Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет83/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126

Еңбек жөніндегі техник



Лауазымдық міндеттері. Білікті маманның басшылығымен ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек ақы және еңбек бойынша жылдық жоспарлары мен болашақ жобаларды құруға қажетті есептерді, еңбекті ұйымдастыру бойынша жетілдіру жоспарларын, өндірістік бағдарламаның еңбек көлемін, еңбекақы қорын және қызметкерлер категориялары бойынша қызметкерлердің санын анықтау. Еңбекті ұйымдастыру бойынша жетілдіру жоспарлары мен бағдарламаларындағы көрсеткіштерді жекелендіріп көрсету бойынша жұмыстарға, еңбек төлеуді ұйымдастыру жүйесі, жұмыс уақытын қолдану және қолданыстағы нысандарды қолданудың тиімділігін зерттеу жұмыстарына қатысып отырады, сонымен қатар өндіріспен байланысты жағдайларда еңбек бойынша нормативтік материалдарды енгізу және апробациялауда қатысады. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттарды өңдейді, олардың талдауында және еңбек ресурстарын қолдануда материалдық және моральдық ынталандыру нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарын жасауға қатысады. Коллективтік келісім шартта қарастырылған міндеттемелерді және еңбекақы және еңбек бойынша жоспардың орындалуының есебін жүргізеді. Ұйымның бөлімшелерінен келіп түскен есепке алу және есептілік құжаттамаларын қабылдайды, оларда ашылған ақпарат пен есептеулердің толықтылығын, олардың қолданыстағы еңбек бойынша ережемен сәйкестігін тексереді, материалдық ынталандыру. Еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бойынша әртүрлі анықтамалар дайындауға ақпараттар жинақтайды, белгіленген есептілікті құру үшін еңбек көрсеткіштерін жинақтайды, өңдейді және жүйелейді. Жұмыс барысында қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдануға қажетті әрекеттерді қабылдайды.

Білуге тиіс: экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбекақы және еңбек бойынша жылдық жоспарлары мен болашақ жобаларды құруға қажетті есептері, еңбекті ұйымдастыру бойынша жетілдіру жоспарлары, өндірістік бағдарламаның еңбек көлемі, еңбекақы қоры және қызметкерлер санаттары бойынша қызметкерлердің санын анықтау бойынша есептерді жасау тәртібі; еңбекақы төлеу жүйесі мен нысаны, материалдық және моральдық ынталандыру; жұмыс бойынша біліктілік анықтамалары және қызметтік лауазымдығы қызметкерлердің кәсібі; сыйақы берудің тәртібі мен шарттары; еңбек және еңбекақы бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау тәртібі; ұйымның қолданысындағы есеп және есептілігінің нысандары; өндіріс технологиясының негіздері; есептеу техникасын пайдалану тәртібі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

Еңбек бойынша I санатты техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және II санатты техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Еңбек бойынша II санатты техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және санатсыз техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Еңбек бойынша техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.



Техник-программист
Лауазымдық міндеттері. Есептеу орталығына келіп түскен барлық ақпаратты механикалық және автоматты түрде өндеумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды атқарады, өндірістік және ғылыми-зерттеу сипатындағы экономикалық шешімдер технологиясын және өзге тапсырмалардың жасалуын қамтамасыз етеді. Ақпараттарды жүйелі өндеу мен машинаны математикалық қамтамасыздандыру жүйесін бағдарламалауға қатысады. Есептеу үдерісін жүзеге асырумен байланысты дайындық операцияларын орындайды, машиналардың жұмысын бақылап отырады. Ақпаратты өңдеудің технологиялық үдерісінің технологиялық схемасын, тапсырмаларды шешу алгоритмін, коммутация схемасын, макеттер, жұмыс жасау нұсқауларын және қажетті түсіндірмелерді құрастырады. Қарапайым тапсырмаларды шешу бағдарламасын құрастырады, жөнге келтіру және жұмыстың жеке кезеңдерін байқап көру мақсатында тексеріс ұйымдастырады. Ақпаратты таратушыларды техникалық дайындау бойынша жұмысты орындайды, олар есептеуіш машиналарға ақпараттарды енгізуді автоматты түрде қамтамасыздандырады, нормативті ақпараттық база бойынша көрсеткіштерді жүйелей және жинақтау бойынша, шығыс құжаттарының нысандарын жасау, жұмыс бағдарламаларына уақытында түзету енгізу және қажетті өзгерістер кіргізу бойынша жұмыстар жүргізеді. Ақпаратты өңдеудің технологиялық үдерісінің әртүрлі операцияларын орындауда қатысады (кіріс құжаттарын қабылдау және бақылау, шығыс ақпараттарын дайындау, ақпаратты өңдеу, шығыс құжаттамаларын шығару және оны тапсырысушыға тапсыру). Машинаның уақытын және орындалған жұмыс көлемін қолданудың есебін жүргізеді.

Білуге тиіс: ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу әдістері; есептеуіш техника құралдары, ақпаратты жинақтау, тапсыру және өңдеу және оларды пайдалану ережелері; механикаландырылған және автоматтандырылған ақпараттың технологиясы; жұмыс бағдарламалары, нұсқаулар, макеттер және есептік операциялардың орындалу техникасы және кезектілігін анықтайтын басқару материалдары; ақпаратты тасымалдаушылардың техникалық түрлері, оларды пайдалану мен сақтау ережелері; қолданыстағы санауыштардың, шифрлардың, кодтардың жүйелері, бағдарламалаудың негізгі құрастырылған тілдері; бағдарламалау негізі; есептеуіш жұмыстар мен есептеулерді жүргізу әдістері; орындалған жұмыстарды есепке алу әдістері; экономика, еңбек және өндірісті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты техник-программист: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және II санатты техник-программист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санатты техник-программист: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және II санатты техник-программист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Техник - программист: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.

Техник-технолог


Лауазымдық міндеттері. Анағұрлым білікті маманның басшылығымен жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға және әзірленетін техникалық тапсырмалардың жобаларына сәйкестігін, өнімнің жоғары сапасының сақталуын, оларды жасауға материалдық және еңбек шығындарын қысқартуды қамтамасыз ете отырып, прогрессивті технологиялық процестерді және өнімдердің қарапайым түрлері мен олардың элементтеріне өндірістің оңтайлы режимдерін әзірлейді. Бөлшектерді өңдеу мен бұйымдарды құрастырудың операциялық бағдарын оларды әзірлеу және технологиялық кезектіліктің барлық операциялары бойынша бақылау процесінде белгілейді. Технологиялық процесс картасын, керек-жарақтар ведомосін және де басқа технологиялық құжаттама құрастырады. Жобаланатын техника және технология объектілерінің техникалық деңгей көрсеткіштерін патенттік зерттеу және айқындауды жүргізуге, әзірлеген технологияда көзделген айлабұйымдарды, керек-жарақтар мен арнайы аспаптарды жобалауға техникалық тапсырмалар құрауға, цехтарда технологиялық процестерді енгізуге, өнімдегі кемшілік себептерін анықтауға, олардың алдын алу және жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Өндіріс технологиялық процестерімен және режимдерімен байланысты техникалық құжаттамаға өзгерістерді ресімдейді және олардың ұйым бөлімшелерімен келіседі. Техникалық негізделген уақыт нормаларын әзірлеуге қатысады, бөлшектер және операциялар бойынша нормативтерді есептейді, шикізат, материалдар, құралдар, отын және энергия шығыны нормалары, жобаланатын технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін есептейді. Ұйымның өндірістік бөлімшелеріндегі технологиялық тәртіптің сақталуын және жабдықтарды пайдалану ережесін бақылайды. Технологиялық жабдықтарды санауға, жобаланатын технологиялық процестерді тексеру және игеру жөніндегі экспериментальды жұмыстарды және өндіріс режимін жүргізуге қатысады.

Білуге тиіс: өндірістің технологиялық даярлау жүйесі; технологиялық құжаттаманы жобалау, әзірлеу және ресімдеу стандарттары, техникалық шарттары, нормативтік, әдістемелік және басқа да басқарушы материалдар; технологиялық процесс немесе өндіріс режимі әзірленетін бұйым немесе өнім құрамының құрылымы; жобаланатын объектінің техникалық сипаттамалары мен оларға қойылатын талаптар; ұйым шығаратын өнімді өндіру технологиясы; ұйымның негізгі технологиялық жабдықтары және оның жұмыс принциптері; үлгілік технологиялық процестер мен өндіріс режимдері, патенттік зерттеулерді жүргізу әдістері; технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау кезінде еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары; экономика, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы техник-технолог: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және ІІ санаттағы техник-технолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ІІ санаттағы техник-технолог: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және санатсыз техник-технолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Техник-технолог: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды

Тауартанушы
Лауазымдық міндеттері. Материалдық ресурстарға қойылған талаптарды, олардың сапасының стандарттарға, техникалық талаптарға және басқа нормативтік құжаттарға, сондай-ақ жасалған шарттарға сәйкес келуін айқындайды. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларының өндіріс жоспарларына сәйкес келуін айқындауға, шарттық міндеттемелердің орындалуын, шикізаттың, материалдардың, отынның, жабдықтың және дайын өнімнің түсуін және сатылуын бақылауға, сапасыз тауар-материалдық құндылықтар жеткізілгені жөнінде наразылық білдіру үшін деректер және тапсырыс берушінің талап-шағымдарына жауаптар дайындауға қатысады. Қоймаларда материалдық ресурстардың және дайын өнімнің болуын бақылайды. Жеткізушілермен және тұтынушылармен байланыс жасауды жүзеге асырады және өнімді тиеп жіберуге арналған құжаттарды ресімдейді. Ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өнім өткізу, сапасын бақылау жөніндегі стандарттарын әзірлеуге және ендіруге, шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықты және дайын бұйымдарды тасымалдауды және сақтауды ұйымдастыруға қатысады. Тауар-материалдық құндылықтардың түсуі және сатылуы жөнінде жедел есеп жүргізеді, қайтарылатын ыдысты уақтылы тиеп жіберуді бақылайды, қажет болған жағдайларда түспеген жүктерді іздестіруді жүргізеді. Түгендеу жүргізуге қатысады, артық шыққан нормативтен тыс материалдық ресурстар мен жарамсыздықтардың пайда болу себептерін зерттейді, оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдайды. Қоймалардағы тауар-материалдық құндылықтарды сақтау ережелерінің сақталуын, дайын бұйымдарды тұтынушыларға жіберуге дайындықты бақылауды жүзеге асырады, өнім жеткізуге және сатуға байланысты қажетті құжаттарды ресімдейді, белгіленген нысандар бойынша есептілік жасайды.

Білуге тиіс: жоғары тұрған органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және өнім өткізуге қатысты қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылыққа алатын және нормативтік құжаттары; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері; тауар-материалдық құндылықтардың стандарттары және техникалық талаптар, олардың негізгі құрамы және сапалық қасиеттері; материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу және шаруашылық шарттарын жасау тәртібі; тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу әдістері, оларға қажеттіліктің есебі; есепке алу құжаттарының нысандарын және есептілікті жасау тәртібі; кеден ережелері; іскерлік қарым-қатынас этикасы; қойма шаруашылығын және өнімді өткізуді ұйымдастыру; тауар-материалдық құндылықтарды жеткізу, сақтау және тасымалдау талаптары; қолданылып жүрген бағалар мен прейскуранттар; материалдық ресурстардың өндірістік қорларының нормативтері; өндірістің негізгі технологиялық процестері; шығарылатын өнімнің номенклатурасы және ассортименті; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы тауартанушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ІІ санаттағы тауартанушы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ІІ санаттағы тауартанушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тауартанушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Тауартанушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі болуы, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі, кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.




Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет