Ұсынылған әдебиеттер:
Алғашқы әскери дайындық 10 кл Алматы 2004 жыл.
Алғашқы әскери дайындық 11 кл Алматы 2007 жыл.
№ 13 Тақырып: Танкіге қарсы қол гранатаметі құрамы, және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылысы, оны ұстау, күту сақтау
Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы
РПГ-7 және РПГ-7Д танкіге қарсы қол гранататқышы қарсыластың танкілерін өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылары мен басқа да сауытты құралдарға қарсы күрес жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар ол қарсыластың тасалар мен қала типтес құрылыстарында орналасқан адам күшін жою мақсатында да пайдаланылуы мүмкін.
Гранататқыштан атыс жүргізу ПГ-7В және ПГ-7ВМ кумулятивті әсер ететін танкіге қарсы калибрден үлкен гранатамен жүргізіледі.
Граната қарсыластың қазіргі заманғы танкілері мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларының барлық түрлерімен тиімді ұрыс жүргізуге мүмкіндік беретін сауытбұзарлық қасиетке ие.
Атыстың көздеу қашықтығы – 500 м.
Ұрыстық ату жылдамдығы минутына 4-6 рет.
Оптикалық көздеуіші бар гранататқыштың салмағы: РПГ-7 -6,3 кг, РПГ -7Д – 6,7 кг.
Ату (дәрілі зарядты гранаталар) салмағы: ПГ-7В – 2,2 кг, ПГ-7ВМ – 2кг.
Ұсынылған әдебиеттер:
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.
№ 14 Тақырып: Қол жарқыншақты гранатасының құрамы, қолданылуы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Қол гранаттары
Жарықшақты қол гранаттары (72-сурет) жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
Қазақстан армиясының қарулануында:
РГД – 5 қол гранаты;
РГН және РГО – қол гранаты;
Ф-1 қол гранаты бар.
Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД – 5 және РГН – шабуылдағы, Ф-1 мен РГО – қорғаныстағы гранаттарға жатады.
Жабдықталған гранаттың массасы – 310 г.
Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.
Достарыңызбен бөлісу: |