Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет35/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
5-параграф. Агрохимик

113. Лауазымдық міндеттері:


топырақ құнарлылығын арттыруға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін ұлғайтуға бағытталған агрохимиялық іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;
өсірілетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылықтың топырақтық-климаттық жағдайларын, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың тиімділігін, химиялық қорғаныс заттарын, оларды қолдану тәсілдерін жүйелі түрде зерделейді және тыңайтқыштар мен басқа да химиялық заттардың қандай учаскелерде, қандай мерзімдерде және қандай мөлшерде қолданылу қажеттігін айқындайды;
ауыспалы егістер, тыңайтқыштар мен химиялық заттарға деген қажеттілік және оларды пайдалану жоспарларын жасауға қатысады;
агрохимиялық картограммалар жасауды ұйымдастырады, жыл сайын жұмыс кезеңінде оларды жекелеген ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша топырақ үлгілерін талдау негізінде түзетуді жүргізеді;
жекелеген шаруашылық бөлімшелерінде өнім өндірісі жоспарын әзірлеуге қатысады;
тыңайтқышты дайындауды және сақтауды, сондай-ақ, белгіленген нормаларға сәйкес топыраққа енгізуді ұйымдастырады;
тыңайтқыштар енгізу кезінде механикаландыруды және осындай жұмыстарды ұйымдастырудың озық тәжірибесін енгізуге қатысады;
топырақтың, жемшөптің, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, минералдық, органикалық тыңайтқыштардың және басқа материалдың сынамаларын дайындауды жүзеге асырады;
агрохимиялық зертхана жұмыскерлерінің физикалық-химиялық зерттеулер, экспресс-талдаулар жүргізуін ұйымдастырады, химиялық талдаудың жаңа әдістерін байқаудан өткізуді, зертханалық қондырғыларды, аспаптарды және жабдықтарды жұмысқа дайындауды жүргізеді;
талдаулар деректерін есептеуді және математикалық-статистикалық өңдеуді орындайды;
тыңайтқыштармен және өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарымен тәжірибелік жұмыс жүргізеді, өсімдік шаруашылығы өніміне зиянды заттардың рұқсат етілгеннен жоғары деңгейде қосылғаны, өндірілген өнімнің сапасы үшін жауапты болады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
114. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агрохимия саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; топырақтануды, агрохимияны, топырақты зертханалық зерттеу технологиясын, өсімдік сынамаларын, тыңайтқыштарды, химиялық материалдарды, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды, улы химикаттарды, гербицидтерді қолдану саласындағы ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
115.Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санатты агрохимик: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ІІ санатты агрохимик немесе агроном лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
ІІ санатты агрохимик: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ агрохимик немесе агроном лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес немесе (агрономия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ агрохимик немесе агроном лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Санаты жоқ агрохимик: Еңбек өтіліне талап қоймастан (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім немесе (агрономия) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет