«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7- сынып



бет1/2
Дата22.05.2020
өлшемі30,21 Kb.
#70470
  1   2
Байланысты:
әдебиет


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

7- сынып

1.Туған елім - ..., мұңым ,

Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің ... қалғандығым,

Сенің бассыз қалғандығың болмағай!

Берілген үзіндідегі көп нүктенің орнына қолданылатын сөздер қатарын белгілеңіз.

А) мақсат, елсіз

В) мүдде, жерсіз

С) арман, бассыз

Д) қайғы, туған жерсіз [1]


2. «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай?

А) дұрыс армандай білу қажет

В) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы

С) ата-ана сағынышы мен арманы

Д) ұлттық тілді құрмет тұту [1]
3. Берілген үзіндіде қандай айшықтау құралдары қолданылған?

Тәуелсізбін! –

Танып тұрмын өзімді.

Ұшырамын қанат байлап сөзімді.

Ешкім енді көкірегімнен итеріп,

Ешкім енді шұқымайды көзімді.

А) анафора

В) аллитерация

С) ассонанс

Д) эпифора [1]


4. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?

А) халқының сүйікті ұлы болатынына

В) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына

С) келешекте алып ескерткіш орнататынына

Д) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне [1]
5. – Келсеңші, ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді, Сапабекжан? – деп әлгі кемпір қапсағай сары жігітке қарады.

Сапабек алдына келген баланың қысқа кекіліне қолын тигізіп:

Ептеп түсінеді, – деді.

Қой, қазақша үйретіңдер.

Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған кінә жоқ, – деп Сапабек қазақша білмейтініне риза болғандай күлімсіреп, ақ сары келіншегіне қарады.

Тома мынаның бет-аузы кір, жуындыршы, – деді орысшалап.

Берілген диалог арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр?

А) туған тілді құрметтемеу

В) баласының орыс тілін білетіндігіне мақтану

С) көп тілді меңгеру мәселесі

Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі [1]


6. Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмады? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

Себебі оның келіні қазақша жөні - түзі білмеді , немересің оларға қалдырғысы келген жоқ. Немересіде ата әжесін көп көрмегесін оларға жақындамады. Жылына бірлет келіп - кететін. Менің өз ойымша әр адам өз туған тілің біліп , құрметтеуге қажет . Және баласын қалдырмағаны да дұрыс болмады деп ойлаймын
[2]

7. «...Батырлығы жоқ адамнан



Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (3-4 сөйлем).

Махамбет батыр ;батыр, мейірімді, ашық -жарқын ,достарын сатпайтын адам болған деп ойлаймын.

[2]
8. Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).

Бұл шығарманың қонақтар деп аталуы: Баласы ата анасына сирек келуі себеп болып отыр. Және де олар қонак болып азғантай уақытқа ата анасының көңілін қалдырмай келіп, кетерде ренжимендер деп баласын және жолдасын алып келип қалады.

[2]
9. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Слявян елдерінің әр ұрпағы,

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмай – деген жолдары мысал бола алады. Осы өлен жолында ақын басқа елге таралсада атым аталатынына сенген. [2]
10. Заңым менің,

бағым менің тәуелсіз.

Әнім менің,

дәнім менің тәуелсіз, -деген жолдардағы айшықтау тәсілін анықтаңыз, оның қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).

Тәуелсіздікке деген махаббаты ақын жырлап отыр. Алғаш рет тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі халықтың қуанышты сезімдерін бейнелеп, кейінгі ұрпаққа нақыштағаны. [2]
11.Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі оқиғасын өз ойыңызбен қорытындылай отырып, «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында шығарма жазыңыз.

Қонақтар әңгімесі ата анасы баласына деген ренішін балаға айтпай өздері іштерінен тынып, қалғандарын жақсы көріп отырды. Бірақ ұлдарының демалысы бітіп қалғандығын білдіріп, отбасымен бірге екетіп қалады. Олар кеткен соң әке қысқа отын керек деп сылтаулатып уйден кетіп, бар ойын, бойындағы аурыуын бари ойламай отынға жан тәнімен кіріседі.

«Ауылым – алтын бесігім»

Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған,жанына,журегіне жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы.Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады. Әркімге өз ауылы,туған жері мақтан. Дегенмен, менің кіндік қаным тамған өлкемді атағанда елең етіп,мойын бұрмайтын адам кемде-кем. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Атырау қаласында дүниеге келгендім. Балалық шағым алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр. Туған жерін бәрінен де ыстық екен. Ал, әкеснің туған жері ол – Аққыстау ауылы.



Жазғы демалыс кезінде әкемнің ауылына барып қыдарсамда, туған жерімнің түтіні мен шаңына дейін жазғы күндері шәуілдеп жатпайтын итім Мойнаққа дейін сағынам. Ал қалаға қайтқан кезде, қалаға жақындағанда бойыма ерекше қуат бітіп, туған қаламның ауасын ауыз толтыра жұтып, суын шөлім қанғанша рахаттанып ішіп аламын.

Туған бауырларыммен аунап - қунап қуаласып ойнаймын. Өз қаламды еш жерге айырбастамас едім. Әкемнің айтушы еді «Таңертең сабаққа сөмкемді арқама асып алып үй сыртына шықсам, апа - аналарымыздың қазан басында күйбеңдеп үй шаруасы, ас қамымен жүргені, көшеге шықсам, ауылдағы ақсақалдардың азанғы сиырларын өріске айдап, бір – бірімен қауқылдасып амандасып, жөн сұрасып тұрғандарын көремін. Көше бойлап келе жатып, алдымнан аппақ жұмыртқадай, әсем бой көтерген, ауыл мешіті, одан әріректе менің алтындай жарқыраған мектебім қарсы алады. Ондағы жүзі мейрімді апайларым күліп қарсы алады, сонымен қарбаласқа толы, қызықты сабақтар басталады» деп. Міне мұның бәрін әрбір адам баласына өз туған жері, ондағы орналасқан әрбір ғимарат әрбір зат ыстық. Өзімнің туған ауылыма деген махаббатым ерекше, әрбір адам бойында мұндай қасиет болатынына сенемін.

[5]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет