Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет424/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   571
Байланысты:
treatise187525

НИЦШЕ Фридрих (1844–1900) – неміс философы. «Өмір философия- сының» негізін салушы ретінде белгілі. Оның батыс мәдениетінің генезисі туралы концепциясы философиялық («Трагедияның музыка рухынан туы- ндауы», «Беймезгіл ойлар», «Заратустра осылай деді», «Антихристианшы» және т. б.) шығармаларында көрініс тапқан. Батыс мәдениетінің қайнар көзі
– Грекия антикасы (Сократқа дейінгі кезең) деп таниды. Өйткені адамның өмір сүруін қамтамасыз ету жолында пайда болған бірегей болмыс, интеллект пен қиял символдары Апполон мен Дионистің тең құқылығы тек осы шынайы мәдениетте мойындалған. Ол мәдениетті «өмірге құштарлық»,
«билікке құштарлық» ұстындарымен салыстырады. Батыс философиясы мен мәдениеті болмыс қасіретінен жоғарылап, өмірдің кемелдеу формаларын жасайтын және өз әрекеттері үшін өзі жауап бере алатын «асқақ адамның» тұлғасын жасайды. «Асқақ адам» – қуаты дионистік және апполондық екі бастаумен толыққан өнердің трагикалық дәуірдің туындысы. Батыс мәде- ниеті дионистік бастауды «ақыл», құдай құндылықтарымен, яғни асқан апполондықпен басу жолымен дами бастады. Адамдардың табиғи күйі христиандардың, Құдай фикциясы, ол жаңа заманда – интеллект фикциясы тұрғысынан бұзылды. Мұның өзі, философтың ойынша батыс мәдениетін
«Құдайдың өлуі» мен барлық құндылықтарды қайта бағалау туралы жар салған «еуропалық нигилизмге» айналған тұйыққа әкеліп тіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет