Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет29/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
31-параграф. Бас гидрогеолог

95. Лауазымдық міндеттері:


гидрогеологиялық жұмыстар, бұрғылау және скважин желісі режимін орнатуды жүргізуде техникалық және әдістемелік басқаруды жүзеге асырады;
суармалы жерлердің мелиоративті жағдайына мониторинг жүргізуде ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруды жүзеге асырады;
суармалы жерлерді сулы-тұзды режимін жақсартуға бағытталған мелиоративті жұмыстар және су шаруашылығы шараларын жүргізу бойынша перспективті және оперативті жоспар жасауға қатысу;
суармалы жерлердің мелиоративті жағдайын үйренуге скважиндерде гидрогеологиялық бақылаулар жүргізуді ұйымдастыру;
суармалы жерлердің мелиоративті жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдарды жасау арқылы есептерін дайындауды қамтамасыз ету;
гидрогеологиялық жұмыстар және жаңа техника мен құрал-жабдықтар ендіруді орындау әдістерін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу, зерттеулер бақылау әдістерін жасайды;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік нормаларын және ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
96. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
2017 жылғы 27 желтоқсан № 125-VI ЗРК «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі),
Қазақстан Республикасы Су кодексі,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, жер мелиорациясы және сауалы бойынша әдістемелік материалдар және жадынамалық, нормативтік, басқарушылық, мелиоративті жұмыстар және гидрогеологиялық өндіріс технологиясы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
97. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(гидрогеология және инженерлік геология, су ресурстары жне суды пайдалану, гидрология, мелиорация, жерді қорғау және рекультивация) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет