Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет382/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ – (лат. Lingua, тіл) («лингвис- тикалық талдау философиясы», «күнделікті тіл философиясы» ретінде де мәлім) – аналитикалық философия бағыттарының бірі. XX ғ-дың 40-
50 жылдары негізінен Англияда және АҚШ-та таралған. Л.ф-ның екі мектебі – Витгенштейн тікелей әсер еткен «Кембридж» мектебі мен Мур көзқарасының күшті ықпалын бастан кешірген «оксфорд» мектебі өмір сүрді. Ол философияның теріс сипатын теріске шығарады және дәстүрлі философиялық мәселелерді тілдің ойлауға бағдарсыз ықпалына байланыс-


352

ты туындайтын жалған мәселелер деп есептейді. Оның жақтаушыларының пікірінше, филос. мәселелердің жалған сипатын көрсетуге және олардың тіл қолдаушысындағы қателіктердің түп төркінін анықтауға тиіс, сөйтіп,


«Кембридж» мектебінің өкілдері атап көрсеткендей, «емдік міндет» атқаруға міндетті. Өздерінің «метафизикадан арылу» жөніндегі ұмтылысында Л.ф. дәстүрлі философияның «онтологиялық метафизикасынан» бас тарту- мен қатар логикалық позитивизмнің «гносеологиялық физикасын» және оның «тікелей берілген» верификациялану ұстанымдары мен басқа да ұстанымдарын жоққа шығарады. Тілге талдау жасауды философияның бірден-бір ықтимал ісі деп есептеген. Л.ф-ның жақтаушылары, оның окс- форд тобының өкілдерінен өзгеше түрде жасанды үлгі тілдерді емес, табиғи сөйлеу тілін өзінің назар аударған объектісі етті. Бұл орайда олар әлдебір
«мінсіз тіл» схемаларында табиғи сөйлеу тілдерінің байлығын егжей- тегжейлі қолданудың қиындығы туралы жалпы алғанда дұрыс ережені басшылыққа алды. Алайда, тіл мен ойлау қатынасының барлық филос. Мәселелеріне талдау жасаудан бас тартқан. Л.ф. тілдегі сөйлемшелерді қолданудың алуан түрлерін эмпирикалық суреттеуді мансұқ етті, тілдің мә- нін түсінетін жолды жалпы және сайып келгенде, оны конвенционалистік тұрғыдан түсіндіруге келіп тіреледі. Ол үшін тіл дүниені бейнелеу құралы емес, конструкциялау құралы, ол әлдебір өзіндік мәні бар күшке айналады. Филос. мәселелерді ұсақтау, ғылым мен қоғамдық сананың өмірлік маңыз- ды мәселелерінен аулақтау, схоластикалық тенденциялар – мұның бәрі тіпті буржуазиялық философтардың арасында да Л.ф- ға сыни көзқарас туғызды, әйтсе де Л.ф. өкілдері жұмыстарының метафилос. зерттеу үшін белгілі мә- нін теріске шығаруға болмайды. Соңғы уақытта Л.ф-ны жақтаушылардың таза «талдаудың» ортодоксалдық айқындамасынан шегіну тенденциялары және мазмұнды филос.мәселелерге жүгінуі байқалып отыр.


ЛOГИKA (гpeк. lоgikе – сөз, сөйлем, ақыл, ой) – дүниенi танудағы абстрактiлi ойлаудың формалары мен заңдары жөнiндегi ғылымдар жиыны. Л.-ның негiзгi мақсаты мен зерттеу пәнi танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсiлдер мен әдiстердiң дұрыс жүйесiн қалыптастыру. Л. ұғымы объективтiк дүниенiң, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Осы заманғы Л. кең мағынасында бiрқатар салалар мен бағыттарға, тарауларға бөлiнедi. Олардың iшiндегi ең бастылары – диалект. және формальдық логика. Мұның мәнiсi: ойлау процесiнiң екi түрлi ерек- шелiгiнiң болуында. Бiрiншiден, ойлау дегенiмiз – бiлiмнiң даму процесi, яғни заттар мен құбылыстаpға тән жалпы және таным процесiне тән ережеге диалект. заңдылықтар мен оған негiзделген таным тәсiлдерi мен амалдарды қолдану нәтижесiнде ұғымдар мен пiкiрлердiң, теорияның қалыптасуы. Осы тәсiлдер мен амалдар, заңдылықтар диалект. логиканың зерттеу сала-


353


сы және пәнi болып табылады. Екiншiден, ойлау процесiнiң қандайы болса да қалыптасқан ұғымдар мен пiкiрлердi (анықтама, жалпылау, ой қорыту, ұғымды шектеу, ажырату, пікiрлердiң бiр формасын екiншi формаға түрлендiру, бiр пiкiрден логикалық жолмен екiншi пiкiрге көшу, бiр пiкiр арқылы екiншi пiкiрдi дәлелдеу немесе теріске шығару т. б.) пайдаланып, оларды қолдану арқылы бiлiмдi дамыту – осы түрлендiрулер, логикалық амал-тәсiлдер мен заңдылықтар, ұғымдардың бiр-бiрiмен байланыстары, ерекшелiктерi формальды логиканың зерттеу саласы, пәнi болып табылады. Диалект. логика мен формальды логика мәселелерi ерте заманғы филос. iлiмдeрдe танымның мәнi-мазмұны, пайда болуы және оның объективтiк дүниеге қатысы жөнiндегi мәселелердi зерттеуден туып қалыптасты, фор- мальды Л. б. з. б. IV ғ-да Аристотель еңбектерiнде жеке ғылым болып қалып- тасады. Формальды Л. мәселелерi философияның негiзгi мәселесiмен бай- ланысты болатындықтан, формальды Л. философияның бiр саласы болып саналды. ХІХ ғ-дың 2-жapтыcындa формальды Л. математикалық (немесе символикалық) логиканың қалыптасуымен дербес ғылымға айналды. Оның зерттеу саласы: тұжырымдар мен дәлелдеу формаларын және олардың негiзi болып табылатын логикалық заңдар жүйесiн анықтау. Матем. Л-ның дамуы теориялық ойды зерттеу саласындағы маңызды бағытқа (мета- теория) жол ашып, бiрқатар логикалық жаңа пәндердiң (металогика, семан- тика) қалыптасуының бастамасы болды. Осы бағыттағы зерттеулердiң нәтижелерi Л. мен философияның тығыз байланысты екенiн бұрынғыдан да гөрi айқындай түстi. Дәстүрлi формальды Л. осы заманғы формальды Л-ның тарихи негiзi болып табылады. Оның құрамына ұғым туралы iлiм, ойлay заңдары жөнiндегi iлiм, пiкiр жөнiндегi iлiм және силлогистикалық тұжырым теориясы – силлогизм жөнiндегi iлiм, нaқтылы ой қорытындысы мен силлогистикалық емес ой қорытындылары, логикалық қате жөнiндегi iлiм және дәстүрлi индуктивтiк Л. жатады. Дәстүрлi Л-ның негiзiн қалаған Аристотель. Ол күнделiктi өмiр тәжiрибесi мен сол кезде ендi-ендi қалып- таса бастаған ғылымдардағы ғылыми ойды қорыта келе силлогизм жөнiн- дегi iлiмнiң негiзiн салып, пiкiрлер мен ой қорытындыларын логикалық форма жағынан талдаудың ең алғашқы үлгiлерiн жасады. Дегенмен кейбiр ой қорытуларын, әсiресе матем. пiкiрлердi силлогистикалық схемаға сый- ғызу мүмкiн еместiгiн Аристотельдiң өзi де аңғарады. Бұл мәселе кейiннен мегарлықтар мен алғашқы стоиктердiң логикалық басқа да формаларды дедукцияны қарастыруына себеп болды. Орта ғасырлар мен қайта өркендеу дәуiрiнде Л-да зерттеулер осы бағытта жүредi (Галилей, Балла, Раме). XVII ғ-да математика мен тәжiрибелiк жаратылыстану ғылымдарының өрiс алуы формальды Л-ның қолданылмалы мәнi туралы және ғылым логикасы- на тән тұжырымның силлогистикалық емес формалары жөнiндегi мәселенi қойды. «Абстракцияның орнына – тәжірибе» деген ұранмен «табиғи ой Л-сы


354

деп аталған интуиция мен елестету дедуктивтік Л- ға қарсы қойылды. Жаңа замандағы индуктивтік Л-ның қалыптасуына Бэконның методол. идеялары бастау болды. Осы Л-ны Дж. Гершель идеяларына, себептілік ұстынына сүйеніп жүйелі түрде дамытқан Дж. С. Милль болды. Дж.С. Милльдің индуктивті ой қорыту теориясы мен Л. алгебрасының қалыптасуына байла- нысты XІХ ғ. мен ХХ ғ. Л-ның зерттеу саласына айналады. Бұл кезеңдегі логикалық ойдың шектеліп қоймай, бастапқы идеяларын Лейбниц ұсынған дедуктивтік математикалық Л-ны қалыптастыруы болды. Л. тарихындағы


«алгебралық логика» дәуірінің басты тұлғасы Дж. Пеано, Д. Морган және неміс математиктері Э. Шредер, П.С. Порец еңбектері матем. әдістерді Л-ға қолданудың нәтижесінде осы заманғы Л. алгебрасы қалыптасады. Л-лық сөйлемдерді геом. фигуралар арқылы жетілдіру әдісі И.Г. Ламберт еңбектерінде кездеседі. Бұл ілімді нағыз шыңына жеткізіп жетілдірген Дж. Венна болды. Ол кластар тобына толық балама болатын эвристикалық мәні бар диаграмманың графикалық аппаратын жасады. 20 ғ-дың аяғында Дж. Пеано, Пирс және Г. Фреге еңбектеріне байланысты дедуктивтік Л. саласы терең өзгеріске түседі, олар бұрынғы авторлардың тек алгебр. тұр- ғыдағы зерттеулерінің тар шеңберінен шығып, матем. Л-ны арифметика мен жиындар теориясын негіздеуге қолдана бастайды. Бұл кезеңнің табыстары әсіресе Л-ның аксиоматиканың құрылымын жасаған Фрегенің зерттеулерінен айқын көрінеді. Оның формальдандырған Л-сы осы заманғы есептеу Л-ның негізгі элементтерін түгелдей қамтиды. Фрегенің табиғи тілдердің логикалық құрылымы мен логикалық есептеудің семантикалық салаларындағы зерттеулері, өзі жетілдірген предикаттар логикасына сүйе- ніп формальданған арифмет. жүйесін жасауы осы заманғы матем. дәлел- дер теориясының дамуына бастама болды. Дж. Пеано символикасы осы заманғы Л-да қолданылатын таңбалар жүйесіне негіз болды. Бұл жүйе кейбір өзгерістермен Б. Расселдің А.Н. Уайтхедпен бірге жазған үш томдық
«Математика ұстындары» деген еңбектерінде матем. анализді логикалық негіздеу мақсатында Л-ның дедуктивті аксиоматикалық құрылымын бір жүйеге келтірумен, одан әрі дамытылды. Осы еңбектің жарыққа шығуы және 1904 жылдан бастап шыға бастаған матем. Л. мәселелеріне арналған Д. Гильберт еңбектері осы заманғы логикалық зерттеулердің бастамасы болып саналады. Осы заманғы Л. дами келе әдісі жағынан математикалық, зерттеу пәні логикалық болып, деректі ғылым – математикалық логикасын қалыптастырды. Осыған байланысты Л. математиканың логикалық мәселе- лерін шешудің қажетті құралына айналды. Әсіресе сын матем. теориялар- дың қандай да болмасын қағидаларының дәлелденетіні немесе дәлелден- бейтіндігі жөніндегі проблемаларды айқындауда ерекше орын алады. Зерттелініп отырған заттық саланың мазмұнының өзгеруіне не кеңеюіне байланысты оны зерттеудің әдіс тәсілдері де оған қолданылатын логикалық


355

амалдар да өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл мәселелердің қажеттілігі ма- тематиканың негізін талдап дәлелдеуге байланысты айқындала бастады. Жиын теориясын қалыптастыруда, дескрептивтік жиын теориясының мәсе- лелерді шешудегі кездескен қиындықтардың логикалық мәні бар екендігі анықталды. Бұл мәселелерді шешу үшін жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым – матем. Л-ны қолдану қажет болды. К. Гедельдің (1939), П. Коэн мен (1963), П.С. Новиковтың (1951) еңбектері осы мәселелердің толық шешілуін қамтамасыз етті. Дамудың бұл кезеңнен өткен теорияларды дедуктивтік теориялар деп атайды. Тек осы теориялар үшін ғана дәлелдеген ілімді және қайшылықсыздық мәселелерін айқын тұжырымдауға болады. Ол үшін қазіргі заманғы Л-ның негізгі тәсілдерінің бірі дәлелдеуді формальдандыру әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолдану идеясын ұсынған Д. Гильберт болатын. Дәлелдеуді формалдандыру әдісі мен формальды жүйе ұғымы тығыз байланысты. Формальды жүйеде мына элементтер болады:



  1. мәнді сөйлемдерді құруға арналған мүлтіксіз дәл және формальды ере- желерден тұратын тұжырымды синтаксисі бар формальданған тілді осы тілдің формалары деп атайды; 2) формулаларды ұғынудың және олардың ақиқаттылығын анықтайтын айқын семантикасы болады; 3) формальдан- ған аксиомалар мен формальды қорытынды ережелерінен құрылатын есептеулер.

Бұл ережелер семантика мен үйлесімге келтіріледі, яғни дұрыс форма- ларға қолданғанда жаңадан дұрыс формула шығуға тиіс. Есептеу берілген қорытындыны және қорытылатын формулаларды анықтайды. 20 ғ-дың 70 жылдарында жартылай формальды жүйе жөніндегі идея дами бастады. Бұл жүйе де формальды жүйе сияқты, кейбір қорытынды жасау ережелерінің жүйесі болып табылады. Осы идея мен матем. Л-ның сатылап құру идеясын үйлестіру осы заманғы конструктивті математиканың бір құрылымына негіз болып отыр. Матем. Л. кибернетикамен тығыз байланысты, мәселен, матем. лингвистика және басқару жүйелерінің матем. теориясымен матем. Л-ның тілін машиналық математиканың жетілуіне байланысты жасалып отырған программалау теориясына толық қолдануға болатыны айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет