Ақпараттық білім беру ортасы (або) – Информационно–образовательная среда (иос)



бет5/5
Дата29.01.2022
өлшемі82,8 Kb.
#115640
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 модуль тест
ТРА Алимбет новый 2018, ацна, 10465983
Компьютерлік оқу құралын жасайтын шығармашылық топтың функцио-налдық құрамы:

ü            Пән мұғалімі

ü            Компьютерлік оқыту ісінің әдіскері, жалпы «сценарий» жасауды басқарушы

ü            Түрлі түстер үйлесімдігі мен дыбыс, анимация, мәтін бөліктері құрамын тағайындайтын және сондай материалдарды даярлау ісін басқаратын маман (дизайнер)

ü            Оқыту нәтижелерін тест арқылы бақылау ісінің маманы (әдіскер)

ü            Басқару алгоритмдерін кодтап, программа жасайтын маман (программалаушы)

            Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен жөн:

·               компьютерде қолданылатын ақпараттық – оқу материалдары мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;

·               берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғнм оқу үрдісіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін есекере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы тиіс;

·               оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке «сценарийін» жасайтындай мүмкіндіктері болуы қажет;

·               даярланған программаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу үрдісін басқару бөлігін жетілдіру тағы сол сияқтылар.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі.

Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және «Java» тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін FrontPage, Dreamviewer   программаларын пайдалану қажет.

Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазахстан тарихын, валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD – дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақарыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды.

Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі эканомиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді қажет етеді. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек.

Практика

Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және «Java» тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін қандай программаларды пайдалану қажет? Ашық текст

FrontPage, Dreamviewer    т.б

Тест


Компьютерлік оқу құралы дегеніміз?

  • білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын айтады

  • дискілерге жазылып даярланған оқу құралдары

  • — глобалды əлеуметтік процесс.

Оқушыларға арналған өнім?

Компьютерлік оқыту бағдарламасы



Қашықтықтан оқыту бағдарламасы

Қалаптастырушы бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет