Қaзaқcтaн pecпублиkacы aуыл шapуaшылығЫ


Қазақстанда өсетін алмалар олардың түрлері



бет5/20
Дата07.02.2022
өлшемі274,61 Kb.
#86210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Отчет, Тәліп Ә.

Қазақстанда өсетін алмалар олардың түрлері


Қазақстанда негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру
ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатаушапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.
Алманың түрлері:

  • Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.

  • Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.

  • Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.

  • Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.

  • Мичурин естелігі – жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.

  • Жас натуралист – жемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.

  • Күздік шаттық – жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.

  • Жазғы алтын – жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.

  • Ерте пісетін қызыл алма – жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.

  • Россошан алмасы – жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашықжасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.

  • Мелба – шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.

  • Шілделік черненко – жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді

  • Кинга – жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын

сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет