Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас агроном



бет20/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
21-параграф. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас агроном

68. Лауазымдық міндеттері:


ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптерге, карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес бойынша жұмысқа басшылық жасауды жүзеге асырады;
өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік мекемелер өкілдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі зиянкестері және ауруларының саны мен даму серпінін анықтайды;
шаруашылықтармен өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша іс-шараларды орындауға шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар береді;
өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша жылдық және күнтізбелік іс-шаралар жоспарын жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
пестицидтерді қолдану мақсатында пайдаланылатын авиациянын жерүстіндегі қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
жоспарланған пестицидтерді дайындауды сәйкес келтіреді және олардың шаруашылықтарға уақтылы түсуін және тиісінше пайдаланылуын, агрегаттардың ұтымды жинақталуын қамтамасыз етеді, олардың ұтымды жұмыс режимін орнатады;
қызмет көрсетуші шаруашылықтармен ұтымды өндірістік-экономикалық байланыс орнатады;
өсімдіктерді қорғау және карантин жәбойынша орындалған жұмыстардың сапасын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
пестицидтерді қолдану жөніндегі арнайы техника мен жабдықтық стандарттардың белгіленген талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес сақталуын ұйымдастырады;
өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау бойынша ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені өндіріске енгізеді;
пестицидтермен жұмыс істеу кезінде еңбек, қоршаған орта қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
69. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды; 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды; 
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңды;
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңды;
«Тұқым шаруашылығы туралы» Заңды;
«Мақта саласын дамыту туралы» Заңды;
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңды;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктер қорғау және карантин мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, зиянкестерге және ауруларға қарсы күрестің әдістері мен құралдарын, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, өсімдіктер зиянкестеріне және ауруларына қарсы күрес жөніндегі отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек және жер заңнамаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
70. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет