Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 21-5 Тексерген: Кулиев Ильяс Алматы 2021 Жоспар


Макдональдс – идеал франчайзи портреті



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі291,05 Kb.
#123733
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
срс2касипкерлик
Healthy food ukjccfhbq
Макдональдсидеал франчайзи портреті(Неліктен?).
Mc Donald’ Corporation бүкіл әлемге танымал және әлемдегі елде 31 мыңнан астам сауда нүктелері бар әлемдегі ең үлкен фаст-фуд мейрамханаларының желісі болып табылады.
McDonald's тек жылжымайтын мүлікке инвестор ретінде ғана емес, сонымен қатар франчайзер мен мейрамхана операторы ретінде де пайда табады. McDonald's барлық желілік мекемелердің он бес пайызын ғана басқарады, ал қалған сексен бес пайызды франчайзинг бойынша серіктестер басқарады.
Жақында ғана отандық кәсіпкерлер McDonald's франшизасын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл опция өз ісін ашуға және капиталды тиімді инвестициялауға өте қолайлы. Мұндай франшизаның бағасы негізінен географиялық факторларға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Дегенмен, мейрамхананың ашылатын қаласы мен еліне қарамастан, кез келген жағдайда баға айтарлықтай жоғары.
Ресейде франчайзинг схемасына көшудің себебі тез тамақтану нарығындағы бәсекелестіктің қарқынды өсуінде жатыр. McDonald's негізгі бәсекелестері - Wendy's және BurgerKing. Енді оның франшизасын қолында берік қаржылық активтері бар кәсіпкерлер сатып ала алады.


Табысының құпиясы.
Біріншіден, бұл стандартизация. Қарапайым аудандарда тұратын адамдар өздерінің кішкене "Макдональдстерін" ұната тұрып, әрқашанда қаланың орталығында орналасқан мейрамханасына кіреді. Өйткені оларға екі жерде де бірдей дәрежеде сапалы қызмет көрсетеді және дәмді тағамдарды ұсынады. Брендтің танымал болуының екінші құпиясы - бұл бизнесті жүргізудің толық ашықтылығы болып табылады. Көптеген тұтынушылар Макдоналдсты дәл осы қасиеті үшін ұнатады. Мұнда алдау - жоқтың қасы. Сонымен қатар, Макдоналдс, клиентті жылдам тамақтандыру желілерінің ішінен жабдықтаушылармен ұзақ уақытқа келісім жасататын компаниялардың бірі болып табылады. Осыған байланысты жабдықтаушылар тек жоғары сапалы және балғын азық-түліктермен қамтамасыз етеді. Компанияның тағы бір қосымша артықшылығы ретінде - оның әрдайым жаңа технологиялар мен қызмет көрсетуді жаңартып отыру болып табылады.


Бәсекелестіктегі қадамдар.
Прогрессивті және заманауи бренд атағын жоғалтпау үшін бұл фаст-фуд мекемелері көптеген тұтынушыларды әртүрлі жолдармен тартуға тырысады.
Ең жаңа идеялардың арасында:

  1. Тұтынушыға өзіне-өзі қызмет көрсету үшін жаңа электронды стендтерді орнату. Осылайша, келушілер оператордың қатысуынсыз гамбургер немесе басқа тағамдарды өз бетінше таңдай алады. Мұндай арнайы дүңгіршектер адам көп жиналатын орындарға орнатылады. Мысалы, оларды әуежайларда немесе вокзалдарда көруге болады.

  2. Үстелдерде клиенттерден тапсырыстарды қабылдау. Бұл идея компания өнімдерін өткізу деңгейін арттыру мақсатында арнайы жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары фастфуд нарығы үнемі жаңа брендтермен толығып отырады. Сондықтан өз деңгейін сақтап қалу үшін бұл мейрамханалар желісі осындай қызмет түрін ойлап тапты.

  3. Қаптаманы ашық және түрлі-түсті және т.б. түстерге өзгерту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет