Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Дәріс.  Тақырыбы: Өтпелі экономикалық елдер



бет48/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
лекция

10. Дәріс.  Тақырыбы: Өтпелі экономикалық елдер.

Жоспары


1.Шығыс Еуропа елдері

2.Балтық маңы елдері.

3.Ресей федерациясы

Құрамы және тарихи-географиялық орналасу ерекшеліктері. Еуропа елдерін аймақтар бойынша топтастыру барысында қарастырлып отырған аумақ елдері шартты жағдайда Шығыс Еуропаға біріктіріледі. Бұл жерде олардың саяси-қоғамдық құрылысы мен экономикалық-әлеуметтік дамуының жалпы ортақ белгілері негізге алынды. Еуропаны шартты түрде батыс пен шығысқа бөлу Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Осы кезеңде Кеңес Одағының күш-куаты мен үгіт-насихатының арқасында, дүниежүзілік социалистік жүйенің қалай құрылып қалыптасқаны бізге тарихтан мәлім.Кеңестік саяси-қоғамдық ғылымдар бұл жүйені дүние жүзі елдерін топтастыруға іргетас етіп қалағанда, аталмыш ғылымдардың бір тармағы болып табылатын "экономикалық-әлеуметтік география" да елдерді осылайша топқа бөлді. Қазіргі бұл елдердің қоғамдық өмірінде болып жатқан саяси-әлеуметтік реформалар мен шаруашылық салаларының рынокқа өту кезеңін БҰҰ дүние жүзі елдерін топтастыру мәселесінде негізге алып, бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа елдерін "өтпелі экономикалы елдер" деп айрықша топқа бөліп отыр Кезінде ЖІӨ өндіру және энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқында дамыған бұл елдер социалистік жүйе ыдыраған кезенде (1980 жылы соңы мен 1990 жылдың басы) аса күшті тоқырауға ұшырады. 1990 жылдың ортасынан бастап бұл көрсеткіштер аталмыш топ мемлекеттерінде ілгерілеу үстінде, бірақ 1980 жылғы деңгейге жетуге көп елдердің мүмкіндіктері шамалы болып, оған әр түрлі ішкі және сыртқы факторлар әсерін тигізіл отыр.

Балтық маңы елдерінің көп жағдайда Солтүстік Еуропамен жалпы ортақ белгілері молырақ. Мысалы, эстондар мен финдердің діндері мен тілдерінің туыстық жақындығы, Латвия мен Литваның Дания немесе Оңтүстік Швециямен табиғаты және шаруашылығының ұксастығы, тіптен барлығының Балтық теңізі алабында орналасуы мен тарихи жағдайларының (кезінде Швеция құрамында болғандығы) сәйкестігі де бар. Осылайша бұларды топтастыру нәтижесінде бірыңғай Солтүстік Еуропа аймағы құрылады. Ал Шығыс Еуропаға келсек, ол шын мәніндегі өзінін тарихи-географиялық аумағын қамтуы тиіс. Оған қазіргі ТМД құрамындағы православие өркениетінің ядросы іспеттес шығыс славяндар мемлекеті — Беларусь, Украина және Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі жатқызылады. Мұның бәрі жалпы географиялық болжамға негізделген болашақ ісі. Бірақ қазіргі типологияда Еуропаны шартты түрдегі осынау бөлініске әкелген нақтылы өркениет немесе тарихи-географиялық факторлар емес, белгілі бір күштер нәтижесінде дүниеге келген саяси-қоғамдық құрылыс пен шаруашылықты жүргізу жүйесі болды.Табиғат ресурстары және халқы. Шетелдік Еуропаның жер аумағының 1/4-ін (1,3 млн м2) алып жатқанына қарамастан, құрамына ірілі-ұсақты 17 мемлекет кіретін бұл аймақ — табиғат ресурстарының алуан түрлілігімен және оның орналасуынын әркелкілігімен ерекшеленеді. Жалпы, шаруашылық салаларын дамытуға қолайлы агроклиматтық белдеулерде орналасуы құнарлы топырағы және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілуі сан-салалы ауыл шаруашылығын өрістетуге мүмкіндік береді. Отын-энергетика ресурстарынан тас көмір, қоңыр көмір, мұнай-газ, жанғыш тақтатас және су энергиясы ресурстарының біршама мол қоры кездеседі. Мұнда ірі мыс, боксит, хром, темір, никель, күкірт, калий тұзының, марганец, сынап пен сурьма , ас тұзының кен орындары бар. Сол сияқты Чехия мен Польшада мыс пен полиметалл, Словакия мен Венгрияда марганец пен уран кендерінің, Албания мен Македонияда асфальттың, алтын мен күмістің мол қоры, графит пен фосфорит кеніштері бар. Балтық бойы елдерінде теңіз жағалауларынан қазба шайырлар — кәрібтастар (янтарь) өндіру кәсібі өріс алған.

Халқының саны жағынан (130 млн адамнан астам) да ол Шетелдік Еуропаның 25%-ын, алады. Әсіресе халықтың өсуіне Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы мен соңғы экономикалық дағдарыстар салдары көп әсерін тигізуде. Демографиялық қолдау саясатының қарқынды жүргізілуіне (Чехия, Венгрия) қарамастан халық саны айтарлықтай (Албанияны қоспағанда) өспей, тіптен кему үстінде.

Көптеген елдер эмиграция ауданына (Польша, Балқан түбегі елдері) айналуда. Халықтың орналасу жиілігі де әркелкі. Халық біршама Польша, Чехия, Венгрияда тығыз қоныстанған, ал Балқан түбегі, әсіресе Балтық маңы елдерінде халықтың орташа тығыздығы әжептәуір төмен. Урбандалу дәрежесі жағынан Чехия, Латвия мен Литва халқының басым (70% астам) бөлігі қалаларда тұрады. Ал Балқан түбегіндегі елдерде халықтын жартысынан астамы село-ауыл халқы, әсіресе бұл көрсеткіш Албания, Македония мен Босния және Герцеговинада жоғары. Мұнда урбандалу процесі нәтижесінде ірі қалалар агломерацияларының (Будапешт, Силезия-Краков, Острава-Карвин) аудандары қалыптасты. Барлық шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы. Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуы, тарихи және табиғи факторлар нәтижесінде қалыптасты. Соңғы уакытқа дейін отын мен шикізат ресурстарының маңызы ерекше рөл атқарса да, олардың таралуы әркалай. Осы аймақтың оңтүстік бөлігіндегі отын өнеркәсібінің негізі тауаралық және шеткі иінділерде орналасқан мұнай-газ бассейндеріне байланысты. Әсіресе Румыния бұл салада аса көзге түседі, мұның энергия балансында мұнай мен газ 70%-ды алады. Кейінгі жылдары Румыния және бұл аймақтың басқа да елдері теңіз мұнай кен орындарын игеруге бет бұруда. Осылайша тек отын-энергетика өнеркәсібі саласында ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығында да табиғи-климаттық факторлар әсерлерінен солтүстігінде мал шаруашылығы, оңтүстігінде өсімдік шаруашылығы басымдық деңгейде, ал орталық бөлігі аралас дамыған.Көлік жүйесі сыртқы сауда қатынасы бағытының өзгерісіне байланысты, оның арасалмағы да өзгеріске ұшырауда. Су жолы көлігінің маңызы арта түсуде. Ішкі және аймақаралық байланыстарда автомобиль көлігі темір жолды ығыстыруда. ТМД елдерінен тартылған құбыр және электронды желілер өз маңызын сақтауда. Елдердің сыртқы экономикалық байланыстарында — Еуропа мен ТМД елдері басты орында. Қазақстанның осы аймақ елдерімен (Чехия, Венгрия, Хорватия, Словакия) арадағы сауда қатынасы біршама жандануда. Әсіресе осы аймақтың ең ірі елі Польшамен арадағы экономикалық байланыс едәуір жоғары денгейде. Ол Қазақстанның экспорт-импорт айналымында алғашқы ондық елдері қатарынан берік орын алған. Сонымен қатар осы елмен мәдени қатынастар жаңғыруда, бұл республикамыздың солтүстігінде тұратын біршама көп санды поляк диаспорасының өздерінің тарихи отандарымен жан-жақты байланысы түрғысында көрініс тауып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет