Атырау облысы білім беру басқармасы


Мұнай мен газ қорлары және қабаттың мұнай бергіштігі



бет4/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
3.Мұнай мен газ қорлары және қабаттың мұнай бергіштігі
Белгілі бір нақты аймақтың Жер қойнауы ондағы мұнай мен газдың бастапқы потенциялық ресурстарымен сипатталады. Бұл шөгінді қабаттардағы барлық көмірсутектердің ресурсы. Ол категориялық қорлар мен ресурстардың жиыны. Егер аймақта өндіру жүргізіліп жатырса, онда қабатта белгілі бір уақытқа қалдырылған көмірсутек қорлары ағымдағы потенциалдық ресурстар деп аталады.
Мұнай мен газ ресурстарының жіктелуі. Мұнай мен газ қорларын екі топқа бөледі.
-геологиялық қорлар – пайдаланудың өндірістік жəне тауқұрылыс жағдайларын қанағаттандыратын тікелей шоғырда есептелген қорлар
-қалдық қорлар – берілген ауданда пайдалану шарттарының қиындығы, өнімнің аздығы, мұнай мен газ сапасының нашарлығы, скважина өнімділігінің төмендігі сияқты себептерден өндіру тиімсіз болып келетін қорлар.
Мұнай қорынан дүние жүзі бойынша ең алдыңғы қатардағы елдер:
Венесуэла (46,5 млрд. тонн, 17,8%), Сауд Аравиясы (36,5 млрд. тонн, 15,9%) жəне Канада (28 млрд. тонн, 10,4%). 2012 жыл соңындағы жалпы есеп бойынша əлемдік мұнай қоры 235,8 млрд.тонн. Қазақстан газ қоры бойынша 1,3 трлн куб.м (əлем қорының 0,7% құрайды). Дүние жүзінде газ қорының ең көп мөлшері Иранда (33,6 трлн. куб.м, 18%), Ресейде (32,9 трлн. куб.м, 17,6%), Катарда (25,1 трлн. куб. м, 13,4%). Жалпы əлем бойынша газ қоры 187,3 трлн.куб.м.
Мұнай бергіштік бұл – қабаттан алынған мұнай мөлшерінің қабаттың бастапқы қорына қатынасы. Мұнайбергіштік ағымдық жəне соңғы мұнайбергіштік болып бөлінеді. Ағымдық мұнай бергіштік, бұл игеру барысында (ағымында) алынған мұнай мөлшерінің бастапқы мұнай қорына қатынасы. Ағымдық мұнай бергіштік уақыт үнемі өзгеріп отырады жəне қабаттан мұнайды алу өскен сайын артады. Соңғы мұнай бергіштік, бұл игеру соңында өндірілген мұнай мөлшерінің қабаттың бастапқы қорына қатынасы. Мұнай бергіштік бірнеше факторларға тəуелді болады, ол мұнайды алу коэффициентімен (МАК) бағаланады. Əсіресе, қабаттан мұнайды алу механизмдеріне (əдістеріне) жəне қабаттан мұнайды толық босатуды сипаттайтын факторларға байланысты болады:
ɳ= ɳ1 · ɳ2
мұндағы ɳ1 - қабаттан мұнайды ығыстыру коэффициенті;
ɳ2 - қабатты игерумін қамту коэффициенті;
Қабаттан мұнайды ығыстыру коэффициенті деп өнімді қабаттан ығысып
шыққан мұнай мөлшерін, сол аймақтағы игерудің бастапқы кезіндегі мұнай мөлшеріне қатынасын айтады. Қамту коэффициенті деп өнімі ығыстырылған тау жынысы көлемінің барлық өнім орналасқан қабатқа көлеміне қатынасын айтады. Қабаттан мұнай алу коэффициенті негізінен қабаттың игеру режиміне (қандай да бір қабатқа əсер ету əдісінің болуы) байланысты болады. Газ жəне газконденсат кен орындары табиғи режимде игеріледі.

4

09

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет