Қазақ тілі менқазақ әдебиеті сұрақ жауаптары Аяз бидегі уәзірлер тапқан құс? Қырғауыл
А.Кемелбаеванның «Шашты» шығармасы неге Шашты аталды? Бір жыл бойы алынбаған шашы арқасын жауып кеткен балаға жеңгелері «Шашты» деген ат қойды.
Атбегі-бәйге атын баптайтын адам. Шашты-тарихта болған адам. М.Шоқайдың бабасы. Афоризмі: Біз құл болып тұра алмаймыз, ұлттық азаттығымызды аламыз. Хронотоп-уақыт пен кеңістік бірлігі. Идеясы: қазақ халқы мен көршілес жатқан түркпен елінің салт-дәстүрінің ұқсас тұстары сөз болып, екі елдің мәрт мінездері ашылады.
А.Сүлейменов «бесатар» повесі басты мәселені образ арқылы астарлап жеткізетін аллегориялық стильде жазылған. Ұ.Еркінбай: Бесатар(мылтықтың бір түрі)-бір авторлық стратегияны практика жүзінде көрсеткен шығарма, -дейді. 1968ж. «Лениншіл жас» газетіне ш.
Антоним: көңілді-қапалы
Абайдың 31 қара сөзі: естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек, 2.сол нірсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек.3. сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. 4. Ой-кесел нәрселерден қашық болу керек. Кез боп қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-кұлкішілдік, қайғыға салыну, құмарлық. Төртеуі-ақыл мен ғылымды тоздырады.
Алып Ер тҰңға қай елдің билеушісі? / Иран-Тұран
Абайдың бала психологиясына байланысты ішіп-жеу, көрем деп ұмтылу қай қара сөзі? 7
Абай қара сөзі / жауабы 4 / мәтін
Аңыз/ өмірде болған адамның басынан құралған халық шығармасы
Асан қайғы/ 15ғ.Хасан Сәбитұлы. 1361-1370 Еділ бойы. Таза мінсіз асыл тас, Құйрығы жоқ...Бұл заманда не ғаріп? Есті көрсең кем деме, Көлде жүзген қоңыр қаз,Еділ бол да Жайық бол.
Абай Ділданы айттыруға барғанда кімді құдалыққа ертіп кетті? Ызғұттыны
Атымтай Жомарттың басын не үшін шабуға береді? (Ырыс алды-ынтымақ)
Атымтай Жомарт 4 түрлі себеп: 1.әдемі ат, асыл киім, асқан дәулет 2. Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. 3. Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды. Еңбекпен тапқан нан-тәтті, сіңімді. 4.құдайдың берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, мал берген иесіне күнәлі болармын, деп қорқамын.
Ақтамберді күмбезі қайда орнатылған? Оңтүстік Қазақстан
Ауылдан абақты жақсы дейтін М.Әуезовтің бала кейіпкері/ Сейіт
Аққулар ұйықтағанда/ М.Мақатаев * идеясы: елдің наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр ет. Баст. Жетімкөл табиғаты. Дамуы: бала ауруы, тәуіп келуі. Шиеленісі: Тәуіпке сеніп, жұбайына қарсы келу. Шар.шегі:ананың аққуды атуы. Шешімі: Жетімкөл 1973ж.
А.Байт. Егіннің бастары/ Тәкаппар болмауға шақырады.Баст. әкесімен егін алқабына баруы. Байл. Жалғыз бидайға таң қала қарайды бала. Шиеленісі: Бала әкесінен сұрайды. Шар.шегі: Дәннің жоқтығынан тұрғанын айтады. Шешімі: Тәкаппарға салынбау керектігін айт.
Абайдың 1 қара сөзі- бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе,жаман өт, пе, алыстық, жұлыстық, айтыстық, . орта жаста қажыдық, жалықтық, ісіміздің баянсызын көрдік, -бәрі қоршылық. Қалған өмірімізді не қыламыз? Таба алмай отырмын... 17-қара сөзі ақыл жүрек, қайрат 7-қара сөзі/ бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туылады: ішсем жесем, көрсем білсем...
А.Иассауи Даналық кітабы? Диуани Хикмет / 149 хикметтен тұрады. 63 жасқа дейінгі өмірі суреттелген. Кітап түрік тілінде араб әліпбиінде жазылған. Даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. 63-73 жас аралығында жазған. 1878ж. жеке кітап болып, Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында басылады.
«Ақ жайық» өлеңінің идеясы қандай? Доспамбет жырау қазақтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын жырлайды. Садақ атып, тұлпар мініп, боз бала боп күліп ойнаған шағын аңсайды. Қазақ тұрмысына тән ерекшеліктерді сағына, сезіммен жырлайды.
Аянға ағасынан қаралы хабар келген уақыт? Жаз мезгілі (әжесі-қыста қайтты)
Алғашқы ұстаз/Дүйсен
Абай сүйіп оқыған шығыс ақыны? Фирдоуси, Жами, Эмир, Хосров, т.б.
Абай 31-қара сөзі/ естігенді ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар. 1. Көкірегі байлаулы берік болу керек.2. сол нәрсені естігенде ғибратлану керек, 3. Көңілге бекіту керек. 4. Ой кеселдері:уайымсыз,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, бір нәрсеге құмарлық-осылардан сақтану керек. Бұлар-ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.
Ақтамберді жырау «балаларыма өсиет»/ Идеясы: келе жатқан ұрпақты татулыққа, тәртіпке шақыру. Отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке үйрету.
Аңыздың ақыры/ 4 бөлімнен тұрады:1.Қызыл алма 2. Мұнара 3.Махаббат 4. Аңыздың ақыры. Ә.Кекілбаев шығармасы. Оқиға психологиялық, философиялық астармен жазылған. Алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен ш.Кейіпкерлері: Әмірші, кіші ханым, шебер. Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.
Алғашқы ұстаз.Ш.Айтматов (Алтынай, Дүйсен)даналық ойлар............
Әл Фараби трактаттары... ғылыми еңбегі / 150ге тарта. «Музыканың үлкен кітабы»-түріктердің 9 ішекті домбырасын сипаттаған.Еңбектері: «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жұлдыз бойынша болжаулар», «Ваккум туралы трактат», «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Китаб-аш-Шеер»(өлең кітап), «Музыканың ұлы кітабы», «Ақылдың мәні туралы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» (ізгілікті мемлекетті сипаттайды). «Өлең өнерінің қағидалары» (ақындар үшке бөліп, поэзияның қыр-сыры туралы айтады).
Әкеміз біздің сүйеніш... Қазтуған жырау...
Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» кейіпкерлері? Қазақ төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының Арал балықшылырының трагедиясы, ұлттық табиғаты мен адамзатқа тән арман-мұраты айт. Еламан, Тәңірберген, Ақбала, Судыр Ахмет, Сүйеу қарт, Қарақатын, Қаратаз, Құдайменде арқылы отаршылық қыспаққа түскен елдің тіршілігі айт.1974 экранға шық. 1. Ымырт2 Сергелдең 3. Күйреу
Ә.Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» кім туралы? Роман-диалог 1976ж.Қазақ КСРнің Абай ат.мемл.сыйлығының лауреаты атағы берілді.
Батыр Баянда. Абылай хан тұсында ? Қанай би
Балам мен осы шаққа дейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көрмегем. Жақсы ағаның зор дәмесін есіңе мықтап сақтарсың... деп Абайға бата берген кім? Бөжей/Жолың болсын! Әкеңнің қаттылығын бермесін! Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол! (Ұлыларда ұлы мақсат осындай). Телғара (Абайды әжесі солай ат.) Бөжейдің асын өзі өткізеді.
Б.Соқпақбаев «Өзім туралы» кейін «Менің атым Қожа» боп. Өзгертілді. / азаттық аяқ астында. Бір сәтті кез. Қожаның шын аты- Қожаберген. «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ» деген анасы Миллат. Сынып жетекшісі: Майқанова. / Түбінде адам болатын бала/ орыс тілі мұғалімі: Анфиса Михайловна. Сұлтан Жанар Жантас. Балалық шағын бейнелеген шығармасы «балалық шаққа саяхат».
Байбөрі бектің сатып алған заттары: күрзі, қылыш, садақ. (теңіз жылқысы күрзі садақ)
Бамсы байрақ жыры қай батыр жырына ұқсас? Алпамыс батыр
Білге қаған мен Тоныкөк атақ дәрежесі? Білгеқаған-Күлтегіннің ағасы. Тоныкөк-Білгеқағанның төбе биі. Елтеріс-Күлтегіннің әкесі Қапаған-Елтерістің інісі. Білге (қаған) хан болады. Күлтегін-әскербасы б. Тоныкөк-кеңесшісі б. Таста: «Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен-Тоныкөк» негізгі ойы: елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтауға шақыру, батырлар мен көсемдерді дәріптеу. Руналық жазу.
Буын үндестігі/ сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке боп үндесуі.М. қаз-дар, үй-лер
Бұл кішілеу келген шықты жануар, халық оны киік деп те атайды? Қарақұйрық
Бұқар жырау/ 1668-1781 әкесі-Қалқаман батыр. Далба тауы етегінде жерленген жырау. Тілек, Ай не болар күннен соң, Ай заман ай заман ай, Ежелгі дос жау болмас, Көшер едің көш бастап, Бағаналы орда, Көкте бұлт сөгілсе, Жиырма деген жасңыз, ай тілімді алмасаң,Бұл үйрек, Ай Абылай, Асқар таудың өлгені.
«Бұл жігіттің жасы 30 шамасында ...бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұр» / Ақан болыс
Байбөрі баласы бамыс Байрақ жырындағы бір көне сөзбен берілген сөйлем/ әдірең қылар ма екенбіз? Мағынасы...
Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан? А.Байтұрсынов
Бала психологиясы/ 7 қара сөзі
Б.Момышұлының нақыл сөздері: Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады; Қырағының өзі де батыр, көзі де батыр;
«Ботагөз» романында ақырында атқан таңды қарсы алған жері/ Шалқар көлдің ортасындағы діңгек таста
Б.Соқпақбаев «Жекпе-жек» Николай Трофимович 16 жасар чемпион.Мұрат
Гүлдер еккен туралы мәтін/ жемісі
Ғылыми стиль? Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады. Мақсаты: заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Ерекшелігі: дәлелді, зерттелген, тура мағ. Тілдік ерекш: ғылыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде, өткен осы шақтарда жиі қолданылады.
Ғылыми стиль түрлері? Монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б.
Ғылым ретінде пед.негізін қалаған? Коменский Педагогика ғылымының қызметі: танымдық, ғылыми білім беру. Пед-ң оқыту принциптері: белгілі бір әрекет барысында басшылық етудің басты негізгі идеясы.
Ғ.Мүсіреповтің алғашқы туындысы/ Қос шалқар
Ғ.Мұстафин тілінің ерекшелігі неде? Афоризмді көп қолдануында
Ғ.Мұстафин «Қарағанды» романы. Игілік байдың мекені. Оның болыс баласы-Тәтті Қарағандыны орыс байларына 250-ақ сомға сатып кетіпті.
Диуани хикмет/ Даналық кітап. әділдік, нәпсіні тыю, рухани жетілу. А.Иассауи. Диуани Хикмет / 149 хикметтен тұрады. 63 жасқа дейінгі өмірі суреттелген. Кітап түрік тілінде араб әліпбиінде жазылған. Даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. 63-73 жас аралығында жазған. 1878ж. жеке кітап болып, Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында басылады.
Д.Досжан романы / Дүкенбай Досжан – «Жібек жолы» деп та. 1973ж. орыс, украин, мажар, моңғол, пуштун тілдеріне ауд. 350 мың дана боп ш. роман үшін тарихи тақырыптағы жақсы кітап сыйлығын 1987 ж. М.Әуезов ат. Ұлттық сыйлықты алды. алғ.аудармысын 1987 ж волк и уэлт баспасы шығ. көркемдік жүйесі, көшпелілер өркениеті құндылығының сыры ашылады. Мұнда екі-үш кейіпкерден басқасы автор қиялынан туған. Әрі роман сұлбасы көбіне ойдан шығарылған қияли-философиялық желіге құрылған. Халық тағдыры-қайғысы, билік таласы, ру, жер, жесір дауы айт.Әнет баба. Исмаил ғалым, Жазушы оқырманды қыпшақтардың тұрмыс-тірішілгімен, әдет-ғқрпымен, ырым-жорасымен таныстырады.
Доспамбет жырау/ Азау. «Айналайын, Ақ Жайық» толғауында қазақ тұрмысын жырлайды. Садақ атып, тұлпар мініп, ойнаған шағын аңсайды. Қазақ тұрмысына тән сағынышын сезіммен жырлайды.
Дүниежүзінде санақ өтпеген ел/ Ауғаныстан (үнемі соғыс болған соң)
Дербісек Бұқаш жыры қай батырлар жырына ұқсайды? Алпамыс батыр
Ержасын мен Темірлан мәтініндегі септеуліктер/ дейін, кейін, туралы
Ешкіөлмес деп баст.шығарма/ Аян Жусан исі / С.Мұратбеков
Еңбекті дәріптеу/Қыпшақ Сейтқұл
«Еңлік-Кебектегі» абыз кім? Нысан
Ерболат Әбікенұлы/ сатирик жазушы. Шыңжаң. Мөргу ауылы. 1990-1998 8 жылдық мектепте оқыған. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Студент кезінде жазған. 90 жылдардағы жастардың басындағы әлеуметтік мәселе-баспана айтылады. «Жетім бұрыш» пәтер іздеп келген.Жаңадан үйленген жас жігіт пен келіншегі. Сұлушаш (маклер, делдал) Сәкен аға. Басталуы: пәтер іздеген жас отбасы. Дамуы: Маклермен болған оқиға. Шиеленісі: далада қалған жастар. Шарықтауы: тар қапастағы тағдыр шешімі қожайын талабы. Соңы: қожайынға берген жауап. 1. делдал. 2. Ұйғыр әйел үйі 3. Қымбатшылық. 4. Қатаң талап.
Ер Төстік+Кенжекей -Шалқұйрық, Ер Тарғын+Ақжүніс-Тарлан, Қобыланды+Құртқа-Тайбурыл. Алпамыс+Гүлбаршын-Шұбар ат
Ертегі түрлері/ 3 қиял ғажайып, хаиуанат, шыншыл
Ер Тұңға кім? Көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Афрасияп Тұранның патшасы боп суреттеледі. Тарихи тұлға.
Жалған дүние (Смағұл Елубай) / романның экзистенциалистік сарыны, мистикалық, философиялық астары қалыңдау. Алғашқы екі кітапта шартты түрде, «қатаң» реализм шеңберінде жазылған деуге болады. Сондықтан мақалада трилогияның соңғы кітабы «Жалған дүние» романы айт. Мұнда тіршілік философиясы, адамның жер бетіндегі миссиясы, мақсаты туралы автор толғаныстары молынан ұшырайды. Автор өзі «мені» мұндалап тұр. Адам тағдыры арқылы ғалам сырына үңіледі. Оқиға психологиялық арнада өрбиді. (Едіге)
Жайлауында жүрген... Қазақты шетелдік қонақтарға таныстыру? Қ.Мырза Әлі
Жергілікті сөздер қалай аталады?диалект
Жиембет қай хан тұсында өмір сүрді? Есім хан
Жиембет шығармалары кімге арналады? Есім ханға
Жау тылындағы бала Вовка,СЕрік
Жеті толқын кімнің атынан әңгімеленген? Журналист студент / Медеу Сәрсеке 1964ж.
Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» жанры? Ғылыми фантастика
Ж.Аймауытов «Психология» еңбегінің авторы «Жан жүйесі мен өнер таңдауы»
Жұманның қорлығына шыдамаған Жамалдың қашып шыққаннан кейінгі өмірі? Боранда адасып, қаза табады.
Жусан исі/ Аяған аяғын қай кезде сындырып алды?қасқа бұзауға секіріп мінгенде, аяғын тайдырып алды. С.Мұратбеков
Жұптары жазылмау тіркесінің мағынасы/ бірге болу мәтін
Жайлауында жүрген... Қазақты шетелдік қонақтарға таныстыру? Қ.Мырза Әлі
Жиембет жырау қай ханға қарата насихат айтты? Есім хан
Жиембет жырлаған хан / Есімхан/ жырау толғаулары:
Жусан исіндегі мұғалім? Иманжанов. Жанры: повесть. Баяндау түрінде қара сөзбен жаз. Идеясы: жетім баланың сағынышы, арман-үміті, басқа балаларға ой салуы.
Композ.құрылысы: баст. Аянның қоныс аударуы. Байл. Ауыл балалармен достасуы. Шиеленісі: Тобығын тайдыруы. Шарықтау шегі: Әжесінің қайтыс болуы. Шешімі: Балалар үйіне кетуі.
Кейіпкерлер: Аян, Есікбай(Аянды талай жерге дейін шығарып салды), Бапай шал(туысқаны), Тұржан(Аянды сабады), Асылбек шал(аяғын салды), Садық, әңгімеші бала. Портрет, мінездеу, тұрақты тіркес: Қотыр тайға тіл бітеді, естімеген адамша міз бақпайды да, қас пен көздің арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді. Антоним: ылди-өрге бірдей сырғанайтын шана. Киімнің қара-ағы. Тәрб.мәні: ата-ананы қадірлейтін, адал досты рухты азамат тәрбиелеу. Екінші д/ж соғыс кезеңі.
*Аян тобығын қалай тайдырды? Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.
*Ертеде бір жетім бала болыпты... деп, басталады.Шығармаға сай мақал: Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ.
Изафеттік тіркес/ ағаш қасық, аттың ері, дала қоңырауы
Керқұла атты кендебай ертегінің қай түрі/ қиял ғажайып
Көкшетау/І.жансүгіров
Көш туралы мәтін/проза
Күрделі етістік/ күліп жібердім, оқып шықты, айтып берді
Қазтуған жырау: Еділ бойы, Астрахань обл. Красный Яр қаласы. Мадақ жыры, Белгілі биік көк сеңгір, Алаң да алаң..Салп-салпыншақ...Балдағы алтын құрыш болат..Арғымақтың баласы..15ғ.1460-1480
«Қонақтар» шығармасындағы көтерілген мәселе/ ата ана алдындағы парыз
Құндылық туралы сөз/ үлкенмен амандасу
Қ.Жұмаділов 19ғ соңғы 80 ж. шекара бөлінісін арқау еткен «Тағдыр» романы үшін ҚР МЕМ.сыйлығын иемденді. Романда екі империяның Алаштың ата қонысы болған сайын даланы екі бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Цинь импер саясаты. 4 бөлімде: 1.Жол торабы 2. Тағдыр талқысы 3. Уақыт керуені 4. Дар ағашы Демежанның өзі өлсе де, ісі өлмеген. Халқы егіншілікті кәсіп етіп, күн көрген. Ақылшы аға Бөке қарт. Жары: Бибі Ата- анасы: Керімбай мен Ажар. Тоқалы: Ырысқан.
Қазтуған жырау: Еділ бойы, Астрахань обл. Красный Яр қаласы. Мадақ жыры, Белгілі биік көк сеңгір, Алаң да алаң..Салп-салпыншақ...Балдағы алтын құрыш болат..Арғымақтың баласы..15ғ.1460-1480
«Қонақтар» шығармасындағы көтерілген мәселе/ ата ана алдындағы парыз
Құндылық туралы сөз/ үлкенмен амандасу
Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»? 1961ж. Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.Серік-партизан, Анна Ивановна-Бористің анасы, партизан, Борис-партизан, Серіктің досы. Константин Иванович Спижевский-командир, жасы 24-25. Ақылды, қара торы, сымбатты жігіт. Коля-Аннаның досы бірге оқыған. ЖомартМергенбаев-Серіктің әкесі, Мария, Виктор т.б.
Қазақ осы ағыл тегіл... есімдігі-осы. Дос келді деп, той жасап жатыр...орнына есімдіктер қою керек!...
Қол араның ескі атауы/ шербек
Қожаға тән іс-әрекет? Таңертең шай ішіп, спортқа беттедім.
Қырғыз әйелдерінің қара тұтып жылауы туралы үзінді кімнің шығармасы?Ш.Уәлиханов «Ыстықкөлге сапары күнделігі»
Қазтуғанның Қоштасу толғауында аталмайтын жер су аты/ Қособа
Қазақ ертегілерін жинап зерттеген? Ш.Уәлиханов (жинап. Үнемі бастырып от.проф.Әубәкір Диваев 1856-1931)
Қыз Жібек жыры нұсқасы / 15 Әкесінің сенімді адамы/ Қаршыға.
Қатыстық сын есімдер/ заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз,ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.
Қарсақ тұқымдас / түлкі
«Қазақ-бостандықты сүйетін ел» кім айтқан? Ғ.Мүсірепов
Қабанбайдың есімі/ Ерасыл
Қ Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» / әңгіме. Қазақтың балуаны, цирк өнерінің жұлдызы Мұқан Мұңайтпасұлы жайлы бұл кітапта бала Мұқаннан, орыстар «Черный Иван» атаған танымал Қажымұқанға дейінгі өмірі және сол замандағы елдің жағдайы жақсы суреттелген. 23 күн бойы өз аузынан естіп жазған. Иван Ногич қоймасы. Митка, Орли Масликов, Иван лебедев т.б.азақ хрестоматиясы/ Орынбор
«қазақ бостандықты сүйетін ел» кім айтқан? Ғ.Мүсірепов
Қобыланды батыр/ жырды хатқа түсіру 19ғ қолға ал. 29 нұсқасы бар. 26 сы батырдың ерлігі жайлы, 3 і балалары: Бөгенбай Киікбай батырларға арналған.Көбіктінің хан аттары-тарлан, көкбас.Қарлыға мінген ат-Ақмоншақ. Қазан деген ер Ноғайлының Қырлы(бектер),Сырлы(жендеттер) қалаларын тартып алған. Әкесі-Тоқтарбай. Анасы-Аналық. Қарлығаш-қарындасы. Алшағыр-қалмақ ханы. Естеміс-90 құлдың бастығы. Құртқа-Көктім Аймақ ханның қызы. Қазан-Қызылбас елінен шыққан батыр. Сейілдің ұлы қараман-қазанға қарсы.
Қыз Жібек жыры нұсқасы / 15 Әкесінің сенімді адамы/ Қаршыға.
қазақ халқының лиро-эпостық жырлары нещеу/ 2
Құлагер/ қара өлең ұйқасы
Қуат Аяғановты қуғынға ұшыратқан? Жақия
Қожаны «тәмпішнеме» деп атаған? Әжесі.
Лингвистикалық терминдер-лексика, грамматика
«... Мен 95 гі шалмын. Осынша жасағалы Ыбырайға пар келерлік керемет өнер иесін көрген емеспін» деген Омар ақсақалдың естелігі жазылған кітап/ Е.Ысмайылов «Әдебиет жайында ойлар»
Махамбеттің / Ханнан қырық туғанша -өлеңі
«Мен қазақпын деген ойды сыйғызып, ата баба тарихынан сыр төккісі келген» сөйлем түрі? Қимыл сын бағ.
М.Мақатевтың «Ертең біз жол жүреміз» өлеңі кімге арналған? Болашаққа
186. М.Жұмабаев неше жасында мектепке барды? Или білім алды? 4 жасында барды. (3 жасында атасы: менің атымды немерем шығарады келешекте деген) 1905-1910 татар зиялысы М.Бегішевтің медресесінде Хасен молдада оқиды.
М.шаханов «нарынқұм зауалы»? Өл.нег.идеясы: батырлық, әділеттілік, ақындық зар махаббаты ту етіп көтереді. М.Өтемісұлы тур. Жаз. Бұл поэма Махамбеттің күрескерлік айбынын, ұлттық болмысын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын танытатын ілгері шығарма.
Мына бір қазақтың баласын жіберіп отырмын... хат жазған?Добрый-Рабый
М.Сәрсеке Жетінші толқын/ қазақ жауынгері Шыңғыс 80 хорватты құтқарды, мәтін
М.Мақатаев-біздің заманымыздағы ғажайып ақындардың бірі. Кімнің сөзі? Ә.Тәжібаев.
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» екі сабақтастық: қасиетке оқ ату, табиғатты аялау...
М.Мөңкеұлы шығармашылығы? 1843-1906 / Үш қиян (адам ниетінің бұзылуы) айтыскер,ақын-жырау Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алған.
М.Қабанбай «бауыр» әңгімесі. Қалидың ағасы?Манап
Мәтін сұрақ/ 4 түрлі себеп /мәтін
М.Әуезов «Қараш-Қараш» Бақтығұл-негізгі кейіпкер. Тектұғыл-інісі. Қатша-әйелі Бақтығұлдың.Сәлмен-бай. Жарасбай-Шалқардың болысы. Жұматай, Сейіт, Бәтима-балалары. Ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік туралы.Повестің жазылуына негіз болған-көрнекті мем.қоғам қайраткері-Т.Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың басынан өткен оқиғасы. Әңгіме...алпамсадай арысым едің...деп баст. ...оқуға ұғымды ерекше талапты момын қара бала болашақ заманның белгісіз бір жарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен күн санап, ер жетіп келе жатты..деп аяқт.1927ж.повесть
Махамбеттің басын кесіп, ханға апарған / Ықылас
Мылтық, таяу, тамақ / мәтін
Мораль/ белгілі бір уақыт кезеңінде қалыптасқан зұлымдық пен жақсы бағалау парадигмасына негізделген ережелер, принциптер, бағалау, нормалар шартты тұжырымдамасы.
Мәтін мазмұнының реті?
1.су құйылған шелектер
2.байқампаз су тасушы
3. су тасығыш кісі
4.гүл өскен жол
5.Өзін кінәлі сезінген шелек
6.қожайынды таңқалдыру / 3 1 5 2 4 6
38. Мәтін жанры/аңыз
Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасының идеясы? Жас ұрпақтарды, өз елін қадірлей білуге, оң бағыт беріп, елін, жерін сүйетін, болашақты берекелі қарсы алатындай етіп тәрбиелеу. Тақырыбы: Қазақ елінің тәуелсіздікке қалай жеткені, елбасы болған Н.Назарбаевтың елеулі еңбегі туралы.
Нағыз қазақ осы міне, танып қой...есімдікті тап? сілтеу
Оқ жетпес деген сөзі бар кімнің шығармасы/ І.Жансүгіров/ С.Сейф. «Көкшетау» поэмасы 1929ж. Сәкен «Он жетіге» деген беташар ұсынған.(С.Мұқанов, Елжас Бекенов, Мәжит Дәулетбаев, Ғ.Мүсірепов, Ө.Тұрманжанов, Сабыр Шәріпов, Б.Майлин, т.б.).
«Ол» дегенді белгілеу достың орнына...
О.Бөкей шығармасы / қайдасың қасқа құлыным№ Мұзтау, Үркер ауып барады, Өз отыңды өшірме, біздің жақта қыс ұзақ, Құлыным менің, Ұйқым келмейді, Өнерге өлердей-ақ ғашық едім, Кербұғы, Тоқалдан қалған тұяқ, Қар қызы, қасқыр ұлыған түнде.
О.Бөкей 1976ж. «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы жастар сыйлығының лауреаты. 1978 ж. «найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйл.лаур. қай шығармасы үшін жоғары сыйл.алған? 1986ж. «біздің жақта қыс ұзақ» пов.мен әңгім. Үшін Абай ат.Мем.сыйл.лаур.
О.Сүлейменовтың француз тілінде жарық көрген өлеңдер жинағы/ жалынның шалқуы
Орхон Енисей жазбалары қайдан табылды? Орхон, Селенга өзендері бойынан табылған.Енисей өзенінің жоғарғы ағысында.
Өмірзаядағы намыссыз кейіпкер? Жақия
«Өлгенде не өлмейді..ғалым хаты....» Бұқар жырау
проф. Алдияр баласы/ Сыздық
Пәтер іздеп жүр ек-арқау болған шындық / үй Қожайынына кіріптар болу
Публицистикалық стиль/ газет-журналдарда, жиналыстар мен митингілер, Мақсаты: көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. Ст.Ерек: шақыру, үндеу, нақтылық. Тілд.ерек. риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану.
Пушкин Росияда мүсін орнатқан не үшін? Екі қолын артына ұстап, басын сәл еңкейтіп, ойға шомған Пушкин біздің көз алдымызда. Ол өзінің болашақ жырының таңғажайып ырғағына елтігендей, тұңғиық ой үстінде. Бұл-Москвадағы ақын атындағы алаңға қойылған атақты ескерткіш. Оны жасаған мүсінші А.М. Опекушин.
Руна мағынасы-финдер мен карельдердің халық өлеңдері мен жыры. Тасқа жазылған жазулар да Руна деп ат. (құпия, белгісіз)
Райлар: 1. Ашық рай: іс қимылдың қай шақта екенін б. Үш жақта жас. Мен келе жатырмын, келемін, келмекшімін, келгенмін. 2. Бұйрық рай: іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну. Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқ.жас. Мен бар-айын Сен бар, т.б. 3. Шартты рай: істің орындалу-орындалмау шарты. Етістік+ са +ж.ж. Күн ашық болса, тауға шығамыз. 4.Қалау рай: Қалау-тілек. Ет.+қы,гі+тәуелд.жалғ./кел ет. –қай-гей, қай-кей, са-се игі еді.
Реси іс қағаздары: іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады. /мақсаты: хабарлау, анық мәліметтер беру. Ерекшелігі: ресми, анық, дәл. Тілдік құралдары: кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
С.Сейф. «Көкшетау» / жұмбақтас. Оқжетпес, жеке батыр.
С.Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі? Филмі 1977ж. Екінші дүнсоғ-та анасын аңсап, қазақ отбасынан пана тапқан Сергейдің оқиғасын баяндайды. 37 жылдан соң оны анасы Евдокия іздеп келеді. Ол ешқайда анасымен кеткісі келмесе де, оны асыраған Рабиға апа оны анасымен кете беруін өтінеді. Жанына інісі Сапарды ертіп алған ол туған өлкесінде көп кедергіге кезігеді. Кейіпкерлер: Салима, Вероника, Көкеш, есберген, Айдас, ефросинья т.б.
Сапабектің сапары: Лондон, Марокко, Будапешт, Италия.
...Сәйгүліктің құйрық жалы таралған...? Қадыр Мырза Әли
Сапалық сын есім: сын есімнің тікелей өзі. Түр-түсін, сын-сапасын ашады. Жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай).
С.Сарғасқаев «Тәмпішқара»(Шаншатай-көзі ашық, қаладан келген бала) суретші(Ертай) бала мен ақын?повесть. 30жылдардағы ауыл өмірі. Негізгі ойы: жастарды адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Баст. Шаншатайдың ауылға келіп, балалрмен танысуы. Байл. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі, дос болуы. Шиеленісі: Мектеп оқушыларының қырманға көмекке баруы, ойын-сауық ұйымдастыруы. Шаншатайдың балаларды газетке қызықтыруы. Шар.шегі: оқушылар өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы. Иманбектің кешірім сұрауы. Шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы. 9 бөлімнен тұрады. 1.Танысу.2. Тілеп алған азап. 3. Әзілі ме, шыны ма? 4. Өкініш 5. Теке қарт 6. Не болды бізге? 7. Бұдан кейінгі күндерде...8. Ойламаған жерден 9. Үш күн қалғанда. Кейіпкерлер: Бейсекүл, Иманбек.
Синтаксис нені зерттейді? / сөз бен сөздің байланысын, тіркесін зерт.
Таласбек Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» хикаяты...қиял. Сағындық Тілешов теле жүргізушінің түсіндегі әңгіме. Кафеде бұл қыздар ақшасы жетпей, қолындағы сақинасын даяшы жігітке шешіп беріп кетеді. Ол жігіт соңында баийды. Идеясы: адам болып қалу.Жүректі таза үстау, сабырлы болу.уайымсыз өмір сүресің сонда.. Бекторы да бай қыз болады.Қайырболды аталарының тәрб. Б. Сәрсен деген досы ламбардта іст. Сақинаны өт. 125 мың долларға. Қыз бизнеспен жүріп, ақшаны шашып...
Табу сөздер: шырайлым, кенже бала
«Теміржолшылар» әңгімесінің көтерген мәселесіне қайшы? Азамат соғысының зардаптары. Балғабек Қыдырбекұлы авт. Басты кейіпкері/ Әліш Үмбеталов-Ленин орденімен марапатталған.
Т.Әбдіков шығармалар жинағы?1964ж бастап шығармалары шығ. Бірінші жинағы «Көкжиек» 1969ж. 1971ж. «Күзгі жапырақ» жинағы ш. 1974ж. «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы ш.1979ж. «Айтылмаған ақиқат» әңгіме повестер жинағы ш. 1980ж. әңгіме-повестері орыс тілінде «Истина» деген атпен ш. 1985ж. «Өлі ара» «Біз, үшеу едік» пьесасы сахнада қойл. 1987ж. «Ақшоқыда қыс қатты» атты шығ. ш.2002ж. «парасат майданы» повесі жаз. ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Х/А франс Кафка ат.орденмен марапат. «Қонақтар» әңгімесі де бар.
Таза бұлақ / Ы Алт.
Тортай неге құштар? Кітап оқуға, құлағының мүкісі бар
Төлегенге өз разылығын берген анасы кім? Қамқа
Туынды сын есім жұрнағы/ 1.Есім сөзден сын ес.жас. 2. Етістіктен сын ес.жас. 3. Үстеуден сын ес.жас.адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштің бірі.
Тасқа қашап жазылған Күлтегін Тоныкөк дастандары табылған жер? Орхон-Енисей өзендері
Туған жердің ыстығын – ай! Түйе ботасын ертіп, қай өзеннің жағасына алып кетеді? Әмудария
тергеуші/ Міртемір
Томирис 6 жасында семсер ұстаған
«Түгіл»/ тұрсын, тұрмақ/ болымсыздық мағына беретін демеулік шылау
Тұрақты тіркес/ айылын жимады.
«Ұшқан ұя» қамтитын кезең? Б.Момышұлы/ кеңес өкіметінің құрылып жатқан кезі
«Ұшқан ұя» шығармасы қалай басталады? Хрестоматияда (Менің бабам Имаш 90 жасында дүниеден өткен деп..) Әжесінің қартайғанда сарыкемпір атанды...(телеграмм)
Ұлыма, итқұс/ қасқыр
Ұлы Жібек жолынан не тараған? Жібек (құрт) т.б.
Үзінді авторы/Жусан исі /мәтін
Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінде қандай ою айтылды? Қошқар мүйіз оюы 1981ж.
Шақан шері идеясын ашатын мақал?
Шешендік сөз- жанрлары: арнау, толғау, дау.
Ш.Құсайынов «Томирис» драмасы (пьеса) халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше қуатпен бейнеленген. Томирис-ТҰмар анамыздан бастау алады. Б.э.д. 503 жылдардағы ата-бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қорғағанын, сақтағанын, суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туындысы. Ол туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қанға бөктіріп, Тері шанашты қанмен толтырып: «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. 6ғ өмір сүрген. Массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Арғы атасы: Ишпакай. Томирис рөлін сомдаған: Альмира Тұрсын. Кир «Азия әміршісі». Балхаш-күйеуі.Мен-Томирис, атым- Шұғыла, тегім массақ. Композиция (жұмыр, тұтас, бірегей) Оқиға баст. Елес кемпір, Ұйқысыз Кир. Байл. Спаргапис арманы, Ардашир хабары. Дамуы: Кир еліне аттанған елшісі Шұғыла (Томирис). Шиеленісі: шайұас даласы. Спаргап-ң сатқындығы.Жаза. Шарықтау шегі: Кир патшаның жеңілісі, Спара-с. Балқаш.Кир өлімі. Шешімі: Елес кемпір мен Томиристің диалогы.
Шәмкеш, Тұрмағанбет, Иманқұл атты кейіпкерлер Ж.Аймауытовтың қай шығармасында кездеседі? / Қартқожа
Шынайы сөзінің синонимі? Нағыз, адал, шын мәтін
«Шағырмақ бұлт жай тастар» / Шалкиіз жырау
Шақан шері: оқиға дамуы: шақанның бақытты отбасы. Байланысы: отьасынан айырылған Шақан. Шиеленісі: кек қуған шақан Шарықтауы: Шөнжік пен Шақанның кездесуі. Шешімі: шерінің қолға түсуі. Мақал: адам мен табиғаттың тілдескені-өмірдің үндескені.Идеясы: табиғатты аялау-ең бастысы, өз-өзіңді аялау.
Шақанға орай 3 шешім: 1. Шақан аяқ-қолына бұғау салынып, Сібірге-Якут өлкесіне жер аударылды.2. Тергеуден соң түрмеден қашу барысында оққа ұшады. 3. Әлде түрмеде, әлде этап кезінде қашып, аман құтылады.
Ы.Алт. «Дүние қалай етсең табылады?» шығармасы / Антон бала туралы
17ғ дағы тәрбиелік мәні бар мәдени шығарма? Әл Фараби -Қайырымды қала тұрғындары? Бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесіп отыратын халық-қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектессе, бүкіл әлем қайырымды болмақ. / қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат.