Ұсынылған әдебиеттер:
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.
№ 11 Тақырып: Кіші калибрлі винтовканың, құрамы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, және оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Шағын калибрлі винтовка
ТОЗ – 8 шағын калибрлі винтовканың жалпы құрылымы, ұрыстық қасиеті, тағайындалуы.
Тула қару – жарақ зауытының ТОЗ – 8 шағын калиберлі винтовкасы атқыштарды алғашқы атуға үйрету және жаттықтыруға арналған.
Винтовканың ұрыстық қасиеті: калибрі – 5,6 мм; массасы: ТОЗ – 8 – 3,12 кг, оқтың бастапқы жылдамдығы – 310 м/с – ге жуық; ату жылдамдығы – минутына 10 – 12 рет; көздеу қышықтығы – 250 м; оқтың алысқа ұшу қашықтығы – 1200 м – ден 1600 м – ге дейін; оқтың қиратқыш күші 800 м – ге дейін.
Ұсынылған әдебиеттер:
Бастапқы әскери дайындық. Каргин С.Т. Алматы 2000 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.
№ 12 Тақырып: Пневмтикалық винтовканың құрылымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Винтовка ИЖ – 38
Осы сабақты тиімді өткізу үшін практикалық сабақтарда атыс дайындығына арналған сыныптарда тирлерде өткізген дұрыс. Себебі: студент, қаруды ұстап жалпы құрылысымен танысады. Оның бөлшектері мен механизмдерін көріп біледі, атуға үйренеді.
Құрылымы – поршын серіппелі
Калибр: 4,5
Ұңғының ұзындығы: 450мм.
Оқжатардың сиымдылығы: 1 оқ
Оқтың бастапқы жылдамдығы 150 м/с
Үрлегіш энергия: 7,5 Дж
Ұзындығы: 1050 мм
Ені: 40 мм
Биіктігі: 205 мм
Салмағы: 2,5 кг.
Достарыңызбен бөлісу: |