Ұсынылған әдебиеттер:
Бастапқы әскери дайындық. Каргин С.Т. Алматы 2000 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.
№ 10 Тақырып: Драгунов мергендік винтовкасының құрлымы және жауынгерлік қасиеті,оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөліктерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Драгунов мергендік вин,товкасының (ДМВ) материалдық бөлімі
Мергендік винтовканың ұрыстық ерекшеліктері мен қолданылуы
7,62 мм-лік Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің қаруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашық және бүркемеленген жеке нысандарды жоюға арналған.
Мергендік винтовкадан ату 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейілінше тиімді болды.
Атыстың көздеу қашықтығы 1300м
Ашық көздеуіш 1200 м
Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы 430 м
Ал көшпелі фигураға 640 м
Ұрыстың ату жылдамдығы 1 мин-та 30 атысқа дейін
Сүңгі – пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовканың салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүм жағын қоспағанда 4,3 кг болады.
Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері
Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден:
Ашық көздеуіш пен дүмнен, қорапшасы бар ұңғыдан;
Қайтармалы механизнен;
Бекітпе жақтауынан;
Бекітпеден;
Реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;
Ұңғы жабуынан (оң және сол);
Соққы – ағытқыш механизмнен;
Тежеуіштен;
Оқжатардан;
Дүм жағынан;оптикалық көздеуіштен;
Сүңгі – пышақтан тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |