Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном



бет34/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
4-параграф. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном

110. Лауазымдық міндеттері:


жоғары сапалы тұқым сорттарын және отырғызу материалын өсіру бойынша, сондай-ақ, шаруашылық үшін қажетті мөлшерде тұқым қорын құру, республикалық қорға сорттық және гибридтік тұқымдар жеткізудің шарттық міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
тұқым шаруашылығы бойынша жоспарлы құжаттама жасайды;
тұқымдық учаскелер отырғызудың барынша оңтайлы мерзімдерін, жоғары сапалы тұқым алу мақсатында оларды күтіп-баптау бойынша агрономиялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
сорттық егістіктерді сынақтан өткізуді жүргізеді;
тұқым шаруашылығы егістіктерін уақтылы жинауды, тұқымды себуді, тұқымды жинаудан кейінгі өңдеуді, оларды жоғары егістік кемеліне дейін жеткізуді ұйымдастырады;
тұқымның дұрыс сақталуын және тұқымдық мақсаттарға пайдаланылуын ұйымдастырады;
жаңа сорттарды өндірістік сынауды ұйымдастырады;
сорт ауыстыру және сорт жаңарту бойынша жұмыстар жүргізеді, жаңа өнімділігі жоғары сорттар мен гибридтерді өндіріске жеделдете енгізуді қамтамасыз етеді;
қажетті сорттар мен гибридтердің тұқымын және отырғызу материалын сатып алуға өтінімдер жасайды, шарттар ресімдейді, оларды уақтылы алуды қамтамасыз етеді;
тұқым сапасын жақсарту, тапшы және перспективалы сорттар тұқымдарының өндірісін ұлғайту, дәнді дақылдар тұқым шаруашылығын өндірістік негізге көшіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
тұқым шаруашылығы бойынша есепті және белгіленген есептілікті жүргізеді;
тұқым зертханасына талдауға тұқым үлгілерін уақтылы жібереді;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
111. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Тұқым шаруашылығы туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агротехниканы, тұқымдарды байқаудан өткізу және егістік сапаларын бағалау әдістерін, тұқым сапасын жақсарту тәсілдері мен әдістерін, тұқым өндіру және өңдеу технологиясын, тұқым шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
112. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Тұқым шаруашылығы жөніндегі І санатты агроном: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және тұқым шаруашылығы жөніндегі ІІ санатты агроном лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Тұқым шаруашылығы жөніндегі ІІ санатты агроном: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және тұқым шаруашылығы жөніндегі санаты жоқ агроном лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе (агрономия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Тұқым шаруашылығы жөніндегі санаты жоқ агроном: Еңбек өтіліне талап қоймастан (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім немесе (агрономия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет