Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет32/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
2-параграф. Агроном

104. Лауазымдық міндеттері:


бекітілген учаскеде жұмыстарды жүзеге асырады;
өнім өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйелерін игеру және өсімдік шаруашылығын одан әрі әртараптандыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;
ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін, топырақ құнарлылығын арттыру, жұмыс күшін, техниканы ұтымды пайдалану, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, өсім реттеуіштерін дұрыс қолдану бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мен жинаудың, азықтарды дайындау мен сақтаудың қарқынды технологияларын және озық тәжірибесін енгізеді;
ауыспалы егістің игерілуін және егіс алаңдарының ұтымды құрылымын қамтамасыз етеді;
тұқымдардың, отырғызу материалының, тыңайтқыштардың, химикаттардың және басқа да материалдардың дұрыс сақталуын ұйымдастырады;
бөлімше ішінде буындар, бригадалар қалыптастыруға қатысады және олардың оңтайлы мөлшерін айқындайды;
бөлімше үшін жұмыс жоспарларын, жұмыстарды орындау кестесін әзірлейді;
жаңа технологияларды, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізеді;
жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру бойынша қабылданған іс-шаралардың тиімділігін талдайды;
егіске, тыңайтқыштарды, тұқымдарды есептен шығаруға арналған актілерді уақтылы жасайды;
алқаптар тарихының кітабын және басқа да агрономиялық құжаттаманы жүргізеді;
есеп пен белгіленген есептіліктің жүргізілуін ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
105. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы»,
«Тұқым шаруашылығы туралы»
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңы;
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметіне қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының агротехникасын және тұқым шаруашылығын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған қолданыстағы стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
106. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санатты агроном: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және IІ санатты агроном лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
ІІ санатты агроном: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ агроном лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе (агрономия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ агроном лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Санаты жоқ агроном: Еңбек өтіліне талап қоймастан (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет