«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет5/18
Дата15.02.2023
өлшемі0,75 Mb.
#168854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí (î?ûòó ?àçà? ò³ë³íäå) òî?ñàíäû? æèûíòû? áà?
Қазақстанда «қайта құру» саясатының сипаты, Ашық сабақ ҰЖЖ 2022ж жаңа, Алюминий 2, Курсовая работа Нуптыгалиева А, ПФИЯ2019-2020(пр.2), ҰТО-НЦТ, ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗЕҢДЕГІ, How I Can Change The World and Make It a Better Place [Free Essay Sample], 553 words WritingBros
Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1-мәтін

Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері
Қазақстан – ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы. Елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп тұрып жатыр, яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр.
Біз бүгінде бүкіл әлем қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Евразияның ұлы көшпенділер өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа Қазақ даласы арқылы, Үндістан мен Иранға, Еділ мен Кавказға, Европа мен Қытайға, Қырымға арийлер, ғұндар, сақтар, түркілер, қыпшақтар, маңғолдар ағылды. Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.
Алайда тағдырдың талқысымен қазақ елі дербестігінен айырылып, Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930 жылдардан бастап, тоталитарлық жүйе халқымыздың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді. Одан кейін нәубет шалған ашаршылық заман қойдай жуас халқымыздың есігін керіп тұрды.
Қазақта «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды» дейді. Тарихқа жүгінсек кеше ат үстінде жүрген қазақ дүниені дүр сілкіндірген зар замандарда торда қамалған торғайдай халқы үшін «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, бел шешіп күрескен.

2-мәтін
Бүгін, міне, еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне де біраз жылдың жүзі болыпты.


Біз тәуелсіздіктің әр жылын өсу, өркендеу жолында өткізіп келеміз. Осы жиырма бес жыл ішінде есімі тарихта алтын әріппен жазылатын Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында күрделі істер тындырылды.
Олардың ең көрнектісі – шекарамызды белгілеп, төрт құбыламызды тегістеп, әрі тұрақтандырып алуымыз және өзіміздің меншікті Қарулы Күштерімізді жасақтауымыз, әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілеріміз, қайта оралған тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз.
Бұл Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі , әнұранымен айбатты, шекарасы мен тілі , теңгесі мен діні, басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел деген сөз.
Санамалап айта берсек, бұл жылдарда тындырылған іс жетіп артылады. Бәрін де заң жолымен шешетін құқықтық, зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген жерге, баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып, білім алатын дәрежеге жеттік. Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік, бүкіл дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасап, күллі әлемге татулық пен бірлікті паш еттік. 2017 жылы әлем халқының назарын «ЭКСПО-2017 көрмесі» арқылы өзімізге аудардық.
Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне Әнұранымызды тыңдатып, көк байрағымызды көкте шарықтаттық. Тәуелсіздікті тірек етіп, елдің тыныштығы мен ынтымақ-бірлігін сақтап, білім мен біліктілігімізді арттырып, рухани жаңару барысында еліміздің тәуелсіздігін мәңгіге сақтай білдік. Қарағайдың қырық бұтағы болса, соның біреуі ғана түзу бітеді екен. Бірақ біздің ұрпақтарымыздың барлығы теректей жайқалып, түзу бітуі шарт, өйткені азат елге қорған болатын – жастар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет