НИГИЛИЗМ (лат. nіhі – ештеңе) – мәдениет құндылықтарын, адам- гершілікті, мемлекетті жоққа шығару. Батыста филос. және этикалық Н.
«уақыты өткен дәуірді» терістеу ретінде көрініс табады. А. Шопенгауэр нигилистік сипаттағы дүниеге толғаусыз қатынастың буддалық теория- сын жасады. Ницше бұл теорияны өзінше қабылдап, Н-ді «барлық құнды- лықтарды қайта қарау» ретінде түсінуді ұсынды Ницше Н-ді христиан моралінің, гуманизмнің дағдарысы ретінде қарастырады М. Хайдеггер
«Құдай өлді, Ницше сөздері» (1950) еңбегінде, Ницше нигилизмді тарих
барысында жүзеге асқан үдеріс ретінде түсінеді – деп жазды. Ол бұл үдеріс- ті жоғары құндылықтардың құнсыздануы деп қарастырады. Құндылықтар идеологиясы кейіннен француз экзистенциалистерінің (Сартр, Камю) тұлғадан тыс моральдық императивтерден арылу идеяларында өз жалғасын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |