Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет425/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   571
Байланысты:
treatise187525

НОМАДОЛОГИЯ – қазіргі постструктурализмдегі жаңа бағыт. Бұл бағыттың қалыптасуы Ж. Делез бен Ф. Гваттаридің «Капитализм және шизофрения» (1972–80) атты еңбегіне байланысты. Н-ның басты ұста- нымдары осы жұмыстың екінші томында баяндалған. 1972 жылы шыққан бірінші томы Анти-Эдип деп аталған еді. Екінші томды қалыптастыру барысында Делез бен Гваттари оған кіріспе ретінде «Ризома» деген жеке кітапша шығарды. Ризома постмодернистік сананың бейнесі, ол – орталығы жоқ және кеңістікке жайылған ауа сияқты құрылым. Егер тереңде орнық- қан тамыр отырықшы мәдениетке тән болса, жер үстінде сусыған ризома көшпенділер мәдениетін бейнелейді. Себебі, көшпенділер кеңістікті бөл- мей, кеңістікте бөлінеді. Н-дың бір біріне қарсы қоятын екі ғылыми нұсқа- сы – компарс пен диспарс. Компарста ғылым объектісі өзгеріске түседі. Диспарс – көшпенділер ғылымының қағидасы – ешнәрсені өзгертпей, тұтас күйінде қабылдайды. Ол бір-біріне материя мен форманы емес, материал мен қуатты қарсы қояды. Көшпенді кеңістік үстінде көш түзейді, бірінші көштен екінші көшке іргерлейді. Бірақ бұл көштер алған бағытқа тәуелді, ал отырықшылар үшін белгілі орын өзіне деген бағыт қалыптастырады. Н. көне нұсқаның орнын ойлаудың жаңа нұсқасын қорғамайды, ол ойдың өзін көшпенді қылуға ықпал жасайтын әлеуметтік құрылымды көксейді. Мұндағы мәселе саясаттың көшпендіге тән ой еркіндігіне көтеріле алуында.


НООСФЕРА, ақыл-парасат сферасы – биосфера дамуындағы, адам- ның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең. Н. ұғымын ХХ ғ. 20 ж. француз философы, Э. Ле Руа енгізді. В. Вернадский- дің Ле Руа биосфера дамуындағы биохимиялық үдерістердің маңызын негізге ала отырып өз еңбектерінде биосфераның Н-ға эволюциялануын дамытты. Ол, заттың жандануы мен адами мағына алуын, «жерді» геоло- гиялық дамуының заңды кезеңдерге бөлу және адамның бұдан кейінгі эволюциясы ой мен рух шешуші маңыз алатын дәуірмен байланысты деп пайымдайды. Араға ондаған жыл салып Н. теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарденнің іс жүзіне бір кезде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция үдерісімен байланысты дегенді негізге алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентрациясымен, оның өз- өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде Н-ның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса жүре береді. Вернадскийдің пайымдауынша планета мен жер айналысы кеңістігінің жаңа қабаттарының қамти отырып саналы түзеуі, ал Шарден пікірінше Н-ның бұдан арғы эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Екі теорияның елеулі ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары да бар: Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы деп танып жоғары бағалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет