1.5
Тыңдалым материалын болжау
|
1.1.5.1 - мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау
|
Ертегі кейіпкерлері
(Ұ) Оқушыларға кітаптан, фильмнен түрлі ертегі кейіпкерлерін көрсетеді және олардан кім екенін табуды сұрайды. Орыс және қазақ тіліндегі ертегі кейіпкерлерінің атын көрнекі жерге жазып қояды.
(Ө) Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің суретін салады және әр кейіпкердің астына аттарын жазып қояды.
(Т,Қ) «Бағытталған оқу» әдісін жүргізеді. Сұрақтар:
Кітап не туралы?
Кейіпкерлерді таныдың ба?
Қай сурет ұнады?
Қай сөздер сендерге таныс? Маған көрсетіңдер…Бұл нені білдіреді?
Кітапты ұнатасың ба? Неге?
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
кейіпкерлерді тануын;
мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруін;
мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдауын;
жаңа сөздерді қолдануын.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттау сөздерін жазады.
|
Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерін бейнелейтін бейнетаспа көрсетіңіз (кейіпкері - әйел адам ). Егер бейнетаспа табылмаса, суретті кітаптарды көрсетуге болады.
Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.
Фильмді көру барысында тоқтатып, кейіпкерлер туралы сұрақ қойыңыз.
Кейіпкерлердің аттары жазылған суреттерді көрнекті жерге қойыңыз. Бағытталған оқу бойынша 5- бөлімге қараңыз.
|
http://www.bala kai.kz/publ/audi oertegiler/4 Examples of illustrations in Russian fairy tales (9 mins 44 secs) can be found at;
http://www.yout ube.com/watch? v=WRgE1uZaq uA . Similar Kazakh examples should be used.
Examples of female heroines in Russian fairy tales (2 mins 28 secs): http://www.yout ube.com/watch? v=20YmehJu3k k
. Similar Kazakh examples should be used.
|
2.6
Орфоэпиялық нормаларды сақтау
|
1.2.6.1 - мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
|