18
меңгере отыра, балалар адамның ішкі әлемінің тілде қалай бейнеленетіндігін,
адамның өз сезімін, болмысқа өзінің бағасын қалай көрсететіндігін де
интуитивтік түсінеді.
Төртінші заңдылық:
сөйлеудің нормасын
меңгеру баланың тілдік
сезімінің дамуына байланысты. Егер баланың бойында сөйлеу кезінде тілдік
белгілерді
қолдану
нормаларын,
яғни
олардың
тіркесімділігін
(синтагматика), өзара алмасу мүмкіндігін (парадигматика) және әртүрлі
жағдайда сөйлеу орындылығын (стилистика) еске сақтау қабілеті пайда
болған жағдайында ана тілі меңгеріледі. Адамның есте сақтау қабілеті әдеби
тілде үндестік, морфемалар, сөздер, сөз тіркестері ретінде дәстүрлі
қолданылуы тілдік сезім немесе тілдік сезгіштік деп аталады.
Баланың
бойында лексиканы меңгеру негізінде жатқан сезімнің қалайша дамуын
түсіну үшін оның туынды негізбен сөздердің мәнін меңгеруін қадағалау
қажет. А.Н. Гвоздев, М.А. Рыбникова баланың сөйлеуінде туынды сөздердің
пайда
болуын бақылай отыра, баланың ең алдымен жеке қосымшалардың
мәнін меңгеретіндігіне көз жеткізді. Мысалы, егер ол «өзінің» сөздерін
–
«тістегіш» (ит)
құрастырса, бұл оның
-
гіш жұрнағын жақсы түсінетіндігін
білдіреді. Осылайша, егер бала түбір мен қосымшалардың әрқайсысын мәнін
жекеше түсінсе, ол аталған морфемалардан құралған сөздердің мәнін бұрын
естімесе де қателіксіз түсіне алады. Әрине «білім» бұл
–
интуитивтік, ол
нақты және дұрыс емес те болуы мүмкін, алайда бұл ереже емес, тек
ерекшелік болып табылады. Адамның ана
тілінің лексикасын құрайтын
бірнеше мың сөздерді меңгеруін (есте сақтауын) жеңілдететін заңдылық
сөздер элементтерінің мәнін есте сақтау және оларды сөйлегенде дұрыс
қолдану қабілетінен құралады.
Сондай
-
ақ, бала синтаксисті көзге көрінер
күш жұмсамай меңгереді, ең алдымен
–
сөзді түрлендіретін морфемалар (зат
есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің жалғаулары және қалыптастырушы
жұрнақтар). Балаға ана тілдің мінсіз құрылымын сақтауға және оларды
сөйлегенде пайдалануға мүмкіндік беретін «жұмыс механизмі» ес
болып
табылады; ес
–
тілдік сезімді дамытудың негізгі құралы. Адам негізінен
мектеп жасына дейінгі өмір кезеңінде қалыпты сөйлегендегі ана тілдің
элементтерінің дәстүрлі қолдануын есте сақтауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: