Ақпараттық білім беру ортасы (або) – Информационно–образовательная среда (иос)



бет4/5
Дата29.01.2022
өлшемі82,8 Kb.
#115640
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 модуль тест
ТРА Алимбет новый 2018, ацна, 10465983
Практика

Қоғамды ақпараттандыру дегенді қалай түсінесіз…

— глобалды əлеуметтік процесс. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру болып табылады.

7.2 Оқу мақсатындағы компьютерлік бағдарламалар 118

Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әліде айқындалатын  жақтары көп екенін  ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көңіл бөліп, көпетеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландарып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компютердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.

            Оқу жүйесінде информациялық техналогияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі  оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.

            Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:

·               компьютерді оқыту ісінің  қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

·               оқу үрдісін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;

·               компьютерге жүктелетін функциялар тізбегін анықтау;

·               әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.

Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалынның негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту үрдісін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған  ақпараттық оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту үрдісінің «алшақтығы» білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып – үйрену үрдісі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағыына баса көңіл аудару ісі алдын – ала анықталады.

            Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық – оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

·               таратылып берілетін оқу материалдары;

·               бақылау және тестен өткізу материалдары;

·               жаттығулар;

·               сыныппен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып – үйренуге арналған әдістемелер;

·               әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір – бірімен алмастыру жолдары;

·               экраннан берілетін барлық ақпараттық – оқу материалдарын компьютердің мультимедаиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық – әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын – ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту – үйрету функциялары мен оқу үрдісін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімінен бөлек компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер, программалаушылар болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет