59
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
балалардың ата-аналарына бауыр басуы жоғары
балалармен салыстырғанда (7,7%), жыныстық
сипаттағы пікір білдіру мен қысымшылықдың
(16,5%) құрбандары болу ықтималдығы барынша
жоғары болған. Ақырында, ата-аналарына бауыр
басуы жоғары балалармен
салыстырғанда ата-
анаға бауыр басуы төмен балалар үшін қорқытып
алушылық (4,7%) және кибербуллинг (4,7%)
құрбандары болу ықтималдығы әлдеқайда жоғары
болған (тиісінше 1,7% және 2,1%). Ата-анаға
бауыр басуы төмен балалардың аталған тарауда
жоғарыда көрсетілгендей, өз отбасыларындағы
тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жиі хабар-
лайтынын ескертіп өткен маңызды.
3.15-кестесінде сондай-ақ мектепке бауыр ба-
суы төмен балалардың мектепке бауыр басуы
жоғары балалармен (39,2%) салыстырғанда,
мектепте психологиялық зорлық-зомбылық
(60,9%) құрбандары болу ықтималдығы жоғары
екендігі көрсетілген. Мектепке бауыр басуы
төмен балалар
мектепке бауыр басуы жоғары
балалармен салыстырғанда, мектептердегі
жеке басынушылық (41,8%) және кемсітушілік
(31,2%) құрбандары болу ықтималдығы екі
есе жиі болған (тиісінше 20,6% және 15,5%).
Мектепке бауыр басуы төмен балалар мектепке
бауыр басуы жоғары балалармен салыстырғанда,
мектептерде алты есе жиі қорқытып алушылық
(7,6%) және кибербуллинг (8.8%) құрбандары
болған (тиісінше 1,7% және 2,1%). Бұл дерек-
тер олардың мектептегі өзге балалар тарапынан
зорлық-зомбылық және кемсітушілік құрбандары
болып табылуының мектепке балалардың бауыр
басуынатеріс әсер ететінін көрсетеді.
Қорытындысында, 3.15-кестесінде ашу-ыза
мен жеке басынушылыққа бейімділігі жоғары
балалардың мектептегі
зорлық-зомбылық пен
кемсітушілік құрбандары болу ықтималдығы ба-
рынша жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда,
ашу-ызаға бейімділігі жоғары балалар ашу-
ыза деңгейі
төмен балалармен салыстырғанда,
екі есе жиі психологиялық (60,2%) және жеке
басынушылық (35,6%) құрбандары болған
(тиісінше 31,95% және 15,6%). Сондай-ақ
жеке басынушылығы жоғары балалардың
жеке басынушылыққа бейімділігі төмен бала-
лармен салыстырғанда, екі есе көбірек жеке
басынушылық (34,1%) және психологиялық
зорлық-зомбылық (53,4%) құрбандары болу
ықтималдығы
айтарлықтай барынша жоғары
болған (тиісінше 34,5% және 16%). Келесі
бөлімде балалармен жүргізілген сұхбаттан
алынған деректер мектептегі психологиялық және
жеке басынушылық құрбандары болып табыла-
тын балалардың өздеріне қоқан-лоққы көрсеткен
балаға (балаларға) өте жанға батар іс жасауды
қалайтынын және ашу-ыза сезімін білдіретінін
көрсетеді. Осылайша, ашу-ызаға және жеке
60
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
басынушылыққа жоғары бейімділік, қоқан-лоққы
себебі емес, оның нәтижесі болып табылады.
Ашу-ызасы жоғары балалар ашу-ыза пайда бо-
луы төмен балалармен салыстырғанда, екі есе
көп жыныстық зорлау құрбандары (17,7%)
және екі есе жиі – кемсітушілік құрбандары
(28,8%) болған (тиісінше 4,7% және 11,0%).
Сол уақытта жеке басынушылығы жоғары ба-
лалар жеке содырлық үрдісі төмен балалар-
мен салыстырғанда, екі есе көп жыныстық зор-
лау құрбандары (14,9%) және айтарлықтай
жиі – кемсітушілік құрбандары (22,5%) болған
(тиісінше 5,8% және 13,5% с).
Ақырында, ашу-ызасы жоғары балалар ашу-
ызасы төмен балаларға қарағанда, төрт есе көп
қорқытып алушылық құрбандары 4,2%) және
үш есе көп кибербуллинг құрбандары (1,4%)
болған. Одан басқа, жеке басынушылығы
жоғары балалар жеке басынушылық деңгейі
төмен балалармен салыстырғанда,
екі есе жиі
қорқытып алушылық құрбандары 3,1%) және
үш есе көп кибербуллинг құрбандары (4,0%)
болған (тиісінше 1,4% және 1,7%). Балалармен
жүргізілген сұхбаттың, атап айтқанда, мектептегі
зорлық-зомбылық және кемсітушілік құрбандары
болған балалардың жәбірлеуді қайталайтынын,
озбырлық жасаған тұлғаларға қатысы бойынша
жиі ашу-ыза білдіретінін және оларды жәбірлеген
балаға (балаларға) жан ауыртар залал келтіруді
қалайтындықтарын көрсететінін қайта ескертіп
кету керек. Осылайша, мектептегі зорлық-
зомбылық және/немесе кемсітушілік құрбандары
бола отырып,
баланың ашу-ызаға және жеке
басынушылыққа бейімделу ықтималдығын арт-
тырады, бірақ керісінше емес.
Мектептегі зорлық-зомбылықтың
балаларға әсері
Мектептегі зорлық-зомбылықтың куәсі болған
балалардан зорлық-зомбылық құрбаны болған
балаға не болғаны туралы сұрадық. Бұдан басқа,
мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған
балалардан олар зорлық-зомбылыққа түскенде
не сезінгендерін, оларға қандай дене жарақаты
келтірілгенін және олардың зорлық-зомбылық
жасаған тұлғадан (тұлғалардан) кек қайтарғысы
немесе оларға қатысты жәбір көрсеткісі
келетіндіктерін сұрадық. Сұхбат жүргізілген және
мектепте зорлық көрген 402 баланың арасында
47,0%-ы бұның олардың көңіл-күйлеріне теріс
әсер еткенін, 9,0%-ы күшпен
зиян келтірілгенін
айтты. Бұдан басқа, 10,0%-ы өздеріне озбырлық
жасаған тұлғаларға “есесін қайтарғандарын”
айтты. Жәбірленген үш бала басқа мектепке
ауысқандары туралы айтты. Сұхбат жүргізілген
және мектептегі озбырлыққа куәгер болған 402
баланың арасында, 13,0%-ы жәбірленген балаға
күшпен залал келтірілгенін көрген.
Кезекті бөлімдерде жағымсыз көңіл-күй
әсерлерін, дене жарақаттарын және мектеп-
те озбырлық жасаған тұлғаларға “қайтарылған
есені” қоса алғанда, озбырлық жәбірін көрген
балаларға мектептегі теріс әсерді анықтау
мақсатында балалармен болған сұхбатта
жинақталған деректер талданады.
Көңіл-күйге әсер ету
Жоғарыда ескертілгендей,
мектепте зорлық
көрген балалардың жартысы дерлік бұның
өздерінің көңіл-күйлеріне теріс әсер еткенін ай-
тып берді. Жәбірленген көптеген балалар ашу-
ыза, ыңғайсыздық сезіну, қорлану, масқаралану
және реніш сезімін білдірді. Балалардың көбісі
оларын ашық айта алмағандықтан, сезімдерін
іште сақтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: