Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Ветеринариялық дәріхана меңгерушісі



бет12/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
13-параграф. Ветеринариялық дәріхана меңгерушісі

44. Лауазымдық міндеттері:


Дәрі-дәрмектерді, биопрепараттарды, химикаттарды, дезинфекциялау құралдарын, құрал-сайманды, инвертарьды және ветеринариялық жабдықты қабылдау, беру және сақтау бойынша операцияларды орындайды;
Ветеринариялық тауарларды сүйемелдеуші құжаттары бойынша қабылдайды және ресімдейді, олардың сапасын, санын және техникалық жай-күйін, ветеринариялық биологиялық препараттар мен дәрілердің жарамдылық мерзімін тексереді;
Ветеринариялық құралдар қозғалысының тиісті есебін, кіріс-шығыс құжаттарының дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етеді;
Кәсіпорынды, шаруашылықты қажетті ветеринариялық тауарлармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Ветеринариялық тауарларды, химикаттарды, витаминдерді, биопрепараттарды және дәрілерді қоймаға қою және сақтау қағидаларын ескере отырып, қоймалық үй-жайды ұтымды пайдалануды ұйымдастырады;
Қоймалық үй-жайдың, жабдықтың және инвентарьдың техникалық жарамдылығын және олардың уақтылы жөнделуін, дәріхананы және қоймалық үй-жайды тазалықта және тәртіпте ұстауды, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
Шаруашылықтың дәрі-дәрмекке, биопрепараттарға, құрал-сайманға, аспаптарға, жабдыққа және басқа да ветеринариялық құралдарға деген қажеттілігін айқындауға, дәріханалық материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
Дәріханада тауарлардың бар-жоқтығы туралы жүйелі түрде картотека жүргізеді, ветеринар дәрігерлерді дәрілік заттардың бар-жоқтығы, жаңа профилактикалық және емдік препараттардың, аспаптардың, құрал-сайманның келіп түскені туралы хабардар етеді және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен таныстырады;
Дәрі-дәрмектердің, биопрепараттардың қозғалысы туралы ай сайын есептер жасайды және оларды бас ветеринар дәрігерге ұсынады.
Стандарттар, нұсқаулықтар, ережелер талаптарына жауап бермейтін ветеринария құралдарына рекламация жасайды және оларды өнім берушілерге ұсынады;
Фермалардың ветеринар дәрігерлеріне жіберілетін препараттарды сақтау, қолдану және дозалау қағидалары бойынша ұсыным береді;
Ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.
45. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды, 
2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңды (бұдан әрі – «Ветеринария туралы» Заңы),
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ветеринария, дәрілік заттарды сақтау, оларды жануарларды емдеу үшін қолдану, қойма шаруашылығын жүргізу мәселелері нұсқаулық материалдарын, фармакология және ветеринария негіздерін, жануарларды емдеу әдістерін, экономика және еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларды білуге тиіс.
46. Біліктілікке қойылатын талаптар:
еңбек өтіліне талап қоймастан (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (ветеринария) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет