Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Жөндеу-механикалық шеберхана меңгерушісі



бет16/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
17-параграф. Жөндеу-механикалық шеберхана меңгерушісі

56. Лауазымдық міндеттері:


шаруашылықтағы тракторларды, ауыл шаруашылығы машиналарын және басқа да техника құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша шеберхананың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
тракторларды, ауыл шаруашылығы машиналарын, технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу графиктерін жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
техникалық қызмет көрсету қағидаларын сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын және техникаға сынақ жүргізуді ұйымдастырады;
жабдықтар, қосалқы бөлшектер, жөндеу материалдарын, аспаптарды, құрал-саймандарды және басқа да материалдық-техникалық құралдар сатып алуға есептеулер және өтінімдер жасайды;
рационализаторлық және өнертабыстық жұмыстарды, жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, тозған бөлшектерді қалпына келтіру бойынша ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені ендіруді ұйымдастырады;
жөндеу кәсіпорындары шаруашылығын техникалық құралдарын жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысады;
жөндеу шеберханасының жұмыскерлерін арнайы киіммен, қорғану құрылғыларын, құрал-сайманмен, инвентарьмен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
күн сайын еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту және жөндеу шеберханасындағы еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді;
техникалық негізделген өндіру (уақыт) нормаларын әзірлеуді және ендіруді, оларды белгіленген тәртіппен уақтылы қайта қарауды қамтамасыз етеді; жұмыс орындарының кезең-кезеңімен аттестатталуын ұйымдастырады;
еңбекті қорғау қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша еңбек заңнамасында көзделген уақтылы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді;
жөндеу жұмыстарын, жөндеуге арналған нормалар мен шаруашылық есептеу лимиттерінде көзделген қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды және ақшалай қаражатты жұмсауды бастапқы есепке алуды ұйымдастырады;
жөндеу шеберханасының жұмысы туралы ағымдағы және жылдық есептерді, жөндеу шеберханасының қарамағындағы жөндеу жабдығын және техниканы есептен шығару актілерін жасайды;
жөндеуге жататын техниканы және пайдалануға берілмеген жөнделген техниканы дұрыс сақтауды қамтамасыз етеді;
механизатор кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
57. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; шаруашылықтағы машиналар мен жабдықтардың конструкторлық ерекшелігін, оларды жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және оның тәртібін, жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы жетістіктер мен озық тәжірибені, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
58. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия бейініндегі докторы РhD, бейіні бойынша доктор) кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем емес немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет