді. Бөлімше, ферма, ауыл шаруашылықты учаскенің өндірістік қызметі туралы орнатылған есептіліктің құрылуы мен есепке алынуын ұйымдастырады. Жұмысшылардың еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын бақылайды, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс және өндірістік санитария бойынша ережелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Кадрлардың біліктілігін жоғарылату мен дайындығын ұйымдастыруға қатысады.

Білуге тиіс: Ауыл шаруашылықты өндіріс сұрақтары мен бөлімшенің (ферма, ауыл шаруашылықты учаске) өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері; ауыл шаруашылықты өндіріс технологиясын және озық отандық және шетелдік ауыл шаруашылық тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері, еңбек ақы, материалдық және рухани ынталандыру жүйелері; еңбекті нормалау әдістері; жер, салық заңнамасы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілігіне қойылатын талаптар. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы 3 жылдан кем емес немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет