Қазақ тілі 2 «з» сынып Сан есім
Дата 27.12.2016 өлшемі 14,27 Kb. #5522 түрі Сабақ
Білімділік: Сан есім туралы түсінік беру. Сан есімді таба білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу. Психологиялық дайындық Біздің ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу». Мақсатымыз: “Еңбектену, 4 – 5-ке қол жеткізу”. Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай? Зат есімнің көптік жалғауларын ата? Етістік дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Дара және күрделі етістік дегеніміз не? Сын есім дегеніміз деген не? Оның сұрақтары қандай? Сөзжұмбақты шешу Апта күні Балалар ойнайтын зат. Қасиетті тағам. Үй жануары. Уақытты көрсететін зат. Сүттен жасалған тағам. Білім беретін орын. Сәуірдің он бесі Сынып жұмысы Сан есім Үш гүл. Бір доп. Алты қалам. Оқулықпен жұмыс 498-жаттығу Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Ол сөздер нені білдіреді? Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? Деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы. Оқулықпен жұмыс 499-жаттығу Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Тоғыз белбеу, қос жібек , Екі мұрын, бір шүмек. Сан есімдердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлемдер құра. 501-жаттығу. Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде. Бес, тоғыз, жетінші, отызыншы. Тірек сөздер бойынша “Серуенде” тақырыбына әңгіме құра. Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық. Серуенге он екі оқушы шықты. Олар бір құстың балапанын ұстап алды. Серуен қызықты өтті. Кәне, қанат жазайық , Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Мәтінді оқып, сан есімдерді тап. Қасиетті сандар туралы не білеміз? Үш жүз . Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: 1)Ұлы жүз, 2)Орта жүз, 3)Кіші жүз. Үш жұрт. Жігіттің үш жұрты бар: 1)өз жұрты, 2)қайын жұрты, 3)нағашы жұрты. Үш қуат: 1) Ақыл қуат, 2) Жүрек қуат, 3) Тіл қуат. Дүниенің төрт бұрышы: 1) Оңтүстік 2) Солтүстік 3) Шығыс 4) Батыс Төрт тұлға: 1) От 2) Су 3) Жер 4) Жел Төрт маусым: 1) Көктем 2) Жаз 3) Күз 4) Қыс Бес қару: 1) Садақ 2) Мылтық 3) Найза 4) Қылыш 5) Айбалта Бес жаратылыс: 1) Күн 2) Ай 3) Жұлдыз 4) Күндіз 5) Түн Бес қатар: 1) От 2) Жау 3) Борыш 4) Ауру 5) Сөз Жеті ата: 1) Ата 2) Әке 3) Бала 4) Немере 5) Шөбере 6) Шөпшек 7) Немене Жеті қазына: 1) Ер жігіт 2) Сұлу әйел 3) Ақыл, білім 4) Жүйрік ат 5) Қыран бүркіт 6) Берен мылтық 7) Жүйрік тазы Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Сан есімнен алған білімді, Ұмытпай есте сақтап алайық. 504-жаттығу. Сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жаз. Сонда оларға қандай сұрақ қойылады? Үш күн, екі ай, алты бала, жеті ата , тоғыз пәтер. Үлгі: үш күн – үшінші күн, . . . «Сөз құра» ойыны а) а, н, ш, я ә) я, т, қ, и, а б) а, з, я Достарыңызбен бөлісу: