Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет38/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   209
Ә. Әлімжанов көшесі
Ә.Әлімжанов көшесі Шымкент қысқа көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 923,5 м.
Әнуар Әлімжанов (1930-1993) – жазушы, журналист. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. «Отырар ескерткіші», «Жаушы», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі» атты тарихи романдардың авторы.
Ә. Бөкейхан көшесі
Ә. Бөкейхан көшесі Ғ. Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ағыбай батыр, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 846,3 м.
Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Ә.Бөкейхан зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман сиезіне қатысып, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды. Әлиханның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпықазақ сиезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 жылғы желтоқсандағы сиезде «Ұлт Кеңесі» құрылып, оның аты «Алашорда» болып аталды. Бұл үкіметтің төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Ә. Бөкейхан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі.
Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ орталығы, БҰҰ өкілдігі, «Абай» кітап үйі орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет