ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАҒЫ (қазақ тіліне қосымша оқу құралы) Қазақ тілі пәнінен оқушыларға эссе жазудың талаптары мен құрылымы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 7-11сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу қалыптастырылады.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Эссе құрылымына тоқтала кетейін. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы.