Нұржанов Бекет Ғалымжанұлы (1949 жылы т., Астана қ.) – философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. ҚазМУ-дың философия бөлімін (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да ассистент, доцент (1975–1987). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының (1987–1994, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті Алматы бөлімшесінде доцент, кафедра меңгерушісі. Қазақ экономика университетінде Гуманитарлық білім беру орталығының директоры (1994–1995) болды. 1995 жылдан бастап 13 жылдың бойы ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, кейін профессор қызметін атқарады. «Диалектика Гегела: Бытие и свобода» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Профессор Б. Нұржанов заманауи батыс философиясының, мәдениеттанудың ірі маманы ретінде, Ж. Бодриардың «Фатальные стратегии» еңбегін француз және ағылшын тілдерінен, Ж. Делездің, Ж.Ф. Лиотардың, Р. Жирардың, Ф. Джеймисонның еңбектері фрагменттерінің аудармашысы ретінде танымал болды. Оның басшылығымен кафедра жоғарғы сапалы мамандарды дайындаудың алғашқы ғылыми-танымдық орталығына айналды. 1997 жылы Б. Нұржановтың бастамасымен Қазақстанда тұңғыш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 24.00.01 – мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы ғалым дәрежесі табысталатын диссертациялық кеңес құрылды. Б.Ғ. Нұржанов «Мәдениеттану» және «Философия» секцияларының мүшесі болды, «Мәдение мұра» бағдарламасының аясында қазақ тіліне аударылған 10-томдық «Постмодернизм және мәдениет» басылымының 7-8 томдарының қосалқы авторы әрі құрастырушысы болды. Ол ұлттық идеялар мәселесіне көп көңіл бөлді, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық идея Қазақстанның 2007-2009 жылдары тұрақты дамуының негізі ретінде» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысты. Б.Ғ. Нұржанов елімізде танымал «Культурология в новом ключе» (Алматы, 2011); «Модерн. Постмодерн. Культура» (Алматы, 2012); «На пути к культуре мира» (Алматы, 2000) және т.б. монографиялардың авторы.
Достарыңызбен бөлісу: |