Сабақтың тақырыбы: Құрақ бұйымды астарлау Пән мұғалімі: Омарова Ұлбала Сыныбы: 8



Дата14.04.2017
өлшемі45,65 Kb.
#13811
түріСабақ

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы КММ

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Құрақ бұйымды астарлау

Пән мұғалімі: Омарова Ұлбала

Сыныбы: 8 «Ә»


2014-2015 оқу жылы
Пән аты: Технология Тексерілді: ______________

Сыныбы/мерзімі: 8 «Ә» - 09.04.2015 жыл «____»_____________ 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Құрақ бұйымды астарлау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың мақсаты: Нұсқау картасын қолдана отырып, тапсырмаға сәйкес оқушылардың кем дегенде 80 пайызы 15 минут ішінде құрақ көрпешені астарлау жұмыстарын орындауы тиіс.

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушылардың нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Құрақ көрпешені астарлау жұмыстарын білу (барлығы)

Түсіну: Астарлау жұмысының қолданатын орны мен негізгі ерекшеліктерін түсіну (көпшілігі)

Қолдану: Құрақ көрпешені астарлау үшін көктеу тігісін қолдану.

Талдау: Көктеу тігісінің басқа қол тігістерімен ұқсастығын, айырмашылығын.

Жинақтау: Қол жұмыстарында қолданылатын жаңа терминдерді.

Бағалау: Астарлау жұмыстарының күнделікті өмірдегі орнын.

Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Құрақ көрпешені астарлау жұмыстарын орындауға байланысты бейнеүзінді көрсетіледі. Тақырыптың мазмұндық идеясын меңгерту мақсатында диалогтық оқыту арқылы топтағы талқылауды ұйымдастырамын.

Оқушыларға пікір айту үшін сұрақтар қоямын, жеке пікірлер айтуға ықпал жасаймын

Оқушыларға жеке жұмыс орындатамын.



Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?

Оқушыларды критерий арқылы, формативті бағалау түрлерін, соның ішінде жеке жұмыс орындату барысында «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ» арқылы бағалауды қолданамын, оқушының өзін-өзі және өзгені бағалауына мән беремін.



Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Өз деңгейіне қарай орындай алатын көктеу тігісін көрсетіп, нұсқау карта таратамын.



Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Сарамандық жұмысты орындау барысында қол тігістерінің түрлерін ажыратып, көктеу тігісін орындай алатын болса мен күткен нәтижеге жеткенін анықтауға болады.




Уақыт

Мұғалім іс -әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйым

дастыру


3-минут

Кіріспе


Сәлемдесу. Топтық жұмысқа оқушыларды бейімдеу. Топ ережесін еске түсіру.

Оқушыларды топтық жұмысқа тарту.




Тұсаукесер

5-минут


Оқушыларды сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазып қояды.

Ноутбук

Негізгі бөлім

30-минут


Қорытынды

10-минут


Оқушыларға құрақ көрпешені астарлау жұмыстары туралы білетінін, білгісі келетінін ББҮ бағанын толтыру.

1-қадам Топқа бейнеүзінді көрсету.

Астарлау жұмыстарын орындау жайында бейнеүзінді, слайд көрсетемін.
2-қадам Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс орындау.

3-қадам Жеке жұмысты топтар арасында «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау


4-қадам Топтық жұмыс

Топтар 5 минут ішінде түрлі геометриялық пішіндерден қолөнер бұйымдарын жасауы тиіс.


5-қадам. Топтық жұмысты критерий арқылы бағалау

ББҮ бөлімінің үйрендім бағанының үйрендім бағанын толтырту.

Қорытынды. Топ ішіндегі жүргізілген жұмыстар туралы сыртқы, ішкі бақылаушыларды сөйлету. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
«Сабақтан алған әсерім» рефлексия ауызша баяндау ұсынылады.
Үйге тапсырма.


  1. «Құақ құрау өнері» эссе жазу.

  2. Астарлау жұмысын машина тігісімен орындау.




Топтық ереже бойынша оқушылар өз жұмыстарын атқарады.

Оқушылар жеке жұмыс орындайды, нұсқау картасы бойынша көктеу тігісімен құрақ көрпешені астарлайды.


Оқушылар өздері жасаған жұмыстарын бағалайды

1-топ. «Аяққап»

2-топ. «Қоржын»

3-топ. «Құрақ жастық»


Топтар жұмысын 4 критерий бойынша бағалайды:



  1. Көркемдік жағы

  2. Өлшемге сай болуы

3. Түстердің үйлесімділігі

4. Экономикалық тиімділігі

Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында алған әсерлерімен бөліседі, ұсыныс тастайды.

Сабақтан алған әсерін ауызша баяндайды

Берілген үй тапсырмаларын мұхият орындап келеді.


Слайд, бейнеүзінді

Нұсқау карта, бүктемелер

Түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қалам, сызғыш



Топ жұмысын қорғау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет