«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет3/60
Дата07.02.2022
өлшемі377 Kb.
#97446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» маманды ы шін « дебиет теориясы» п ні

ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ - әдеби творчестваның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі. Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелер негізінен 3 циклдан тұрады: Жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері жөнінде ілім; шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім.


ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІК МӘНІ –сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық, тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді.


ӘҢГІМЕ – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.


БАЛЛАДА (француз., ballada – би әні) – поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Орта ғасырлардағы француз поэзиясының би үстінде айтылатын махаббат тақырыбын жырлайтын оқиғалы жыры ретінде пайда болған баллада кейінірек ағылшын, шотланд поэзиясына сіңісіп, халық әдебиетінің лиро- эпикалық әмбебап, шағын жанры болады.


БАРОККО (итальян тілінде әшекейлі, астарлы деген мағынада) – еуропа мәдениетінде Қайта өрлеу дәуірінен кейін ХҮІ ғасырдың аяқ кезінен бастап дамыған көркемдік стиль. Барокко – көпсырлы, көтеріңкі стиль. Бұған театрлық қасиет те, бұлдыр сағым мен фантастика да, ақиқат та тән. Барокко әсірелеу, астарлау тәсілдерін қолданып, сирек кездесетін тосын жағдайларға ұмтылғыш келеді.


ГЕРМЕНЕВТИКА – (грекше,hermenlike – hermecno – түсіндіремін, түсінік беремін, ұғындырамын) текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.


ГРАДАЦИЯ (лат. Gradation – біртіндеп көтеру), яғни дамыту – айшықтаудың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу. Поэзияда, прозада да қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет