ЛЕВИ-СТРОСКлод – француз этнографы, социолог, мәдениеттанушы, структуралық антропологияның негізін қалаушы. Алғашқы кезеңде Л.-С.К. Ж.-Ж.Руссоның, Дюркгейм социологиясының, психоталдаудың, марксизм- нің ықпалында болды. Л.-С. К-тың еңбектері қазіргі мәдениеттанудың негізін қалады. Л.-С.К. мәдениет құбылыстарын зерттеу барысында тарихи факторға ерекше назар аударды: мәдениеттің қайнар бастауына (жазуға дейінгі), мәдениаралық байланысқа тоқталды. Адамзаттың алғашқы кезеңіндегі ойлау жүйесінің теориясын қалыптастырды. Леви-Брюлдің «логикаға дейінгі ойлау жүйесі» концепциясын сынға алды. Мифологиялық ойлау жүйесін ұжымдық бейсанасыз деп, адамның басқа да танымдық- аспектілерінен бөлек қарастырады. Л.-С.К-тың мәдениеттің эмпирикалық типология туралы концепциясы ғылымда құндылығымен ерекшеленеді. Л.-С.К-тың «Құрылымдық антропология» (1983), «Қайғылы тропикалар» (1975), «Миф құрылымы» (1970) еңбектері көптеген тілдерге аударылған.
ЛЕГИЗМ – (лат. Lex (legis) – заң, қытайша фа цзя – сөзбе сөз: заң мектебі, заңшылдар) – Ежелгі Қытай философиясындағы негізгі алты мек- тептің бірі. Заң мектебінің негізін қалаушы ретінде дәстүрлі түрде ірі саяси қайраткерлер Гуань Чжун (б.д.д. 8–7 ғ.ғ. аяғы), Цзы Чань (б.д.д. 5 ғ.) және Ли Куй (б.д.д. 5 ғ.), У Ци (б.д.д. 4 ғ.) айтылады. Л. басты теоретиктері: Шан Ян (б.д.д. 4 ғ.), Шэнь Дао, Шэнь Бухай (б.д.д. 4 ғ.) және Хань Фэй (б.д.д. 3 ғ.). Біріншісінің көзқарастары «Шан цзюнь шу» («Шан аумағын басқарушының Кітабы») кітабында, ал екіншісінікі – «Хань Фэй-цзы» жазба ескерткішінде баяндалған. Л. теориясына көп дәрежеде үлес қосқан Шан Ян (Гунсунь Ян, б.д.д. 390–338). Л. негізгі доктринасы – заңның (фа) мемлекет пен қоғам өміріндегі шартсыз бастылығы туралы ілім. Заңды тек билеуші шығарады. Л. теоретиктері деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады, ол билеушінің шексіз билігінің арқасында іске асатын болды. Шан Ян: «Егер барлық жерде заңды басшылыққа алатын болса, ел тәртіптен ләззәт алады», – деп жазды. Оның заңының концепциясы 1) билеушіге жан-тәнімен берілуге тәрбиелеудің негізі ретінде жазалау мен марапаттау жүйесін және 2) тектердің рангын беру және қызметке тағайындау жүйе- сін қамтиды. Шан Янның әлеуметтік теориясының маңызды элементі
«халықты әлсіретудің» маңыздылығы, оны билеушінің ырқын бұлжытпай орындайтын құралға айналдыру болып табылады. «Халық ақымақ болса – оны басқару оңай». Яғни, халық пен билеуші антагонистік ара қатынаста ғана бола алады. Халыққа оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек, ол ауылшаруашылығымен айналысып, тек соғыс туралы ғана ойлануы керек. Ал мемлекет тек ауылшаруашылығы мен соғыс арқылы ғана байиды, күшейеді. Шан Янның бұл тезистерінің негізінде мораль, дәстүр, мәдениет адам табиғатымен – оның пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес. Шан Янның ілімі Хань Фэйдің «басқару өнері» ілімімен ұштасып, императорлық Қытайдың доктринасына айналды. Л. үш кезеңнен тұрды, соның ең негізгісі, қысқа уақытқа қарамастан, б.д.д. 221–207 жж. болды. Л. Цинь империясының негізгі идеологиясына айналды, император Цинь Шихуан басшылыққа алған мемлекетті басқару жүйесінің теориялық негі- зіне айналды. Л. басшылыққа ала отырып, Цинь Шихуан Қытайды біріктірді. Л. басты идеологиялық қарсыласы конфуцийшілдік болды. Цинь Шихуан- ның бұйрығымен конфуцийшілдерді қуғындау кезінде 460 конфуцийшіл жерге тірідей көміліп, қалғаны Ұлы Қытай қорғанын салуға жіберілді.