НЕОРЕАЛИЗМ, жаңареализм – ХІХ ғ-дың аяғы ХХ ғ-дың басында Еуропада қалыптасқан философиялық ағым. ХІХ ғ. соңындағы италиян әде- биетінің реалистік дәстүрлеріне сүйене отырған италиянның жазушылары мен кинематографистері өз шығармаларының бас кейіпкерлігіне әлеуметтік өмірдің реалды жағдайларында өмір сүрген қарапайым адамды соғыстың сұмдықтарына, соғыстан кейінгі қайыршылыққа және жұмыссыздыққа қар- сы тұрған қала мен ауыл адамын таңдады. Н-нің манифесті Р. Росселинийдің
«Рим-ашық қала» (1945), Дж.де Сантиса «Рим сағат онбір», Л. Висконтидің
«Рокко және оның ағалары», П. Джермийдің «Сицилия аспаны астында», В.де Сиканың «Велосипед ұрлаушылары» болып табылады. Н. әдебиетінде негізгі жанр «лирикалық құжат», яғни өз негізінде өмірбаяндық сәттерді көркем ой-қиялға ұластыра баяндау болды. Бұған мысал ретінде В. Пратолиний- дің «Квартал» және «Отбасы тарихы», К. Левийнің «Христос Эболиде тоқ- тады» романдарын, Э. де Фелипоның «Неаполь – миллионер» және «Ұзын сирақты өтірік» пьесаларын келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |