64
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жағдайларда өздерін және өздерінің ар-
намысын қорғауға тырысатын балалар зорлық-
зомбылық деңгейін күшейтеді; онда ересектер-
ге қай баланың
жәбірленуші және қайсысының
зорлық-зомбылықтың себепкері екенін анықтау
қиын болады. Төменде берілген дәйексөздердің
әрқайсысында жәбірленген балалар
психологиялық зорлық-зомбылыққа өздерінің
қалай физикалық зорлық-зомбылықпен әрекет
еткендерін әңгімелеп берді.
«Бір күні бір бала маған әлдебір дөрекі сөз айтып,
қашып кетті. Менің өш алғым келді және келесі
күні оны ұрып-соқтым». [235]
«Бір оқушының маған тілі тиді, мен оны иығынан
жұдырықпен қойып қалдым». [229]
«Бір бала мені ызаландырды. Біз мектептен кейін
кездесіп, мен оны бір-екі рет ұрып алдым». [212]
«Мен біріне-бірі ат тағатын балалармен
келіспеймін. Мен дауласып ұрысамын, бірақ керек
болса, төбелесе де аламын». [191]
Кейбір жәбір көрген балалар физикалық зорлық-
зомбылықты бастан кешкен жағдайда күш
қолданып “есе қайтара алатындарын” айтып
берді. Бір бала оны былай түсіндірді: «Мен оған
қарымта соққы бердім» [128]. Бұдан басқа, басқа
жәбірленген балалар былай түсіндірді:
«Егер маған біреу тиіссе, мен жауап беремін.
Мен өзіме не істесе, солай есе қайтарғанды жек
көремін». [371]
«Мен былтыр сыныптасыммен төбелестім. Ол
менен кейінгі партада отыратындықтан, мені
үнемі арқамнан қаламмен түртіп отыратын.
Бұған шыдай алмадым да, оны мектептен кейін
күтіп тұрып, есемді қайтардым. Ол енді маған
Достарыңызбен бөлісу: