Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Білім сапасының құрылымдық жіктелуі



Pdf көрінісі
бет152/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Білім сапасының құрылымдық жіктелуі:

Бітіруші түлектің сауаттылық сапасы –жеке тұлғаның даму сапасының, жалпы мәдени және танымдық, білімдік
дайындығының бірлігі және ол рухани аламгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық т.б. мазмұнмен толықтырылады.

Білімге қоғамның әсері мен білімдік орта сапасы ескерілетін білім жүйесінің сапасы.
Кез-келген білім беру технологиясы мынадай әрекеттерден тұрады:

Мақсатты бағытталған;

Сүйенетін ғылыми идеялар;

Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің жүйесі;

Нәтижені бағалау өлшемдері;

Нәтижелер;

Қолдану барысындағы шектеулер.
Білім беру нәтижелерін қамтамасыз етуге байланысты оқыту технологиялары жалпы 3 түрге жүктеледі:

Оқушылардың әлеуметтенуі мен бағдарлар жүйесі түріндегі тұлғалық нәтижелері;

Метапәндік нәтижелер- іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері түріндегі негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуы;

Оқытудың пәндік нәтижелері – оқушылардың білім беру салалары бойынша алған білім, білік, дағдылары және
құзыреттіліктері.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі- оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір
мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі
118


беріледі. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндерді таңдауға, оқу материалынан озып кетуге
және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдістерін таңдауға құқылы болады.
Білім берудің жеке өрісі- бұл білім берудегі тиісті іс-әрекет түрлері, жеке тұлғаға бағдарланған білім беруді ұйымдастыру
оқушылардың мынадай құқықтары мен міндеттерін іске асыруды мақсат етеді:
-
әрбір оқу курсында,тақырыпта, сабақта жеке мағына мен мақсатты таңдау және табу құқығы;
-
іргелі ұғымдар мен категорияларды өзіндік түсіну және түсіндіру құқығы; оқытылатын курстар бойынша белгілі
бір мерзімге арналған жеке білім беру бағдарламаларын жасау құқығы;
-
оқытудың жеке қарқынын, білім беру міндеттерін шешудің нысандары мен әдістерін бақылау, рефлексия
тәсілдерін таңдау, өзінің жеке ерекшеліктерін білудің негізінде өзінің іс-әрекетін өзіндік бағалау құқығы;
-
оқытылатын пәндерді, шығармашылық зертханаларды және типтік оқу жоспарына сәйкес таңдау бойынша
анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау:
-
оқу курстарының мазмұнын арттыру( озу және тереңдету):
-
Қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық жұмыстарды жеке таңдау;
-
әрбір білім саласы бойынша жеке негізделген ұстаным құқығы.
Оқушының жеке білім алу қызметінің негізгі элементтері;
-
іс-әрекеттің мағынасы( мен мұны не үшін істеймін);
-
жеке мақсат қою (күтілетін нәтиже);
-
іс-әрекет жоспары;
-
жоспарды жүзеге асыру;
-
рефлексия (өзінің іс-әрекетін сезіну);
-
бағалау;
-
мақсатқа түзету енгізу немесе қайта белгілеу жүзеге асырылады.
Т.Шамованың классификациясы бойынша жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологиялары негізінен 3-топқа бөлінеді:
-« Дәстүрлі мектеп технологиясы» - ББД (білім, білік, дағдыға) бағытталған технологиялар;
- « Дамыту мектебі технологиясы» - құзыреттілікке бағытталған технологиялар;
- « Әлеуметтік мектеп технологиясы» -әлеуметтік технологиялар.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағдарланған төмендегі білім беру технологиялары жиі қолданылады:
-
В.Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы; 
-
П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
-
В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы ;
-
Ш.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
-
Л. Заньковтың және Д.Эльконин –В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
-
В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;
-
М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы;
-
Ж.Караевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
-
Г.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы, т.б.
Жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту технологиясына жасалған талдаулардың нәтижесінде, оқу-тәрбие процесін
гуманизациялауда М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі зор.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары негізінен оқушыларды жеке және саралап оқыту мен тәрбиелеу
тәсілдерін көздейді. Бұл жағдайда қазіргі дидактиканың дамуындағы көптеген инновациялық бағыттардың ішінде аталған
оқыту технологияларын пайдаланудың төмендегідей ерекшелігі мен тиімділігі бар:
-Біріншіден, қазіргі сыныптық-топтық сабақ жүйесі жағдайларында олар оқу үрдісімен көбірек үйлеседі, базалық деңгейге
арналған білім мазмұнына қатысы жоқ;
-Екіншіден, бұл педагогикалық технологиялар өзінің педагогикалық және психологиялық мақсатын орындау ғана емес,
сонымен бірге тәрбиелік, адамгершілік астарлары жөнінен де ізгі технологиялар ретінде барлық оқушылардың оқу
материалын ойдағыдай меңгеруін, олардың интеллектуалдық дамуын, дербестігін, оқытушыға және бір-біріне деген
адамгершілік қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаға бағдарланған жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, пәнді түрлендіріп оқыту оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттырып, жеке қабілетін жетілдіруіне, соның нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға зор
ықпал жасайтындағы тәжірибеде дәлелденіп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет