Семинар (тәжірибелік) сабақтар 15



Дата31.12.2019
өлшемі42,69 Kb.
#54501

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

СИЛЛАБУС




Оқу бағдарламасы

«Абайтану» пәнінің оқу бағдарламасы



№ __ басылым______

Оқу бағдарламасы

042-__-1.____/01.2016






 

 

  



 

Таңдау компонентінің  

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Абайтану



5В011600 – География, 5B010800 – Дене шынықтыру және спорт

Кафедра қазақ әдебиеті

Курс ІІ

 Кредиттер саны 3



Барлық сағат 135

Дәрістер 30

Семинар (тәжірибелік) сабақтар 15

Зертханалық сабақтар-

БӨЖ 90

Емтихан  3 семестр 



 

 

Семей   2017


АЛҒЫСӨЗ

 

1 КЕЛІСІЛДІ 



Құрастырушы 

Болесова А.Е. – қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

___________ «___» ___________20___ жыл.

 

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 



 2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.
Төрайым _________________Самекбаева Э.М.

 

  3 БЕКІТІЛДІ 



Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 1 БАСЫЛЫМЫ



МАЗМҰНЫ

  1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  2. КІРІСПЕ

  3. ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ

  4. СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ

  5. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

  6. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Пәннің мақсаты

Абай шығармаларының мазмұн-мағынасын, тағылымдық мәнін, көркемдік қуаттылығын неғұрлым тереңірек түсіндіру, ақын поэзиясының мәні мен мағынасын, көркемдік қасиетін, нәрін ұғындыру



Пәнді оқыту міндеттері

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

Құзіреттіліктер( оқытудың нәтижелері)


  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.


2 КІРІСПЕ

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдыңң ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.


3 ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ

1Модуль. Абай және баспасөз

2.Модуль. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы

3 Модуль. Абай шығармашылығында ғы философиялық арна



4 СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ



Семинар тақырыптары

Сағат саны

1

1.Модуль. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті. Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары

1

2

Абай және баспасөз. Абайдың баспасөз бетінде жарияланған өлеңдері.

1

3

Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай – ойшыл, философ ақын.

1

4

Абай және қазақ баспасөзіндегі сыни мақалалар. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, З.Әмрин, Н.Рамазан, т.б. мақалалары

1

5

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны

1

6

«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары.

1

7

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.

1

8

Абай және Шығыс. Абай шығармаларындағы реализм.



1

9

2-модуль.

Абайтанудың жаңа белестері. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары.



1

10

Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары

1

11

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

1

12

Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. «Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

1

13

Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..

1

14

Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

1

15

Абайдың ақындық мектебі. Шәкәрім және баспасөз.

1




  1. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ



Жұмыс түрі

Тақырып

Әде

биет


Орын

далу уақыты



Бақылау түрі

1

Реферат

Абайтану ғылымының қалыптасуы, дамуы, өреу кезеңдері

1,4,8,

16


5 апта

Жазбаша

2

Конспект

Абайтанушы ғалымдар, олардың еңбектері, әр кездегі ғалымдардың құнды пікірлері


1,4,8,

5 апта

Жазбаша

3

Эссе

«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары.

16,8

5 апта

Жазбаша

4

Мақала

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.

1,4,8,

5 апта

Жазбаша

5

Реферат

М.Әуезов және Абай ғылыми өмірбаянының қалыптасу жолдары

4, 8,12,6

5 апта

Жазбаша

6

Баяндама

Абай лирикаларындағы шығыстық белгілер

10,11,14

5 апта

Ауызша

7

Талдау

Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары

10,11,14

6 апта

Ауызша

8

Эссе

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

10,11,14

6 апта

Ауызша

9

Талдау

Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. «Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

10,11,14

6 апта

Ауызша

10

Реферат

Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..

10,11,14

6 апта

Жазбаша

11

Реферат

Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

10,11,14

8 апта

Жазбаша

12

Мақала

Абайдың ақындық мектебі. Шәкәрім және баспасөз.

10,11,14

8 апта

Жазбаша

13

Реферат

Абай сатирик. Поэзиясындағы сатиралық образдар, мысқыл, ащы сын сипаты.(“Күлембайға”,”Дүтбайға”)


10,11,14

8 апта

Жазбаша

14

Эссе

Абайдың махаббат тақырыбына әкелген жаңалығы

10,11,14

8 апта

Жазбаша

15

Реферат

Абай қарасөздерінің қайнар көздері


13,7,

6,3


8 апта

Жазбаша

16

Конспект

М.Әуезовтің қарасөздер туралы пікірлері және оларды жіктеуі

13,7,

10 апта

Жазбаша

17

Реферат

Абай қарасөздерінің жазылуына шығыс әдебиетінің тигізген әсері. (Кейхауыс Ғиланидің «Хауыс нама, Жалаладдин Дауани «Ақлаки Жалали» т.б)

6,3

10 апта

Жазбаша

18

Мақала

Абай айналасындағы күлдіргілер өміріне шолу жасау (Қияспай, Қатпа)

13,7,

10апта

Жазбаша

19

Мақала

Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені» еңбегінің алатын орны

6,3

10 апта

Жазбаша

20

Эссе

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол»... өлеңінің эстетикалық қуаты (эссе)

13,7,

10 апта

Жазбаша

21

Реферат

Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігі және төл әдебиетімізге тән сипаттары

9,10


12 апта

Жазбаша

22

Талдау

Абай және Лермонтов. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қорқытпа мені дауылдан», «Жалау», «Жартас» «т.б. өлеңдерін түпнұсқамен салыстыра талдау

12,11

12 апта

Ауызша

23

Реферат

Абайдың Крыловтан аудармалары

9,10,

11,12


12 апта

Жазбаша

24

Мақала

Абайдың аудармашылық жаңалығы

9,10,

11,12


12 апта

Жазбаша







Абай ақындығына орыс әдебиетінің тигізген әсері

9,10,

11,12


12 апта

Ауызша

25

Реферат

Абай мен Пушкин арасындағы әдеби байланыс

9,10,

11,12


12 апта

Жазбаша

26

Баяндама

Абай поэмалары және нәзира дәстүрі

9,10,

11,12


12апта

Баяндама

27

Баяндама

«Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық сипаты. Шығыс әдебиетінде сомдалған Ескендір бейнесі және Абай Ескендірі

11,14,9,10

12 апта

Ауызша

28

Баяндама

«Масғұт» поэмасының көркемдік ерекшелігі.


11,14,9,10

12 апта

Ауызша

29

Эссе

Абай ақындық мектебі және поэма жанры

11,14,9,10

12 апта

Жазбаша

30

Реферат

Абайдың «Евгени Онегин» аудармасы және нәзира дәстүрі

11,14,9,10

14апта




31

Реферат

М.Әуезов – Абайтану ғылымының негізін қалаушы

11,14,9,10

14 апта

Жазбаша

32

Баяндама

20-30 жылдары Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыстар

11,14,9,10

14 апта

Ауызша

33




«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары

9,10

14 апта

Жазбаша

34

Мақала

Абайдың «Сенатқа хат», «Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» мақалалары.

9,11

14 апта

Жазбаша

35

Мақала

Абай және қазіргі қазақ баспасөзі. Қазіргі абайтанушы ғалымдар.

9,11

14 апта

Жазбаша

36

Мақала

Абай және Шәкәрім

9,11

14 апта

Жазбаша

37

Мақала

Абай және Көкбай

9,11

14 апта

Жазбаша

38

Реферат

Қ.Мұхаметхановтың Абайдың ақындық мектебін зерттеудегі орны

9,11

14 апта

Жазбаша

39

Реферат

М.Мырзахметов – абайтанушы ғалым

9,11

14 апта

Жазбаша

40

Мақала

Қазіргі кезеңдегі ақындар шығармашылығындағы Абай бейнесі

12

14 апта

Жазбаша



  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Абай шығармаларының академиялық басылымдары.(1945,1954,1957,1977 және 1995 ж.ж толық жинағы)

2. Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.

3. Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954.

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б.

5. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу, мақалалар 20 томдық.- Алматы: Жазушы,1987.

6. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,1997.- 416 б.

7. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат,1997. 48 б.

8. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 1997- 2004.

9. Мұхаметханов Қ.Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993-224 б.

10. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132 б.

11. Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 1988.


Қосымша әдебиет:

12.Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б.

13. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

14. Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы.

Жазушы, 1973-254 б

15. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны.

16. Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев.

17. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1 т,1959.

18. Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы: Қазмембас,1950-222 б

19. Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б.

20. Машанов А. Әл- Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б.

21. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996.

22. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б

23. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

24. Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - Алматы, Ғылым,1968-736 б.

25. Тоғжанов Ғ. Абай- Алматы:Қазмембас, 1935-16 б

26. Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б.

27. Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы.-Алматы:Ғылым, 1994-280 б.

28. Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 005.

30.Оразалин К. Абайдан соңғы ақындар. «Жұлдыз», 2000ж. №6.

31.Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. Алматы, 1971

32.Ысмайлов Е. Ақындар Алматы, 1956



33.Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. Алматы, 1988
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет