62
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Кейбір жәбірленген балалар қатты қорыққандықтан
тіпті мектепке барғылары келмегендіктерін айтты
және кей балалар тіпті өздеріне зорлық жасағандар
оларды тыныш қалдыру үшін
топтарға кіру не-
месе қарақшылық топтарға қосылу мүмкіндігін
қарастырғандарын айтып берді.
«Мен өзімді жаман сезіндім, сондықтан мектеп-
ке барғым келмеді. Мен қандай да бір қарақшылық
топқа кіру туралы ойланамын, олар сонда маған
тиісе алмайды». [321]
Басқа балалар басқа мектепке ауысу туралы не-
месе оларды ренжіткендердің
басқа мектеп-
ке ауысқандарын қалайтындықтарын айтты.
Балалардың бірі былай айтты:
«Мен жай ғана
оның басқа мектепке ауысқанын қаладым және оны
бұдан былай көргім келмеді». [370]
Жалпы, жәбірленген балалар мектептегі
зорлықтың өздерінің мектепте қауіпсіз болу
сезіміне әсер ететінін айтты. Олар зорлық пен
виктимизацияның
болмағанын қалайды, өздерін
зорлық-зомбылықтан “зардап шеккен” ретінде
сезінеді және өздерінің қайталанатын зорлықты
тоқтатар тәсілдері жоқ екенін сезінеді. Бір бала
былай деді: «Мен қатты
қорықтым және жай ғана
бұның біткенін қаладым» [325].
Денені зақымдау
Жәбірленген балалардың 9,0%-ына дейінгілері
теріс эмоционалдық көңіл-күй әсерінен
басқа, өздерінің дене жарақатын алғанын
және мектептегі зорлық-зомбылық куәгерлері
зорлық-зомбылық құрбандарының 13,0%-ы
дене жарақаттарын алғанын айтты. Мектепте
зорлық-зомбылықтың
куәгерлері болған ба-
лалар және золық-зомбылықтың құрбаны
болған балалардың өздері мектептегі зорлық-
зомбылық салдарынан алған дене жарақаттары
туралы әңгімелеп берді. Кейде дене жарақаттары
жеңіл-желпі болған (мысалы, тырнау, көгеру,
көз астының көгеруі және мұрыннан қан кету),
бірақ көп жағдайларда
балалар барынша ауыр
дене жарақаттарын алған (мысалы, бастың
зақымдануы және сүйектердің сынуы).
Төменде берілген үзінділерде балалар тырнақтың
ізі, дененің көгеруі, көздің көгеруі, мұрыннан
қан
кетуді қоса алғанда, мектептегі зорлық-
зомбылықпен байланысты елеусіз жарақаттар ту-
ралы айтады.
«Олардың кейде мұрындарынан қан кетеді және
көздерінің асты көгеріп тұрады». [358]
«Төбелестен кейін менің досымның бетінде
тырнақтың ізі қалды және менің де көзімнің
асты көгерді». [233]
Достарыңызбен бөлісу: