Атыс дайындығы” 050104 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі



бет2/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,35 Mb.
#33225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:

  1. Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды (43-сурет), бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар – жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны “АВ”(автоматты ату) немесе “ОВ”( жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.

  2. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек. Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

  3. Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізінде гі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. (44-сурет). Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.



  1. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш – компенсаторын, пулеметтен – жалан сөндіргішін бөліп алу (45-сурет). Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың (жалпы сөндіргіштің) орнықтырғышы батырылады. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылықтежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет