(ПТ)
- Осы өлең туралы не айтар едіңдер?
-
Бір шаңырақ астында дегенді қалай түсінесіңдер?
Қорытынды жасай келе отырып, тәрбиеленушілердің мынаны түсінуіне әкеледі.
(Ө)
Шаңырақ, тату, үлкен, кіші, достық, ата-баба, асыл мұра
сөздерінің мағынасына өз
пікірін білдіреді. Шанырақ, отбасы туралы білетінін айтады.
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6 - 25 мин
Әліппе-дәптермен жұмыс
Жұмбақты шеш.
Шортанда бар,
Барыста жоқ.
Шолпанда бар,
Марста жоқ.
(Ш дыбысы ауысша түсіндіріледі
Шортан, Шолпан сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
Дұрыс,
Ш
дыбысынан басталып тұр.
Ш
- дауыссыз дыбыс.
Ш
дыбысы тікелей тілдің қатысуымен жасалады, күш тілдің ұшына және
ортасына түседі. Тілдің ұшы тілге тіріліп, тілдің екі жағы таңдайға жуықтайды. Дауыссыз
дыбыста дыбыс кедергіге ұшырап қысқы айтылады.
Ш – Ш – Ш
Ол көк текшемен боялады.
Тәрбиеленушілерге
Ш
дыбысының дауыссыз, дауыссыз дыбыс екендігін түсіндіру.
Ш
дыбысына сөз ойлаңдар?
Бой сергіту сәті:
Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін!
Сен білмесең егер де,
Былай ескек есейін.
(Қимылмен көрсетеді.)
Әліппе-дәптермен жұмыс
4-тапсырма.
Шаңырақ, қайшы, ағаш
суреттері беріледі.
Осы суреттерден
Ш
дыбысының орнын тауып сай текшемен дояту керек. Осы сөздерді буынға
бөліп, қатыстырып сөйлем құрастыру керек.
5-тапсырма. Ребусты шеш.
Шаңырақ, ыдыс, қар, аққу суреттері берілген.
Ребустың шешуі:
Шаңырақ
. Шаңырақ сөзін буынға бөл.
«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ш
дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ заттардан бір-бірден беріп тұрады.
Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп затқа ие болады. Кімнің заттарының саны артық болса,
сол ұтады. Мысалы:
шана, шар, шие, машина, ағаш,шымшық.
Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс
басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.
Достарыңызбен бөлісу: